ОқУ ҚҰралы өскемен 2012 ж


Моногибридті будандастыру



бет12/53
Дата15.11.2023
өлшемі1,79 Mb.
#123007
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53
4.1 Моногибридті будандастыру

Мендель тәжірибелері үшін альтернативті белгілері бойынша ажыратылатын бұршақтың әртүрлі сорттарын таңдап алды.



3 - кесте – Г.Мендель тәжірибелерінде қолданған ас бұршақ өсімдігінің белгілері




Белгілер

Альтернативті белгілер

доминатты

рецессивті

1

Тұқым пішіндері

Тегіс

Бұдыр

2

Тұқым түсі

Сары

Жасыл

3

Тұқым қабығының түсі мен гүлінің түсі

Сұр

Ақ

4

Жетілген бұршақ пішіні

Тегіс

Ойықты

5

Жетілмеген бұршақ пішіні

Жасыл

Сары

6

Өсімдік биіктігі

Биік

Аласа

Альтернативті немесе қарама-қарсы бір жұп белгілері бойынша ажыратуға болатын ата-аналық формалар будандастырылса, оны моногибридті будандастыру деп атайды. Аналық өсімдік ретінде қандай сорттың пайдаланылғанына қарамастан, будандасудан алынған F1 будандарында альтернативті жұп белгінің тек біреуі ғана көрініс береді бұл құбылыс Мендельдің бірінші заңы немесе бірінші ұрпақтың будандарының біркелкілік заңы деп аталынады. Бұл заңды доминанттылық ережесі деп те атайды. Бұл барлық өсімдіктерге, жануарларға, адамға да тән жалпы құбылыс.




Егер бұршақ өсімдіктерінің бірінші будан ұрпағы F1 өздігінен тозаңданса, онда олардың екінші F2-де екі ата-анасының да белгілері көрінетін болады. Мысалы, бұршақтың сары және жасыл тұқым жарнақтары бар түрлерін будандастырудан алынған бірінші ұрпақтың түсі сары болады. Ал осы F1 будандарын өздігінен тозаңданудан алынған F2 ұрпағында сары және жасыл тұқымдары бар өсімдіктер пайда болады. Яғни бірінші будан ұрпақта көрінбеген белгілер (жасыл түс) екінші ұрпақта көрінеді. Доминантты және рецессивті белгілер F2 ұрпағында белгілі бір сандық ара қатынаста болады. Мендельдің тәжірибесінде F1-де алынған 258 өсімдіктің өздігінен тозаңдануынан F2-де 8023 тұқым алынды. Осы тұқымдардың ¾ бөлігі (яғни 6022) сары ал ¼ бөлігі (яғни 2001) жасыл түсті болып шыққан. Сонымен F2-де алынған доминантты және рецессивті белгілері бар тұқымдардың сандық ара қатынасы 3:1 болды. Бұл жұп белгілердің осындай арақатынаста ажырауы Мендельдің екіші заңы немесе ажырау заңы деп аталынады.



Жүргізген зерттеулеріне талдау жасаудың негізінде Мендель келесідей қорытынды жасады: рецессивті бастамалар гетерозиготалы ағзада жоғалмайды, өзгеріске ұшырамайды және көбею кезінде дәл сондай рецесивті бастамалармен кездескен кезде, яғни келесі ұрпақтарда қайтадан көрінеді. Мендельдің осы гипотезасын У.Бэтсон (1902 ж.) гаметалардың тазалық ережесі ретінде генетика ғылымына енгізді. Бұл ереже бойынша ажырау құбылысының негізінде доминантты және рецессивті бастамалардың гетерозиготалық ағзада бірімен бірі араласып кетпей, гаметалар түзген кезде таза күйінде ажырайтындығы жатыр.
Әр түрлі типті гаметалардың өзара қосылу мүмкіндіктерін есептеп шығаруды жеңілдету үшін ашылған генетигі Р.Пеннет ұсынған тор жасалынады. Пеннет торында аталық гаметалар горизонталь бағытта, аналық гаметалар вертикаль бағытта жазылады.

Тордың ішінде гаметалардың үйлесімдері орналастырылады ол үйлесімдер ағзалардың генотиптерін көрсетеді. Мысалы, гомозиготалы АА немесе гетерозиготалы Аа өсімдіктер тұқымдарының беті тегіс болғанымен олардың тұқым қуалау бастамалары бірдей емес. Ағзалардың сыртқы көрінетін белгілерінің жиынтығын фенотип, ал тұқым қуалау бастамаларының жиынтығын генотип деп атайды. Пеннет торынан ажыраудың генотип бойынша 1 АА: 2 Аа : 1 аа, ал фенотип бойынша 3А- : 1аа қатынасында болатындығын оңай көруімізге болады (Кесте 4).


Мендельдің бұршақпен жүргізген тәжірибелерінен байқалған доминанттылық құбылысын толық доминанттылық деп қарастыруға болады. Егер F1-дегі будандардың белгілері ата-аналық формалардың ешқайсысына толық ұқсамай аралық сипатта болса оны толымсыз доминанттылық деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет