Харди-Вайнберг заңы популяцияның генетикалық тұратылық жағдайларын сипаттайды. Бірнеше ұрпақтар аралығында генофонд өзгермейтін популяция мендельдік немесе панмиксиялық деп аталады. Шын мәнінде Харди-Вайнберг формуласы тұқым қуалаушылықтың мендельдік теориясы мен эволюцияның дарвиндік теориясының сәйкестілігін көрсетеді. Сондықтан мендельдік популяцияның генетикалық тұрақтылығы оның эволюция процесінен тысқары болуын сипаттайды, өйткені мұндай жағдайда табиғи сұрыпталудың т.б. эволюциялық факторлардың популяцияға әсері болмайды. Осыған байланысты мендельдік популяция деген аталымның тек таза теориялық мәні бар. Табиғатта мұндай популяция кездеспейді, өйткені гендер жиілігін өзгертетін үрдістердің популяцияға әсері әр кезде байқалады. Басқа жағынан эволюция деген терминнің өзін популяция гендері жиілігінің өзгеруі деп түсіну керек. Осыған орай популяцияның гендер жиілігі яғни оның генетикалық құрылымы әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін. Олар эволюцялық факторлар деп аталады. Эволюциялық факторлардың негізгі төрт түрі белгілі: мутациялық процесс, миграция, сұрыптау және гендер дрейфі. Қайсыбір популяцияның генефонды негізінен А1аллелімен құралған да, А2аллелінің жиілігі шамалы ғана делік. Осы бастапқы гендер жиілігі жоғарыда аталған төрт эволюциялық факторлардың әсерінен былайша өзгеруі мүмкін. Ең алдымен А1 аллелі А2аллеліне бір немесе бірнеше рет мутациялануы мүмкін нәтижесінде соңғы аллельдің жиілігі арта түседі. Бұдан басқа жағдайда А2аллелі бар дарабастар басқа популяциядан қоныс аударуы мүмкін. Мұндай миграция немесе гендер ағыны да қабылдаушы популяцияның гендер жиілігін күрт өзгертуі мүмкін. Популяциядағы А1және А2дарабастар өздерінің тіршілік қабілеттілігімен бір-бірінен айырмашылығы болуы мүмкін. Егер А2аллелі бар дарабастардың өміршеңдігі А, аллелі бар дарабастардан артық болса, онда осы геннің жиілігі келесі ұрпақта арта түседі, ал А, аллелінің жиілігі болса кемиді. Бұл арада біз табиғи сұрыпталудың әсерін көреміз. Ол - табиғи популяцияның гендер жиілігін реттейтін ең басты фактор.
Гендер дрейфінің әсері шағын популяцияда байқалады. Мұнда
А1 және А2 аллельдерінің өзгеруі кездейсоқ жүреді.
Еңді негізгі эволюциялық факторларға жеке тоқталамыз.
Мутациялық процесс. Ген мен хромосома мутациясы барлық генетикалық өзгергіштіктің жалғыз шығу көзі болғанымен олар өте сирек өтеді. Мутация - тым баяу процесс, сондықтан олар өздігінен популяцияның генетикалық құрылымын өте аз жылдамдықден өзгертеді. Мутация популяцияның эволюциялық өзгерісін қамтамасыз ететін жалғыз процесс болса, онда эволюция тым ұзақ уақытқа созылған болар еді.
Айтылған мәселені түсіну үшін қайсыбір локустың тек А1аллелі ғана бар дарабастардан құралған популяцияны карастырайық. А, аллелі А2аллелге тұрақты жиілікпен мутацияланады делік те, оның жиілігін u арқылы белгілейік. А1аллелінің бастапқы жиіліп p=0-ге тең болса, онда А2аллелінің келесі ұрпақтағы жиілігі болар еді: q1 = u x p0 Егер 10000000 гамета болып, оның әрқайсысында А1аллелі болса және оның А2аллеліне өзгеруінің жиілігі u = 10-4(0,0001)-не тең болса, онда А2аллелінің жиілігі мынадай болар еді:
p0 = 1 (барлық аллельдер A1); q1 = u x р0 = 1 x 10-4=0,0001;
ал, А1 аллелінің жаңа жиілігі
р1= р0-(u x p0 ) = 1 - 0,0001 = 0,9999
Бір ұрпақ аралығындағы 999 900 гаметада А1аллелі, ал 100 гаметада А2аллелі болады. Енді кері мутацияның әсерін есепке алып, есептеуге түзету енгізу керек. Кері мутацияның – А2-нің А,-ге қайтадан өзгеру жиілігін v арқылы белгілейміз. А, мен А2-нін бастапқы жиілігі: р0және q0