ОқУ ҚҰралы өскемен 2012 ж


- кесте –Моногибридті будандастырудың Пеннет торы



бет13/53
Дата15.11.2023
өлшемі1,79 Mb.
#123007
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53

4 - кесте –Моногибридті будандастырудың Пеннет торы


Гаметалар

Аналық



Аталық

А

а

А

АА

Аа

а

Аа

аа



Реципрокты будандастыру деп доминантты және рецессивті белгісі бар ағзаларды аналық ретінде де, аталық ретінде де пайдалануды айтады. Реципрокты будандастыру кезінде тура және кері будандастырулар жүргізіледі. Мысалы, АА х аа-тура, ал аа х АА-кері будандастыру. Белгілердің тұқым қуалауын гибридологиялық талдау әдісімен зерттеуде кейде қайыра будандастыру немесе беккрос деп аталатын будандастырулар қолданылады. Ол бірінші будан ұрпақ F1-ді гомозиготалы (доминантты немесе рецессивті) формалармен будандастыру болып табылады және осындай будандастырудан алынған ұрпақты Fа деп белгілейді. Оны былайша жазуға болады: Аа х АА немесе Аа х аа. Генетикалық талдау және селекция жұмыстары үшін осы екі будандастырудың маңызы бірдей емес. Бірінші будан ұрпақ доминанты аллельдер бойынша гомозиготалы формамен қайыра будандастырған кезде оның ұрпақтары генотипі жағынан 1АА:1аа болғанымен фенотипі бойынша белгілердің ажырауы байқалмайды және тек сары түсті тұқым пайда болады.
Генетикалық талдау үшін де, сол сияқты селекция жұмыстары үшін де F1 ұрпағын рецессивті аллельдер бойынша гомозиготалы формамен будандастырудың үлкен маңызы бар. Будандастырудың мұндай жолын талдаушы (анализдеуші) будандастыру деп атайды.



Рецессивті гомозиготалы форма (аа) бір типтес гаметалар (а) түзеді ал гетерозиготалы будан (Аа) екі сортты А және а гаметаларын түзеді. Аналық жыныс жасушаларының әрқайсысы бірдей мүмкіндікте ұрықтанған жағдайда Аа және аа генотиптері 1:1 қатынасында болып шығады. Қайыра будандастырудың осындай жолымен алынған Аа ұрпағы тұқымының түсі сары, аа ұрпағының түсі жасыл, яғни фенотиптері бойынша ұрпақтардың ажырауы 1:1 қатынасында болады. Сонымен, талдаушы будандастыру кезінде белгілердің ажырау ерекшелігіне қарап буданның генотипін, будандар түзетін гаметалар типін және олардың арақатынасын талдауға болады. Талдаушы будандастырудың көмегімен ағзаның белгісіз генотипін анықтауға болады. Мысалы, тұқымының түсі сары өсімдіктерді жасыл тұқымды өсімдіктермен будандастырған кезде алынған ұрпақтың тұқымдарының бәрінің түсі сары болса, онда будандастыру үшін алынған өсімдік тұқымының генотипі АА, яғни доминанты гомозиготалы болғаны. Егер дәл осындай будандастырудан алынған сары және жасыл тұқымды өсімдіктердің арақатынасы 1:1 қатынасында болса, онда анықтауға алынған сары тұқымды өсімдіктердің генотипі Аа, яғни гетерозиготалы болғаны. Талдаушы будандастырудың тәжірибелік жұмыста да маңызы зор (6 – сурет).



6 – сурет - Талдаушы будандастыру (бұршақтың гүлінің түсі бойынша)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет