Қала құрылымы және оның құрылыстары. Кез келген қала бірнеше әртүрлі мақсаттағы зоналардан тұрады. Біріншіден, бұл зоналарда адам мекен етеді, басқаша оны қоныстандырғыш деп атайды(қоныстандыру сөзінен). Екіншіден, индустриялық зона-аумақ, онда жылуэнергетикалық бекет және индустриялық орындар, автобазалар, қойманың бөлмелерінің, кіре берістің жолдары бар. Индустриялдық зоналар тұрғын құрылыстармен санитарлық-гигиеналық зоналар арқылы шектеседі. Қалалық аумақтың маңызды бөлігі- жасыл немесе бақ-саябақтық зоналар. Қалалар тоғайлы белбеумен қоршалған. Үлкен қалалардың қоныстандырғыш зоналары бөлек микроаудандардан құрылған. Қалалық микроауданның құрылысына келесідей экологиялық-гигиеналық шарттар:
Микроклиматтың қолайлы шарттарын жасау, инсоляция және қызудан сақтау, аэрация және аумақтарда және тұрғын үйлерде жәнеқоғамдық ғимараттарда ауа қозғалысының кемуі;
Транспорттың шуынан, микроаудандардағы атмосфералық ауаның ластануынан сақтау;
мәдени-тұрмыстық мақсаттың мекемелерімен және коммуналдық нысандармен халықты толықтай қамтамасыз ету;
абаттандыру және аумақтың жасылдандыруы
орталықтандырған суқұбыры, кәріз және тұрмыстық қалдықтарынтастайтын жердің болуы;
Қалалар тұрғын құрылысты жобалағанда микроаудан және тұрғын аудан деп бөледі. Микроаудан(квартал) 10-60 га жерді алады, жалпыхалықтық магистралдармен және темір жолдармен бөлінбеген. Микроаудандардың шектерінде 500 м қызмет көрсету радиусында орналасқан мекеме және кәсіпорындар орналысқан. 80-290 га ауданға тең тұрғын аудан өзіндік функционалды қала құрылысының бірлік болып табылады.
Периметрлік, жолдық және топтық құрылыс кварталын ажыратады. Анықталған климаттық аудандарда әртүрлі типтегі құрылыстар ауа қозғалысының жылдымдағын төмендетеді де, керек жағдайда жоғарлытады.
Қара микроклиматы. Тұрғындардың өмірсүру қабілетіне көбінесе инсоляциямен сай келетін микроклимат үлкен үлес қосады. Инсоляцяның ұзындығына көптеген факторлар әсер етеді.
Атмосферадағы қатты бөліктер Күннің нұрлы энергиясы жерге түсуін қамтамасыз етеді. Жұтылған нұр энергиясы ауаның температурасын жоғарлатады. Сонымен қатар, басқа факторларға әсер етеді. Жаңбыр суы топыраққа өтеді, ал қалада құрызға ағады, осыдан кебудің арқасында жылуды азайтпайды. Қалаларда ауаның температурасының өсуіне тұрғын үйлердің, заводтардың т.б жылуы әсер етеді. Жылудың 15-20 пайызын көпірөткізгіштердің жылу шығаруы құрайды. Тұрғындары көп қалалар тұрғындары аз қалалардан қараған 1,50С жылы. Қаларда суық және аяз күндер азырақ. Бірақ бұрыс жағы жазда үлкен құрылыстардан шығатын жылудың арқасында өте ыстық болады.
Құрғақ ауа күннің нұрын жұмсарту көрсеткіші су буынан 10 есе, ал қала тұманы -40-120 есе аз. Егер физикалық және химиялық әдістермен күн нұрын ыдырататын ауа бөліктерін жоя алсақ, онда қаладағы инсоляция 15-20 пайыз жоғарлауы мүмкін. Ол әсіресе ультрафиалеттік спектр бөлігіне әсер етеді. Осының бәрі құрылыстарға жағымды әсер етеді.