ОқУ ҚҰралы өскемен 2012 ж


Келесі түйінді сөздер мен ұғымдардың мағынасын ашыңыз



бет45/53
Дата15.11.2023
өлшемі1,79 Mb.
#123007
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53
Байланысты:
Бурунбетова генетика 2

Келесі түйінді сөздер мен ұғымдардың мағынасын ашыңыз: адам қан топтары, қан топтарының тұқым қуалауы, адам қанының резусы, донор, рецепиент.


Бақылау сұрақтары:

  1. Адам қан топтарының тұқым қуалауын кім ашты?

  2. Адам қан топтарының тұқым қуалауын қашан ашылды?

  3. Қан топтарын қандай ген бақылайды?

  4. Қан қандай резустары бар?

  5. Қан топтарының тұқым қуалауын білудің тәжірибелік маңызы неде?

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Бегімқұл Б. Молекулалық генетика негіздері: оқу құралы/ Б.Бегімқұл. – Астана: Фолиант, 2009. – 331 б.
2.Бегімқұл Б. Медициналық генетика негіздері: оқу құралы/ Б.Бегімқұл, С.Төлегенов. – Астана: Фолиант, 2008. - 331 б.
3.Берсімбаев Р.І. Генетика: оқу құралы: І бөлім. / Р.І.Берсімбаев, К.Қ.Мұхамбетжанов. - Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 167 б.
4.Инге-Вечтомов С.Г. Генетика с основами селекции: учебник/ С.Г.Инге-Вечтомов. - М.: Высшая школа, 1989. – 591 c.
5.Лобашев М.Е. Генетика: учебное пособие/ М.Е.Лобашев. - ЛГУ, 1967. –746 c.
6.Стамбеков С.Ж. Генетика: оқу құралы/ С.Ж.Стамбеков. Алматы: Ана тілі,1993. - 448 б.


13 Популяциялық генетика
Популяциялық генетика — тұқым қуалаушылық құбылысын топ дарабастарында яғни популяцияда зертейтін генетиканың бөлімі. Генетик - популяционистер популяцияның генетикалық құрылымын және осы құрылымның ұрпақтан ұрпаққа өзгеруін зерттейді.
Эволюция процесін зерттегенде, біз популяцияда жүретін генетикалық үрдістерді қарастырамыз. Генетикалық тұрғыдан эволюция дегеніміз - белгілі популяциядағы гендер жиілігінің өзгеруі. Сондықтан да популяциялық генетиканы эволюциялық генетиканың бір бөлігі ретінде де қарауға болады. Бірақ популяциялар генетикасының зерттеу тақырыбы нақты түрдің популяциялары болса, ал эволюциялық генетиканың тақырыбы болып бір немесе әр алуан түрлерге жататын кез келген популяция саналады.
Жеке алынған дарабас эволюциялық үрдістің бірлігі бола алмайды, себебі оның генотипі өмір бойы өзгермейді және де оның өмір сүру уақыты шектелген. Сонымен эволюциялық үрдістің қарапайым бірлігінің негізін жеке ағза емес популяция құрайды. Популяция дегеніміз белгілі ареалды мекендейтін, өзара еркін будандаса алу қабілеті бар бір түр ішіндегі ағзалар тобы болып саналады. Популяциялар үздіксіз ұрпақтардың қатары. Бұдан басқа, популяцияның генетикалық құрылымы өзгеруі мүмкін, яғни ұрпақтан ұрпакқа эволюция жолымен дами алады.
Мал шаруашылығында популяция деп белгілі санымен және нақты ареалда таралумен сипатталатын мал тобын түсінеді. Мұндай популяция басқа популяциялардан генетикалық құрылымымен, өнімділік сапасымен тағы басқа белгілерімен айырмашылығы бар. Шаруашылық сол тұқыммен ғана айналысатын болса популяция малдың белгілі бір тұқымынан ғана құралуы мүмкін, сонымен қатар популяцияның құрамына әр түрлі тұқымдар кіруі де мүмкін. Әдетте популяция - тұйықталған топ, себебі малды басқа популяциядан шеттен әкелу және шетке шығару шектелген, өйткені көпшілік жағдайда популяциядағы малдардың көбеюі, сол популяциядағы аналық және аталық малды жұптау арқылы іске асады. Белгілі бір популяцияның басқа популяциядан генетикалық құрамы бойынша айырмашылығы болады. Белгілі популяцияға дарабастардың барлық гендерінің жиынтығы генофонд деп а талады.
Популяциялардың қалыптасуы эволюциялық негізі үш фактор - тұқым қуалаушылық, өзгергіштік және сұрыптау арқылы іске асады. Популяцияның қалыптасуы кезінде пайда болатын эволюциялық өзгерістер микроэволюция деп аталады.
Популяциялардың екі түрін ажыратады: табиғи және жасанды. Табиғи популяцияның генетикалық құрамы негізінен табиғи сұрыпталудың нәтижесінде анықталса, ал жасанды популяцияның қалыптасуы адам арқылы жүретін қолдан сұрыптау арқылы іске асады. Осыған байланысты ауыл шаруашылығында өсірілетін малдар тұқымын алуан түрлі жасанды популяциялар ретінде қарауға болады.
Генетикалық құрылымы жағынан популяцияға қарама-қарсы түсінік - таза линия. Өздігінен тозаңданатын жеке өсімдіктің ұрпақтары таза линия болып саналады. Мұндай будандастырудан алынған дарабастар бір-бірімен генетикалық құрамы жағынан айырмашылығы жоқ болады деп санауға болады, өйткені олар популяцияға қарағанда толық гомозиготалық генотиппен сипатталады. Мал өсіруде таза линия алу қиын, себебі ұрпақтың гомозиготалық дәрежесін жоғарылататын туыс малдарды шағылыстыру инбредті депрессияға соқтырады. Сондықтан мал шаруашылығы тәжірибесінде таза линия алуға тырыспайды, мал тұқымын асылдандыру әр уақытта популяцияда жүреді. Ал зертханалық жануарлардың (тышқан, егеуқүйрық т.б.) жоғары гомозиготалы линияларын алудың генетикалық тәжірибелер үшін маңызы зор. Мысалы, жаңадан алынған вакциналардың, мутагендердің және т.б. препараттардың ағзаға әсерін генетикалық біркелкі дарабастарға (линияларға) енгізу арқылы анықтау өте ыңғайлы.
Сонымен популяциялық генетика тұқым қуалаушылықтың кәдімгі механизмімен айналыспайды, бірақ ол, осы механизмнің популяцияның эволюциясында атқаратын рөлін, Мендель заңдарының популяция деңгейінде іске асуын және қарапайым эволюциялық факторлардың популяцияның генетикалық құрылымына әсерін зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет