Байланысты: Суюндикова Ж.Т. Адам экологиясының негіздері
Үйдің ішкі құрылымдары. Үйдегі секциялық жылдам лифттер тік ауа тасқындарын құрайды. Бірінші қабаттағы суық ауа ысыту арқылы жоғарғы қабаттарға таралады, қабаттан қабатқа микроағзалар арқылы байыту, шаң, ылғал және газ тәрізді антропотоксиндерді таратады. Жоғарғы қабаттың ауалары төменгілерге қарағанда ластанған, әсіресе қыс және ауыспалы мезгілдерінде ауа инфекциялары таралады. Сондықтан көп қабатты үйлерде тиімді ауа жаңғыртуы болуы тиіс.
Соңғы жылдары ірі қалаларда бетонды ленталанған шынылы, яғни кең терезелі, үйдің барлық фасадты панельдерін алып жататын мұнаралы және қонақ үйлер тәрізді үйлер пайда болуда. Мұндай үйлерде секцияның бес-алты пәтерлі, көбінесе біржақты жоспарлы дискомфортты микроклимат және желдетудің жетіспеуін тудырады. Қонақ үйлер тәрізді үйлер көбінесе алты-сегіз пәтерлі тұрғын секцияларының дәлізді жоспарлауына сай келеді. Бұл үйлер жалғыз басты кісілерге немесе аз кісілі отбастарына арналған. Үйдің төменгі қабаттарында сауда кәсіпорындары, ресторандар, тұрмыстық қызмет мекемелері орналасқан. Осындай үйлерді нүктелік үйлер деп атайды, олар қаланың ірі жолдарында орналасады.
Тұрғын секциялары бір баспалдақты аумақта пәтер топтарын біріктіреді. Пәтерлердің дұрыс орналасуы бұрыштық бөлмелерді желдетуін қамтамасыз етуі керек.
Тұрғындардың санитарлық-гигиеналық жағдайлары жан-жақты жарықтың бағдарлауынан, жылу және ауа ажыратқыш қоршауыштарының конструкциясынан сапа және санитарлы-техникалық құрылымдардың эффектілі жұмыстары, материалдар мен бөлмелер үшін қолданылады.
Инсоляцияның жақсы шарттарын қамсыздандыру үшін үйдің бөлмелерін кеңдікпен және меридиональды бағдарлау үшін құрады. Кеңдік бағдарлардың бірінде фасадтардың бірі инсоляция үшін жағымсыз көкжиектің шетіне шығып, ал меридиональдыда – көп бөлмелі пәтерлердің біраз бөлмесі жағымды бағдарға ие. Кең үйлерде бір бөлмелі пәтерлер не жобаланбайды, не оңтүстік бетке бағдарланады.
Баспалдақты алаң тек қана қабаттарды жалғау үшін емес, сонымен қоса тұрғын секцияларының ауа резервуары болып табылады, сондықтан ол жылыту және ауаны тазарту қолданылады. Көп қабатты үйлердің баспалдақтары үлкен кісінің аяқтарының адымдарына қарағанда еңкіштеу болып келеді. Баспалдақтыа 5-тен кем емес, 17-ден көп емес, ені 27-31 см саты болады.