ОқУ ҚҰралы өскемен 2012 ж


Қолданылған әдебиеттер тізімі



бет10/53
Дата15.11.2023
өлшемі1,79 Mb.
#123007
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Бегімқұл, Б. Молекулалық генетика негіздері: оқу құралы/ Б.Бегімқұл. – Астана: Фолиант, 2009. – 331 б.

  2. Бегімқұл, Б. Медициналық генетика негіздері: оқу құралы/ Б.Бегімқұл, С.Төлегенов. – Астана: Фолиант, 2008. - 331 б.

  3. Берсімбаев, Р.І. Генетика: оқу құралы: І бөлім. / Р.І.Берсімбаев, К.Қ.Мұхамбетжанов. - Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 167 б.

  4. Инге-Вечтомов, С.Г. Генетика с основами селекции: учебник/ С.Г.Инге-Вечтомов. - М.: Высшая школа, 1989. – 591 c.



3 Гаметогенез. Жануарлар мен өсімдіктердің жыныс жасушаларының түзілуі

Сомалық жасушалардағы екі еселенген диплоидты хромосомалар санымен салыстырғанда, жетілген жыныс жасушаларда – гаметаларда олардың гаплоидты саны болады. Аталық және аналық жыныс жасушаларының ұрықтануы нәтижесінде жұмыртқа жасушасы хромосомалардың толық жиынтығын алады, олардың бір жартысы (шығу тегі бойынша) – аналық жасушаның хромосомалары да, екінші жартысы – аталық жасушаның хромосомалары. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасының бірінші бөлінуінің өзінде-ақ әр хромосоманың екі еселенуі жүреді. Келесі бөлінулер де дәл осылай болады. Сонымен дамушы ағзаның барлық жасушаларында екі еселенген хромосомалар саны сақталады. Тіпті кейінірек гаплоидты хромосомалары бар жетілген жыныс жасушалары - гаметалар дамитын алғашқы жыныс жасушаларында да хромосомалар саны дәл осылай диплоидты болады. Хромосомалар санының азаюы жыныс жасушаларының жетілу үдерісі – оогенезде (жұмыртқа жасушасының жетілу үдерісі) және сперматогенезде (спераматазоидтың жетілу үдерісі) жүреді (5 сурет).


Эмбрионалдық ұрық жасушасының бірнеше есе бөлінуі нәтижесінде одан сомалық та, сол сияқты алғашқы жыныс жасушалары да пайда бола алады. Алғашқы жыныс жасушалары басында едәуір интенсивті түрде көбейеді, және сперматоогоний мен оогониийдің гоонийдийлік жасушаларын түзеді. Бұл кезеңді жыныс жасушаларының көбею кезеңі деп атайды және бұл көбею кәдімгі митоздық жолмен жүреді. Одан соң бөліну тоқталады, жасушалардың көлемдері ұлғаяды. Жасуша дамуының бұл кезеңін өсу кезеңі деп атайды.
Өскен аталық жасушаларды бірінші қатардың сперматоциттері (І-ші сперматоцит), ал аналық жасушаларды бірінші қатардың ооциттері (І-ші ооцит) деп атайды. Онан әрі аталық және аналық жыныс жасушаларының түзілуінде мүлде өзгешелік болмайды.
Бірінші сперматоциттерде хромосомалардың диплоидты жиынтығы болады. Онан соң І-ші сперматоциттер жетілу фазасына кіріседі және екінші қатардың сперматоциттік (ІІ-ші сперматоцит) екі бөлінуі жүреді. Екінші сперматоциттердің хромосомалар саны тіпті екі есе кем гаплоидты жиынтық болып шығады. Екінші сперматоциттер тағы да бөлінеді, нәтижесінде әрқайсысында гаплоидты хромосомалар жиынтығы бар екі сперматоциттер пайда болады. Сонымен, мейоздық екі бөлінудің нәтижесінде бірінші сперматоциттердің әрқайсысында төрт гаплоидты сперматоциттер пайда болады.
Сперматидтердің онан әрі сперматозоидтарға айналу үрдерісін спермиогенез деп атайды.
Сперматогенезде өткен фазалар, негізінде оогенезде де жүреді, бірақ бір шама өзгешеліктері болады. Мысалы, І-ші сперматоциттен айырмашылығы І-ші ооциттің өсу стадиясы айқын көрінеді. І-ші ооциттің көлемдері екі жасушаға бірдей емес: бір үлкен (екінші ооцит) – келешек жұмыртқа жасушаға және бір кіші – бірінші редукциялық немесе полярлы денешікке бөлінеді.

5 – сурет – Сперматогенез және оогенез

Бұл бөлінуде хромосомалар санының редукциясы жүреді, және түзілген екі ооцитте де гаплоидты жиынтық болады. Сонан соң екінші бөліну жүреді: нәтижесінде іріректеу жұмыртқа жасушасы және екінші редукциялық денешік пайда болады. Бірінші редукциялық денешік те екі жасушаға бөлінеді. Оогенез нәтижесінде бірінші ооциттен жетілген бір жұмыртқа жасушасы және аналық гаметалардың функциясын атқаруға жарамсыз үш редукциялық денешіктер пайда болады да, соңында олар өліп қалады. Сонымен, аталған өзгешеліктерге қарамастан сперматогенез бен оогенез процестерінде өте ұқсастықтар байқалады. Бұлардың ең бастысы хромосомалар санының екі есе кемуі.


Жоғары сатыдағы өсімдіктердің мейозы үдерісі кезінде пайда болатын аталық және аналық жыныс жасушаларын микроспоралар және мегаспоролар деп атайды. Жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктердегі тозаң түтігі, сол сияқты тұқым бүрінің ұрық қалтасы жыныс жасушалары емес, қатты редукцияға ұшыраған гаметофит болып табылады. Жануарлардағы жыныс жасушаларына өсімдіктердің ұрық қалтасындағы жұмыртқа жасушасы және тозаң түтігіндегі генеративтік ядро сәйкес келеді. Бұл жағдайда хромосомалардың редукциясы тұқым бүріндегі аналық гаметофиттердің және тозаңдықтағы аталық гаметофиттердің пайда болуы кезінде өтеді.
Сонымен гаметофиттік ұрпақ гаплоидты болып шығады. Нәтижесінде өсімдіктердің жыныс жасушаларында хромосомалардың тек жартысы ғана, яғни гаплоидты жиынтығы болады. Ұрықтану процесінде гаметалардың қосылуынан зигота түзіледі де, ол бөлшектеніп одан әрі қарай дамиды. Өімдіктер мен жануарлардың жынысты және жыныссыз көбею үдерісі кезінде жасушаның бөлінуі, жыныс жасушаларының дамуы және ұрықтануы ұрпақтар арасындағы материалдық жалғастықты қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет