Оқу құралы Қостанай 2016


-тарау ҚАЛА ЖӘНЕ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ



бет33/62
Дата03.12.2023
өлшемі368,75 Kb.
#133231
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   62
Байланысты:
Суюндикова Ж.Т. Адам экологиясының негіздері

6-тарау


ҚАЛА ЖӘНЕ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ

Қазіргі кездегі адамның экологиялық ортасы қала.Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремальды орта деуге болады. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жиналады.


Дүние жүзінің қалаларында қазір ғаламшарымызда мекендейтін халықтың шамамен жартысы шоғырланған. Соңғы 45 жылда қала халқының саны 729 млн нан 2540 млн. адамға өсті, яғни 3,5 еседей , ал олардың халықтың жалпы санындағы үлесі 29-дан 44-ке дейін артқан. Сонымен қатар, қалалардың іріленуі жүріп отыр. 1995жылдың соңына қарай дүние жүзінде халқының саны 5 млн.-нан астам болды 320 қала және 1 млн.-нан астам халқы бар 48 қала болған.
Бірақ, урбанизация ( латын тілінен аударғанда urbanus қалалық) процесі тек қала халқының немесе қалалардың мөлшері мен санының артуымен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, бұл процесс қоғам өміріндегі қалалардың рөлінің артуымен. Көптеген адамдардың өмір сүру салтының өзгеруінен де көрінеді.
Қалалардағы адам экологиясына тән нәрсе бұл табиғи экологиялық факторлардан оқшаулану болып табылады. Қажетті мөлшерде өсімдіктер, топырақпен, сумен қамтамасыз етілген. Адамның биологиялық табиғаты мен оның табиғатқа қарсы іс әрекетінің нәтижелері арасындағы қайшылық, әсіресе қала жағдайында шиеленісе түседі.
Қазіргі кездегі қала күрделі әлеуметтік экономикалық ағза. Ол демографиялық, инженерлік құбылыс, сәулеттік факторлардың әсерінен, қоршаған экономикалық кеңістік пен табиғи ортаның алуан түрлі өзара әсерлері нәтижесінде қалыптасады.
Заманауи экологияда өзара тығыз байланысты екі ғылыми бағыт, қала экологиясы және қала тұрғындары экологиясы қалыптасты. Осы тарауда бағыттардың екеуі де қарастырылады.
Сонымен қатар қаланы, қиын түзілген ағзамен саластыруға болады. Осы ағза қоршаған табиғи және ауылшаруашылық территориальді комплекстермен және басқа қалалармен заттарымен, энергиясымен, ақпараттарымен белсенді алмасады.
Қалалар адами және материалдық ресурстардың тартылыс орталығы болып қызмет атқарады. Оларда жоғары дәрежедегі мамандар және жұмысшылар, ғылыми және өнерлі зиялылар қауымы, үлкен материалдық, мәдениетті, тарихи, ғылыми құндылықтар бар. Қалаларға индустриялық шикізат және жартылай дайын өнімдер, дайын өнім, ауыл шаруашылық өндірістің игіліктері түседі. Бір мезгілде қалалар индустриялық өнімді экспорттайды, қоршаған ортаға үлкен мөлшерлі қалдық заттарды тастайды. Олар техногендік биохимиялық провинциялардың орталығына айналады. Шын мәнісінде кез келген үлкен қала зат және энергияны өндіретіні, сонымен қатар дайын өнім мен қалдық заттарды сыртқа шығаратыны барлық ғаламшармен байланысты. Үлкен қалалардың заводтық құбырлардан шығатын химиялық заттар ғаламдық айналымға кіреді және тіпті, Антарактида мұздығы мен Гренландияның сыртқы қабатына түседі. Бірақ қаланың ең негізгі ықпалын өзінің қоршаған айналасына көрсетеді.
Қалалардың сандық және сапалық дамуы қала тұрғындарының санының өсуіне, қауымның өміріндегі қала маңызының өсуіне, қалалық өмірдің бейнесінің таратуына ықпалын тигізеді. Қалаларды зерттеу барысында бірінші жоспарға осы аспектінің төмендегідей мәселелер туады:

  • Экологиялық- ең негізгі факторға, үлкен халық саны бар аймақтар,адамға және табиғатқа зиян болып келеді.

  • Медициналық- денсаулық сақтау және аурулардың көбею жүйесінің жоғары дәрежеде болуы, қаланың өмір қалпымен байланысты.

  • Мәдениетті- тұрғындардың ақпараттық қоқысты қолдануымен қатар мәдени құндылықтарды қолдануы.

  • Техникалық- қолданылған техникалық заттардың өсуі, еңбек ету және өмір сүру қалпын жеңілдетеді.

  • Әлеуметтік-психологиялық- адамдардың өмір сүру қалпы, әлеуметтік-психологиялық мәртебесінде өзгеруі.

Қала тұрғындарының әлеуметтік аспектілерін талдағанда келесі маңызды сұрақтар туады:

  • Халықтың қалалық ортаны қабылдауы

  • Қала тұрғындарының әлеуметтік- мәдени идентификациялануы

  • Қала халқының жаңасушылық мәселесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет