Байланысты: Суюндикова Ж.Т. Адам экологиясының негіздері
Пәтерлердің және оның жабдықтарының түрлері. Тұрғындардың гигиеналық талаптарына келесілер жатады:
Пәтердің жағымды бөлмелерінің параметрлері;
Жыл мезгілдері және әлемнің климаттық аудандарында микроклимат үйлесімді;
Бөлменің инсоляциясын қоса есептегенде табиғи және жасанды жарық жеткілікті;
Ой еңбектерінің сабақтары үшін тиімді шарттар, демалу және қалалық транспорттардың төмен шуында, дала және пәтерлер шуынан тыныштау ұйықтау;
Отбасы үшін шаруашылық-тұрмыстық шарттарды орындау және баланы тәрбиелеу;
Тұрғындардың эстетикалық шешімдерінің шарттары.
Қалалық тұрғындардың басты элементі – пәтер, ол не автономдық бірлік ретінде, не бір отбасына берілген тұрғын үй ретінде қарастырылады.
Адамдардың тіршілік әрекеттері үшін тұрғын үйінің аумағы, бөлменің биіктігі, лоджий балкондары және верандалар секілді параметрлер маңызды. Комфортты тұрғын үйдің принциптерінің бірін анықтау үшін – «N+1» принципін қадағалау қажет. Пәтерде немесе бөлек үйде әр отбасы мүшесіне жеке бөлмеден және тағы бір бос бөлме отбасы мүшелері толық жиналуы үшін болуы керек. Ресейде әр қалалық тұрғын үшін барлығы 18 м2 аудан шақ келеді. АҚШ-та орта сыныптардың өкілдері, яғни отбасының әр мүшесіне 60м2 келеді.
Пәтердің құрамына үш түрлі бөлмелер кіреді: тұрғын, қосалқы және ашық. Негізгі мағына жатын бөлмесінде, себебі адамдар күнінің үштен бір бөлігін сол бөлмеде өткізеді. Балалар үшін жатын бөлмесі демалыс және жаттығатын орын болып саналады, сондықтан олар өтетіндерді жобаламау керек, бұл бөлмелер оңтүстік румбтарды бағдарлайды.
Ортақ бөлме – отбасының барлық мүшелері жиналатын орын, мүмкін өткінші және кез келген румбқа орналастыруға болады, ал жұмыс бөлмесі – ауыз үйге жақын және оңаша орналасады, жарықтың қалай түсетіні бәрібір.
Қосалқы бөлмелердің ішінен ас бөлмесі ең үлкен функциялық мағынаға ие. Ас бөлменің басқа бөлмелерден оңашада тұруы маңызды, әсіресе газдандырылған пәтерлерде. Оның өлшемі ең төменгі ас үй жабдықтарымен, жиһазбен және бос кеңістікпен, плитаны және ас үй жабдықтарын қолданумен анықталады. Ең кіші аумақты ас үй газдық плитасымен қоса есептегенде 7 м2-ты құрауы тиіс. Ас үйді асхана ретінді де қолданса оның аумағы 12 м2 немесе одан да жоғары болуы мүмкін.
Ауыз үй – ол біртүрлі әуе буферінің суық баспалдақты алаңы мен жылы пәтер арасында. Ауыз үйде сырт киімдер мен аяқ киімдер сақталады, сондықтан онда антресольдар мен шкафтар болады. Ауыз үйдің аумағы 4,5 – 6 м2-тан кем болмауы керек. Соңғы топтамадығы үйлердің ауыз үйлері 12 – 15 м2-қа дейін ұзарып, холлға айналуда.
Жуынатын бөлме – қазіргі пәтерлерге тән бөлме. Жабдықтың құрамына ванна, қолжуғыш, кептіргіш орамал, жақсырақ жобаланған пәтерде биде және автомат-кір жуғыш машина кептіргішімен қоса кіреді. Жуынатын бөлмені аумағы ондағы заттармен және өлшемімен анықталады. Қарапайым түрдегі ваннаның аумағы 1 м2, қысқартылған немесе отыратын ванналардың аумағы – 0,3 – 0,6 м2 құрайды. Жуынатын бөлменің аумағы су жылытқыштың түріне байланысты: өте ыстық су құбыры болған жағдайда ол газдық колонкада жылытылған судың көлеміне қарағанда азырақ.
Әжетхана унитазбен жабдықталған, ал жақсырақ үйлерде олар қолжуғыш және бидемен де жабдықталған. Әжетхананың ең кіші ауданы 1,5м2.
Мезгілдік киімдерді және үйдің басқа да заттарын көмбелер, яғни жеке арнайы бөлме секілділерде, шкафтар немесе антресольдарда сақтайды. Олар тұрғын бөлмелерді кимейтін киімдер мен қолданбайтын заттардан босатады. Мұндай бөлменің ауданы 1,5-нан 6 м2-қа дейін жетеді. Маңызды эстетикалық және сауықтыру мағынасына ашық, яғни балкон, лоджия, веранда секілді бөлмелер ие. Ашық бөлмелердегі өте жағымды микроклимат басқа тұрғын бөлмелерімен шектескен микроклиматқа қарағанда жақсырақ.
Балкон мен лоджииді басқа бөлмелердің периметірімен бірдейлестіріп алған жақсырақ, әсіресе оңтүстік бағдарлау, себебі олар тұрғын бөлмелерді қызып кетуден сақтайды. Лоджииді оңтүстік бағдарлау бойынша шынылау аздырады, жылу эффектісін береді. Солтүстік кеңдіктерде лоджии пәтердегі табиғи жарықты, әсіресе шыныланған жағдайда аздырады. Айрықша жағымды рөлді балкон мен лоджиилердің жасылдануы, өздігінен жасыл шұраттың пайда болуы алады.
Пәтердің жоспарлануы бір жақты немесе екі жақты болуы мүмкін. Көбінесе екі жақты жоспарлау жағымдырақ, бөлме үйдің фасадты және аулалық бөлігінің үйге қарама-қарсы жағында орналасады. Сонымен қоса пәтердегі ауаның көміртек концентрациясын, антропотоксиндерді, шаңдар және микроағзаларды 3 – 5 есе түсіретін желдетумен қамтылады. Бір жақты жоспарланған ауаның қозғалшықтығы 0,3 – 0,5 м/с-ты құрайды. Әлемнің оңтүстік аудандарында желдету міндетті.