Байланысты: Суюндикова Ж.Т. Адам экологиясының негіздері
Қазіргі қалалардың көкейкесті мәселесі Ең ашық бейнеленген көкейкесті мәселе- бұл қалалар. Қалаларды талдау барысында ең бірінші тарихын зерттеу керек. Қалаға сипаттама беру үшін қала тұрғындарына қалалық ортаның әрекеті және қала тұрғындарының бұл факторларға жауап қайтаруын қарастыру керек.
Әр түрлі типті қалаларда қала тұрғындарының өмір сүру деңгейі әртүрлі болатынын ескеру керек. Сондықтан, өнімді қайта өңдеумен айналысатын және қала тұрғындар саны 50 мың адамды құрайтын қалалар ауылдық аймақпен ұқсас болып келеді. Керісінше, түсті металлургиямен айныласатын кіші қалалар үлкен индустриялдық орталықтардың кемшіліктеріне ие болады.
Қалалар адамдардың өмір сүру қалпын жан-жақты жасайды. Қалалардың антропоэкологиялық жағдайларын салыстыру үшін, төмендегідей адамдардың өмір сүру қалпының жақтарын қарастырамыз:
Әлеуметтік деңгейі (отбасы қаражаты, баспанамен қамтамасыз етілуі, ұсыныстарды қолдануы, балалардың оқуы, денсаулық жағдайы, медициналық көмек көрсетудің сапасы және әлеуметтік қамтамасыз етілуі, т.б)
Экологиялық қауіпсіздіктің деңгейі
Құқықтық қорғауы
Қанағатты жұмыс ( жұмыстағы қарым-қатынас, жұмысқа автотранспорт көмегімен жету, т.б)
Демалу және күшіңді қалпына келтіру үшін жағдайлардың болуы
Ақпаратты алу және мәдениетті дәстүрлерді сақтау деңгейі, т.б
Қалалық орта басқа да көрсеткіштермен сипатталады, солардың негізгілері:
Санитарлық-гигиеналық нормаларды қосатын, тұрғынның негізгі физиологиялық және қарапайым әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыратын, әлеуметтік өмір сүру шарттының минимумы; Оның негізгі көрсеткіштері: тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, аумақ желісінің элементтері, күнбе-күнгі күтудің нысандарымен, инсоляцияның ықтимал деңгейімен, ауасын тазарту, өртке қарсы шаралар сонымен қатар, локальді территориялды деңгейдегі қоршаған ортаның қалпы туралы қорытынды көрсеткіштері.
Қала орталарының сапа стандарттары-нормативті-тіркілген көрсеткіштер жүйесі. Олар өзіңе:
Қала орталарының типологиялық белгілерін көрсететін бақылау көрсеткіштері:
2. Функциялық аумақтың (жалпықалалық, тұрғын, өндірістік) сапасының әлеуметтік-қала құрылысы көрсеткіштері қалалық ортаның түрлі үлгілерінде:
Құрылыспен және функциялық аумақтың элементінің үлесті өлшемдерімен қамтамасыз ету
функциялық аумақтың және халыққа қызмет көрсету мекемелерінің элементінің тындырымды тізбесі
Функциялық аумақтың көрсеткіш және орналыстыру ережелері, оның элементтерінің, нысандардың, мекемелердің қызмет көрсетуі
3. Инженерлік-транспорт инфрақұрылымның жүзеге асуының техникалық қалыптары қалалық ортаның түрлі үлгілерінде жасалуы
4. Санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптар қалалық ортаның түрлі үлгілерінде қалыптасуы.
Қала құрылысы қызметтің тиімділік көрсеткішін өзгеріс серпінділігімен сипаттайды:
орташақалалық уақыттың кемуі қолжетімділік нысан еңбектің, күтудің, демалыстың және оның жиынтығының аумақтауы;
жасылдандырылған сыбағаның аумақтық теңгерімінде үлкеюі және табиғи аумақтың сыбағасының сақталуы;
қалалық ортаның әртүрлі типтерінің сақталуы;
экологиялық және санитарлық-гигиеналық сипаттамаларының жақсаруы.