ОқУ ҚҰралы өскемен 2012 ж



бет5/53
Дата15.11.2023
өлшемі1,79 Mb.
#123007
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
Бурунбетова генетика 2

2.1 Митоз

Бөлінуге кіріскен кез келген жасуша бірқатар өзгерістерге ұшырайды, сол өзгерістерден жасушалық цикл құралады. Жасушалық цикл төрт кезеңнен тұрады: синтезге дейінгі (G), ДНҚ синтезі (S), синтезден кейінгі (G) және митоз (М).


Көпшілік ағзалар үшін жасушалық циклдің ұзақтығы 10-нан 50 сағатқа дейін болады. Митоздың дәл өзі жасушалық циклдің 1/7 – 1/10 бөлігінен аспайтын уақытта өтеді. Мысалы, сүтқоректілерде М-1,0 – 1,5 сағатқа, G – 8-12 сағатқа, G – 2 – 5 сағатқа, S – 6-10 сағатқа созылады.
Көп жасушалы ағзалардың бәрінде де митоздық бөліну жүреді. Митоз ядроның өзінің бөлінуі – кариокинезден және цитоплазманың бөлінуі – цитокинезден тұрады. Жасуша бөлінулерінің арасындағы кезең интерфаза деп аталады. Интерфаза мен митоз жасушалық циклді құрайды. Митоз барысында жасуша бірқатар өзгерістерге ұшырайды, ол өзгерістер бірнеше фазаларға бөлінеді: профаза, метафаза, анафаза және телофаза (1cурет).

1-сурет - Митоз. 1-профаза, 2, 3-прометафаза, 4-метафаза, 5-анафаза, 6,7-телофаза, 8 – жаңа жас жасушалар

Жасуша бөлінбей тұрған кезде, яғни интерфазада, метоболиттік үдерістер белсенді түрде жүреді. Соның негізінде жасушаның өсуі мен оның келесі бөлінуіне қажетті әр түрлі заттар синтезделеді.


Интерфазаның G – кезеңінде жасуша тіршілігі үшін аса қажетті заттар – нуклеотидтер, аминқышқылдары, ферменттер т.б. синтезделеді. Бұл ең ұзақ кезең, сонан соң ДНҚ синтезі жүретін - S - кезеңі келеді. Жасушадағы ДНҚ мөлшері екі есе артады. Осы уақыт ішінде басқа да заттар- РНҚ және белоктар синтезделеді. Синтезден кейінгі G – кезеңінде РНҚ және басқа да заттар синтезделе береді (2-сурет). Бұл кезеңде жасуша келесі митозға қажетті энергия жинақтайды. Осы кезеңде ДНҚ-ның жаңадан түзілген тізбектерінің негізінде, жасушада әр хромосоманың екі еселенуі басталады. Интерфаза негізінде хромосомалар белсенді түрде қызмет жасайды, және микроскоппен қарағанда олар көрінбейді. Митоздың профазасында хромосомалар ширатылады, қысқарады және жуандайды. Сондықтан олар осы кезеңде бір центромера арқылы біріккен екі хроматидтен тұратын құрылым ретінде көрінеді. Хроматидтер интерфазадағы хромосомалардың екі еселену үдерісінде пайда болады. Профазаның соңына қарай ядрошықтар жойылады, ядролық мембрана ериді, сөйтіп хромосомалар цитоплазмада жатқандай болып шығады. Жасушада бөлінудің арнайы механизмі болады. Профазаның басында хромосомалар бүкіл ядро бойынша біркелкі таралады, ал профазаның соңында ядролық мембранаға жақындайды. Жіпшелердің күшті ширатылуына байланысты хромосомардың ұзындығы біршама қысқарады.
Ядролық мембрана еріген соң хромосомалар экватор бағытына қарай жылжиды. Митоздың бұл стадиясы прометафаза деп аталады. Хромосомалардың жылжуы центромера учаскелеріне бекіген ахроматин жіпшелері (ұршық тәрізді) арқылы жүзеге асады. Барлық хромосомалардың центромералары экватор жазықтығына жеткен кезде, жасуша метафаза стадиясына көшеді. Егер осы стадиядағы жасушаны микроскоппен қараса, онда барлық хромосомалардың бір жазықтықта орналасқандығын және экваторлық немесе метафазалық пластинка деп аталатын құрылым түзілетінін жақсы көруге болады. Осы стадиядағы хромосомалрдың санын есептеу, олардың құрылымын зерттеу және мөлшерін анықтау жұмыстары оңай жүргізіледі. Метафазада байқалатын хромосомардың саны мен пішіні түрдің кариотипін сипаттайды.
Митоздың келесі фазасы – анафаза бұл центромера учаскесінің бөлінуімен сипатталады. Осы бөлінудің нәтижесінде хромотидтер хромосомаларға айналады. Екі полюстерден келетін ұршық тәріздес жіпшелер хромомсомаларды қарама-қарсы полюстерге тарта бастайды. Жасушаның профазасында қанша хромосома болса, анафазаның соңында әр полюстерде сонша хромосомадан болады.
Телофаза – митоздың ақырғы стадиясы бұл хромосомалардың полюстерге толық ажырауымен бітеді. Профазада болатын барлық процестер телофазада да қайталанады, бірақ олар керісінше жүреді, яғни ядролық мембрана түзіледі, ядрошықтар пайда болады, хромосомалар тарқатылады (деспирализация) және олар жіңішкеріп ұзара түседі. Микроскоппен қарағанда қайтадан тек тор құрылым көрінеді. Осымен ядроның бөлінуі – кариокинез аяқталады. Осы уақытта цитоплазманың бөлінуі – цитокинез де қоса жүреді. Жануарлар жасушаларында, олардың ортасында, шетінен орталығына қарай тартылу пайда болады да, біртіндеп жасушаны екіге бөледі. Өсімдіктер жасушаларында керісінше, жасуша қабығы фрагмопласт элементтері есебінен пайда болады да орталықтан шетке қарай бөліну үрдісі жүреді. Митоздың нәтижесінде бір жасушадан ұсақ хромосомалары бар екі жас жасуша пайда болады. Сонымен, митоз ағзадағы сабақтастылықты және хромомсомалар жиынтығы мен оның санының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Митоздың негізгі стадияларының кей ағзаларда өзгеше жүруі мүмкін. Мысалы, сахаромицет саңырауқұлақтарында барлық митоз процесі ядролық мембрана ішінде өтеді. Жалпы жасушалық цикл мен митоздық бөлінудің генетикалық бақылауда болады. Гендер ДНҚ репликациясының, цитокинездің, хромосома жіпшелерінің ширатылуымен тарқатылуының тағы басқаларының жүзеге асуына бақылау жасайды.



Митоз және цитокинез жасушаның бөлінуі




Бөлінбейтін жасушалар
Go фазасына енеді


Бөлінуге
дайындық


Интерфаза-
жасушаның
өсуі


ДНҚ дупликациясы


Митозға дайындық

Жасушаның бөліне бастауы

бөліну

2-сурет - Жасушаның тіршілік циклі






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет