Оқу құралы Қостанай 2016



бет38/62
Дата03.12.2023
өлшемі368,75 Kb.
#133231
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   62
Байланысты:
Суюндикова Ж.Т. Адам экологиясының негіздері

Қаланың ақпараттық өрісі. Үлкен қалаларда көпшілік коммуникация құралдарымен туындайтын берік ақпараттық өрістер қызмет атқарады. Қолмен теру, радио және теледидар сияқты осындай көпшілік коммуникациялық ұлттық құрылғылардың орнына еркін, сан қырлы баспасөз, көп каналды теледидар келді және компьютерлік мәдениет «ғаламтордың » - Интернеттің шығуымен өркендей бастады. Адамдар мәдени-коммуникативті баспасөзге қосылып, ақпаратты хабарлау мағынасымен, түрімен және беру сапасымен әр түрлі бола бастады. Ақпаратты өрістің әртүрлілігінің өсуі тұлғаның өзіндік қалыптасуын кеңітеді. Адамдар өзінің білімін арттыру, көркемдік талғамын дамыту, саяси билікті анықтау мүмкіндігіне ие болады.
Сонымен бірге, көптеген зерттеушілердің ойынша көпшілік коммуникациялық құралдардың тез дамуы экопсихологиялық күйзелістің себебі болды.
Жүйкенің шаршауы көп ағынмен жекеленген ақпараттық күйзеліске алып келді. Күйзелістің жалғасуы иммундық және генетикалық ақпараттың бұзылуына алып келеді, өлімге әкелетін көптеген психикалық аурулардың себебі болады. Олар кейбір адамдарда күйзеліс пен көңілсіздік, әлеуметтік және саяси енжарлыққа алып келсе, ал кейбіреулерінде – басқыншылдық, әлеуметтік және саяси экстремизм, ашуланшақтыққа алып келеді (Г.Г.Аракелов, 1996).
Қалалық кеңістік. Қала өзімен бірге барлық қала тұрғындары үшін макро ортаны құрайды, дегенмен әрбір қала тұрғынына барлық қалалық макро ортаның әсері болмауы мүмкін, ал белгілі тарихи уақытта қала кеңістігіндегі микро ортаға бейімделеді (локальды антропоэкожүйе, ортақ қалалық антропоэкожүйенің бөлігін құрайтын).
Адамның «мекен ету аймағы» түсінігіне қазіргі уақытта тұратын орны, тұратын үйден3-4 квартал асқанда (дүкен, дәріхана, аурухана, кинотеатр) мәдени-тұрмыстық қызмет ауданы, үйден жұмысына және керісінше жиі жүретін жолы кіреді. Ереже іспетті, жастарда миграциондық жол кеңдеу болады және балалар мен қарттарда аз келеді.
Жеке өмірлік циклды қалыптастыру үрдісінде (күндік, апталық, жылдық т.с.с.) адам әрқашан қарапайым бағытпен қозғалады. Мысалы, жұмыс күні уақытында ол шалғай жерде орналасқан үйден қаланың орталығында орналасқан жұмыс орнына қарай бағыт алады, ал жұмыстан соң – қаланың орталық бөлігінде азық-түлік алуға немесе театрға соғады, содан кейін оның жолы тағы да өз үйіне бағытталады және т.б.
Өмір сүру аймағы адам өмірінде әртүрлі архитектуралық-жоспарлы іс әрекетпен, тұрғын үйдің техникалық құралдары мен әлеуметтік ұйымдастырылу жүзеге асып, жақсы шарттарды қалыптастыру керек.
Қалалық өмірде макро және микро деңгейде әртүрлі ортаны атап көрсетуге болады:

  • әлеуметтік орта микроорта ретінде – көптеген әлеуметтік-аймақтық топтар, олардың ерекшелігі және олардың көшеде, қоғамдық ортада, көлікте өздерін ұстауы, микроорта ретінде – шағын топтардың және ұжымдардың еңбек етуі, тұрмыста, бос уақытта, қоғамдық саяси өмірі;

  • материалдық-заттық орта макродеңгейде – қалалық инфрақұрылым, қаланың ландшафты-архитектуралық бейнесі және микродеңгейде – ішкі көрінісі, заттар, киімдер;

  • әлеуметтік-мәдени ортада макродеңгейде, жаппай ақпарат құралдары мен жарнамалардан туындайтын, сонымен қатар мәдениет мекемелерімен (қауым, радио, теледидар, қалалық жарнама, кино, театр, музей және т.с.с) және микродеңгейде ақпарат пен жарнама құралдарынан туындайтын, сонымен қатар ұжымдағы жеке шығармашылық ұйымдардан (таралымы аз баспа, қабырға газеттері, үйірмелер және радиохабар құрылғылары т.б.)

Әлеуметтік мәдени топтардың әртүрлілігі үлкен қалада өзіңді тұлға ретінде белгілі бір орын іздеу кезінде қиындық тудырады. Қаланың тұрғыны ол бір мезгілде біртұтас кіші және үлкен әлеуметтік топтағы адам (ол отбасы мүшесі, кәсіпкерлік немесе студенттік ұжым, спорттық топтар, бейбіт компаниялар, қоғамдық ұйымдар немесе политикалық партиялар және т.б.). Бұл топтар мен бірлестіктердегі мінез құлық нормалары мен іскерліктер әртүрлі, сондықтан бір топтан екінші топқа ауысу адам үшін бір нормативтік жүйеден екіншісіне ауысу, іскерлік пен мінез құлықтың қағидаттарын өзгерту қажеттілігін білдіреді. Сонымен қатар, жеке қиындық тудыратын белгілі бір келіспеушіліктер пайда болуы мүмкін. Олармен күресу үшін, адамның өзіндік ұйымдастыру деңгейі жоғары болуы қажет.
Ірі қала жағдайында адамдар арасында өзара қарым қатынас жүріп жатады. Заманауи әлеуметтік өмірдің жүйесі мен өндірісті ұйымдастыру соншалық,адамдар осы жүйе шеңберінде басқа адамдармен әртүрлі қарым қатынас пен байланысқа түсетіндей етіп ұйымдастырылған. Сонымен қатар, ол осы қарым қатынасты тоқтатуға немесе өзгертуге шамасы жоқ. Мысалы, қызмет көрсету саласы қызметкерлерінде медициналық қызметкермен әлсін әлсін қарым қатынас әрдайым болып тұрады. Кейбір қарым қатынасты адам өмір ағымында өзгертеді мұғаліммен және тәрбиешімен, мекемелер мен кәсіпорындардың жетекшілерімен, әріптестерімен, кейбіреуі тұрақты отбасылық қарым қатынасты, достық қарым қатынасты өзгертеді. Осындай қарым қатынасты қолдау мен өзгерту проблемалық жағдайларды тудырады, қарым қатынас жасаушылардың психологиялық ерекшеліктерімен байланысты, олардың әлеуметтік статусының өзгеруімен және т.б.
Қала тұрғындары үшін психологиялық проблемалардың негізгі көзі қала шеңберіндегі халықтың тығыз орналасуы болып табылады. Еңбектің кеңістіктік жағдайы технологиялық қажеттіліктердің бір жағдайда және қалыптасқан дәстүрде мынадай, тар шекаралардың бір шама аздаған уақыттың үлкен санын жинақтайды. Сонымен қатар, адамдар арасында күрделі байланыстар мен қарым қатынастар қалыптасады. Олардың қолдауы мен өзгеруі, келіспеушіліктердің пайда болуы адамдардың уақыты мен күшінің кетуі, осы проблемалардың күрделілігіне байланысты болып келеді.
Оның үстіне, заманауи қалалық өмірдің тұлға аралық байланыстар ол, әдетте, адамдар өздері түскен ортаны өздері ғана таңдайды. Балалық шақтан бастап адамға өзінің жеке қалауынан басқа көптеген әртүрлі адамдармен өзара қарым қатынас жасау тура келеді.
Заманауи қалалық сферада адамның қанағаттанушылығы мен жеке демалысының қаралмауы жағдайды қиындата түседі. Бұл қатынастағы проблемалық жағдаяттар транспортта, көшеде, үлкен қалада, жұмыс жерінде, тұрғын үй жағдайы және демалу орны болып табылады. Үйлерді, квартираларды жобалау тұрғындардың өзара қарым қатынастарын талап етеді. Демалыс орындарды оқшаулануды есепке алмайды. Олар негізінен жаппай демалуға бағытталған.
Осылайша, кеңістікті қозғалыс пен халықтың үлкен қалада тығыз орналасуы адамдардың психологиялық қысымын арттырып, олардың көбірек қарым қатынасқа түсуін мәжбүрлейді.
Үлкен қала тұрғындарында қарым қатынас жасау үшін уақыттары өте аз болады. Сондықтан адамдар осы жағдаяттар жеке, тұлға аралық қиындық тудырмау үшін, қысқа мерзім ішінде қарым-қатынасты құруды, қолдауда және тоқтатуда шеберлікті қажет етеді.
Қалалық өмірдің әлеуметтік мәдени деңгейі мынаған алып келді, өткен қарым қатынастағы стериотиптер өзінің қарапайымдылығын жоғалтты, ал жаңалар болса әлі қалыптаспады. Заманауи қарым қатынастың бір түрі ол рольдік қарым қатынас. Ол тиімді, информациялық, тез арада шешім қабылдауға әсер етеді, бірақ эмоциялық қарым қатынасқа, сезімдерін қалыптастыруға орын жоқ.
Санкт Петербургтегі зерттеудің көрсеткіші бойынша, қалаға әлеуметтік психологиялық әсердің екі жақты сипаты бар: бір жағынан, жалғыздық проблемасы туындайды, терең тұлға аралық қарым қатынастардың кемшіліктері (оған сұрастырылған адамдардың 8.5 % адам дәлел), ал екіншіден, қарым қатынастың тым артық болуының пайда болуы, жекеленуді қажет ететін массалық қарым қатынас. Осылайша, 16.3% сұрастырылған екі жынысты жұмысшылардың айтуынша оларға жекелену және оқшаулану жетіспейді. Сол уақытта 14.3% сұрастырылған адамдар туыс туғандарымен қарым қатынастың жетіспеуіне әкеледі, 9.8% сүйген адаммен, 5.8% достарымен. Қала тұрғындары даладағы, транспорттағы, сауда орталықтарындағы қарым қатынасқа қарағанда жұмыстағы қарым қатынаста, отбасында аса қанағаттанған болады. Бұл қаладағы өмір сүру жағдайының (үздіксіз қала транспортының жұмысы, тауарларға деген сұраныстың үздіксіз болуы, мәдениет үйлері мен демалыс орындарының жекеленуі), және қала тұрғындарының әлеуметтік жағдайы, олардың көңіл күйлерінің, мәдениеттің төмендігі мен әлеуметтік белсенділіктің де төмен болуынан болады. (В.Е.Семенов, 1988).
Урбандалу қала адамдарының тұлға аралық қарым қатынастарын және кеңістіктік жағдайын өзгертеді. Оның үстіне, қалада қоғамдық нормалардың және санкциялардың әсер ету тиімділігі және әлеуметтік институттардың рөлі азаюда. Ерекше феномен – көп жаңа кварталдардағы, бір үйден екінші үйге ауысқан адамдар арасындағы қарым қатынас. Бірақ, мұнда қала мәдениетін ұғудағы өзіндік проблемалары да туындайды.
Қала халқының денсаулығы. Ең негізгі қалалық антропосистема қоғамдық денсаулығының жағдайына тәуелді. Ол санитарлық демографиялық параметрлермен сипатталады (өмір ұзақтығымен, стандарттық өлім коэффициентімен, сол қатарда балалардың, аурулардың, инвалидтардың, т.б.). Қоғамдық денсаулықтың функциялары мәдени дәстүрлердің ұзақтығына байланысты, адамның заманауи жағдайларда адаптация жасау деңгейі, оның тәрбиесі мен кәсіптік оқыту, шығармашылық еңбектің өзгешелігі және т.б. Қоғамдық денсаулықтың фундаментальды қызметтерінің ішіне мыналарды жатқызуға болады:

  • Ұрпақтың тууы;

  • Әртүрлі қоғамдық сферадаға адамдардың нақты еңбегі;

  • Тәрбие мен келер ұрпақтың білімділігі;

  • Сақтау және қоршаған ортаның жақсаруы;

  • Отанды қорғау.

Қаладағы жоғары дәрежелік функциясы ұрпақтың тууына, әсіресе қоршаған ортаның ластануының жағдайында, генетикалық ақаулардың жоғарылауына, ауруларға, сонымен қатар отбасы институтына және т.б. қоғамдық денсаулыққа кері әсеріне алып келеді. Сонымен қатар, ол ұрпақтың қалыпты әлеуметтенуіне кедергі келтіріп, жемісті еңбек ету мүмкіндігін төмендетеді.
Ғылыми техникалық үдерісінің қарқынды дамуы, адам өмірі жақсарып әртүрлі проблемалардың шешілу, қоршаған ортаға үлкен зиянын тигізуде. Жарақаттанудың өсуі ғана байқалмай, туа біткен аурулар да: жүрек қан ауруы, аллергиялық, эндокриндық, онкологиялық және басқалар, сонымен қатар, қала халқының генетикалық жүктің жиналуы да байқалады. Әсіресе, өндірісі дамыған үлкен қаладағы жағдай мүшкіл.Байқалған жайттар:

  • Ауаның, судың, жердің, тамақтың химиялық ластануы;

  • Қала құрылысында сапасыз құрылыс материалдарын жасанды пайдалану және басқа да кемшіліктер;

  • Зиянды қуаттық сәулелер;

  • Геопатогендік аймақтар және т.б.

Ресейде 2000 жылы халықтың өлім көрсеткішінің анализы стандартты коэфициентін 100 мың халыққа жетуіне мүмкіндік береді.
Кестеде берілген мәлімет қала және ауылда тұратын ер адамдар мен әйел адамдардың өлім көрсеткіштерінің арасындағы үлкен айырмашылықты көрсетеді. Қала тұрғындарының өлім көрсеткіші ауыл тұрғындарынан төменірек болады. Қалада ер адамдар мен әйел адамдарда өлімге алып баратын аурулар ішінде бірінші орынға қан айналым жүйесі аурулары (50,8% - ер адамдарда, 61,9% - әйел адамдарда), екінші – ер адамдарда – улану, жарақаттар мен кездейсоқ жағдайлар (16,7%), әйел адамдарда – онкологиялық аурулар(14,8%), үшінші – ер адамдарда – онкологиялық аурулар (14,6%), әйел адамдарда – улану, жарақаттар мен кездейсоқ жағдайлар (6%). Мына факт өзіне назар аудартқызады: қаладағы өлім көрсеткішінің төмен деңгейінде, онкологиялық аурулардан өлім көрсеткіші әлде қайда жоғары.
Ресей қалаларында, табиғат жағдайлары мен өнеркәсіптік өндірісімен ерекшеленген, өлімнің басты заңдылығы сақталады.
Өлім негізінен әлеуметтік экономикалық жағдайларға, сонымен қатар, қоршаған ортаның ластануына да тәуелді.
Зиянды факторлар мен концентрацияларды шамадан тыс ұзақ уақыт пайдалану олардың патогенттік әсері қаупін ұлғайтады. Шамадан тыс асырған сайын осы факторлардың кері әсері жоғарылайды. Сонымен, зиянды заттардан тұратын, КРА-ды 3-5 рет асыратын суды ішіп немесе пайдаланса, ол 1-2 ай ішінде тұрғылықты халықта уланудың бастапқы нышандарының пайда болуына апарады. Егер де су концентрациясы КРА-ды 10 ретке жоғарылататын улы заттардан құралса, онда 2-4 апта ішінде тұрғылықты халықтың бір бөлігінде уланудың бастапқы нышандарының пайда болуы басталады. Зиянды заттардың концентрациясы КРА – ды 100 ретке жоғарылататын суды пайдаланса, онда тұрғылықты халықта уланудың бастапқы нышандары бірнеше күннен-ақ байқалады.
Судың құрамында КРА-тен 4,8 есе артық, оның органолептикалық қасиеттерін өзгертетін заттардың болуы иістің, дәмнің, түстің және т.б. пайда болуына апаруы мүмкін, ал оны халық аңғарып, судың пайдалануына кедергі болуы мүмкін.
Атмосфералық ауада КРА пестицидттары 3-4 ретке өскен кезде адам организімінде физиологиялық және биохимиялық өзгерістер байқалады. Сол жағдайда, егер КРА 8 ретке өскен болса, онда адам организмінде нақты өзгерістер пайда болады, ал егер КРА 100 ретке өссе, онда адамның улануы мүмкін, 500 ретке - өлімге алып келетін уланулар (Е.И.Гончарук, М.П.Воронцов, 1991).
Зиянды факторлар,шығу тегіне байланыссыз, «әлеуметтік өмірдің бұзушылары» болып табылады, адам организміндегі әлсіз орындарды ұратын, ауруларды көбейтіп, олардың масштабтарын үлкейтеді. Отбасылардың екі үш ұрпақта тексерілуі денсаулық жағдайының жастарда төмендігін көрсетті, олардың генетикалық қорғанысы сыртқы ортадағы факторларға: үлкен қала дағдарыстарына, қоршаған ортаның ластануына, нашар тұрмыстық жағдайға, кәсіптік еріншектікке, геопатогендік аймақтарға және әртүрлі энергетикалық сәулелерге әлсіз болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет