ОқУ ҚҰралы өскемен 2012 ж


Келесі түйінді сөздер мен ұғымдардың мағынасын ашыңыз



бет4/53
Дата15.11.2023
өлшемі1,79 Mb.
#123007
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
Бурунбетова генетика 2

Келесі түйінді сөздер мен ұғымдардың мағынасын ашыңыз: гентика, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, ген, гентикалық талдау, гибридологиялық талдау.


Бақылау сұрақтары:

  1. Генетика пәні жайлы мағлұмат беріңіз.

  2. Генетиканың негізгі мақсаттары қандай?

  3. Генетиканың міндеттерін атаңыз.

  4. Генетиканың даму тарихына қысқаша сипаттама беріңіз.

  5. Генетиканың негізгі зерттеу әдістері мен тәсілдері қандай?



Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Бегімқұл Б. Молекулалық генетика негіздері: оқу құралы/ Б.Бегімқұл. – Астана: Фолиант, 2009. – 331 б.

  2. Бегімқұл Б. Медициналық генетика негіздері: оқу құралы/ Б.Бегімқұл, С.Төлегенов. – Астана: Фолиант, 2008. - 331 б.

  3. Берсімбаев Р.І. Генетика: оқу құралы: І бөлім. / Р.І.Берсімбаев, К.Қ.Мұхамбетжанов. - Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 167 б.

  4. Инге-Вечтомов С.Г. Генетика с основами селекции: учебник/ С.Г.Инге-Вечтомов. - М.: Высшая школа, 1989. – 591 c.

  5. Лобашев М.Е. Генетика: учебное пособие/ М.Е.Лобашев. - ЛГУ, 1967. – 746 c.

2 Тұқым қуалаудың цитологиялық негізі

Жасуша – тіршіліктің негізі, яғни ол тірі материяның құрылымды – функционалдық байланысының универсалды бірлігі болып табылады. Ағылшын ғалымы Роберт Гук 1665 жылы алғаш рет өзі ойлап тапқан микроскоп арқылы тоздың (пробка) жұқа кесіндісінен ұсақ ұяшықтар көрді, сондықтан осы жылды жасушаны зерттеудің бастамасы деп қарауға болды. Ол тоз құрылысының бірдей емес екендігін, оның торшаларға ұқсас өте ұсақ қуыстардан тұратындығын анықтады және сол қуыстарды жасушалар (клетка – латын тілінен .... - ұя, үйшік, тор деген мағанадағы сөз) деп атады. Микроскоптардың жетілдірілуіне сәйкес өсімдіктер мен жауарлар ағзаларының жасушалық құрылысы туралы жаңа мәліметтер жинақталды. 1839 жылы Чехословакия ғалымы Пуркинье жасуша ішіндегі тірі бөлшектерді айқындау үшін цитоплазма деген атауды енгізді. Шамамен сол жылдары немістің екі ғалымы – ботаник М.Шлейден мен зоолог Т.Шванн жасуша туралы жалпы өздерінің шолуларын жасады, ол шолулар кейінірек жасушалық теория (клеткалық теория) деп аталды. Жасушалық теория бойынша барлық жануарлар мен өсімдіктердің денесі жасушалардан тұрады, жасуша – тіршіліктің негізгі бірлігі. 1855 жылы неміс биологы Рудольф Вирхов бірінші рет жаңа жасушалар тек қана өзіне дейінгі жасушалардың бөлінуі нәтижесінде пайда бола алады деген пікір айтты. Жасушалық теория ХІХ ғасырдағы ең ірі ғылыми жаңалықтардың бірі болып табылады. Сонымен қатар ол тірі табиғаттың бәріне ортақ және олардың шығу тегі мен эволюциялық дамуының бір тұтастығын туралы түсінігіміздің негізі болып табылады. Жасушалық теория ұғымына тек жасушаның құрылымдық бірлігі ғана емес, функциялық бірлігі де кіреді. Жасушада тірі ағзаларға тән барлық ерекшеліктер болады. Жасушалық теория жалпы биологиялық мәні бар тұжырымды теориялардың бірі болып есептеледі. Өсімдіктер мен жануарлардың сан алуан жасушалары, тіпті бір ағзаның әртүрлі мүшелерінің жасушаларының өздерінің көлемдері, пішіндері, ішкі құрылыстары жөнінен бірінен-бірі өзгеше болып келеді, бірақ ол жасушалардың бәрінің де бірқатар жалпы ерекшеліктері де бар. Жасушаларды зерттеу үшін жарық микроскоптарының көмегімен көруге болатын тұрақты немесе уақытша препараттар пайдаланылады.


Мұндағы жасушалар немесе олардың ұсақ құрылымдары арнаулы бояулармен боялады немесе олар боялмаған күйінде зерттеледі. Жасушалардың өте ұсақ құрылымдарын зерттеу үшін электрондық микроскоп пайдаланылады.
Жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар жасушаларының жалпы құрылысы негізінен бірдей.
Жасуша құрылысының жинақы сызбанұсқасында құрамында хромосомалары бар ядросы және ішінде өзін-өзі ұдайы өндіретін органоидтары - митохондриялары мен хлоропластары (өсімдіктерде) бар цитоплазмасы болатыны көрсетіледі.
Олардан басқа, эукариоттар цитоплазмасында әр уақытта тұрақты түрде болатын, бірақ өзін-өзі өндіруге қаблетсіз органоидтарда болады. Оларға Гольджи аппараты, вакуольдар, лизосомолар жатады. Бактериялардың (прокариоттардың) басқаша типте құрылған. Оларда қалыптасқан жасушалық ядро болмайды. Ядроның орнына эукариоттар жасушасының ядросына ұқсас – нуклеотидтары болады. Әр жасуша жасушалық мембранамен қоршалған. Жасушалық мембрана цитоплазманы қоршап тұрады және жасушаның ішіндегі зат алмасуының реттелуінде аса маңызды роль атқаратын жасушаның функционалды бөлігі болып табылады. Жасушаға түсетін барлық қоректік заттар мен жасушадан шығарылатын бүкіл қалдықтар немесе секреция өнімдері осы мембрана арқалы өтеді.
Тыныштықта тұрған жасушалардан екі қабат ядролық мембранамен қоршалған сфералық ядроны ажыратуға болады. Ядро көбіне жасушаның ортасында орналасады. Бірақ кейбір жасушаларда ол еркін орын ауыстыра алады және жасушаның кез келген бөлігінде орналаса алады. Ядро жасушада өте маңызды роль атқарады, ол жасуша қызметінің белсенділігіне бағыт береді. Бөлінуі басталмаған жасушаның ядросы микроскоппен қарағанда біркелкі сияқты болып көрінеді. Ондай ядродан қабықшаны, бір немесе бірнеше ірірек денешіктерді яғни – ядрошықтары, кейде тағыда бір ұсақ гранулаларды байқауға болады. Бірақ бөлінуге кіріспеген кейбір ядролардан недәуір үлкен құрылымдар – хромосомаларды да табуға болады. Хромосомалар - құрамында тұқым қуалау бірліктері немесе гендері бар таяқша тәріздес денешіктер. Жасушалардың бөлінулері аралығында хромосомалар ұзын, өте нәзік хроматин жіпшелеріне айналады. Оларды тек электронды микроскоппен ғана көруге болады. Ядрошықтардың ішінде рибосомалар түзіледі. Жасушаның бөлінуге дайындалуы кезінде ядрошықтар жойылады да кейіннен қайта пайда болады.
Хромосомарлың құрамындағы ДНҚ арқылы ядро жасушаның дамуы мен оның тіршілік әрекеттерін басқаруда маңызды қызмет атқарады.
Ядрода тек белгілі бір жасушаның белгілері мен қасиеттерінің немесе ол жасушаның ішінде жүретін тіршілік үдерістерінің (мысалы, ақуыздың синтезделуі) ғана емес, сол сияқты ағзаның барлық белгілері туралы да тұқым қуалау ақпараты сақталады. Ақпарат – хромосомалардың құрамына кіретін оның ең маңызды бөлігі – ДНҚ молекулаларына жазылады.
Жасуша тыныштық күйде тұрғанда (яғни, жасушалардың екі бөлінулері аралығындағы кезең) хроматиндер ядрода шашырап жатады. Жасушаның бөлінуге дайындалу үрдерісінде хроматин жинақталып тығыздалады, сөйтіп, хромосомалар түзіледі, содан соң пайда болған хромосомалар бөлінген екі жаңа жасушаға бірдей тарайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет