- үшіншіден, педагогикалық деонтология қағидаларының мазмұны мен қолдану әдiстемесiндегі ерекшелiктерді бiлiм беру саласының әртүрлi объектiлерiнде ескеру қажеттілігі. Мысалы, балабақшада, бастауыш мектепте, орта мектепте, жоғарғы оқу орындарында заман өзгерiстерiне сай жаңа талаптарды ескеру мүмкіндігі әртүрлі. Сондықтан педагогикалық деонтологияның қолдану объектісіне байланысты ерекшелiктерi ескерiлген ғылыми iзденiстердің қажеттігі туындайды
Қазіргі уақытта әлеуметтік және рухани өмір саласында, сонымен қатар білім беру саласында да қайта құрулар жүріп жатыр. Білім берудің болмысына бүкіл адамзаттың болашағы тәуелді. Осыған байланысты педагогикалық мамандар даярлауға, соның ішінде ұстаздың кәсіби қызметті жүргізуге даярлығын қалыптастыруға көп көңіл бөлінуде.
Психологиялық-педагогикалық әдебиетте «педагогикалық қызметке даярлық» («ұстаздың кәсіби дайындығы») біржақты қарастырылмайды.
Н.Н.Никитина және Н.В.Кислинская ұстаздардың кәсіби даярлығының екі түрін ерекше атап көрсетеді:
- теориялық даярлығы, яғни жалпы мәдени, ғылыми, арнайы, психологиялық, педагогикалық білім жүйелерін тиесілі меңгеру;
- тәжірибелік даярлығы, яғни іскерлігі мен қабілеті мамандық сипаттамасындағы талаптарға сай болуы.
Д.Н.Узнадзе бұл түсінікті субъектінің қандайда бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайда болған психологиялық күйі ретінде қарастырады. Оның айтуы бойынша «...даярлық – бұл субъекттің барлық мінез-құлықтық белсенділігінде анықталатын міндеттің белгісі болып табылады».
М.И.Дьяченко, Л.А.Кандыбович іс-әрекет кезінде адамның тұрақталған жеке ерекшелігі ғана емес, (сендіру, көзқарастары, мінездің ерекшеліктері және т.б.), сонымен бірге осы қызметтің түріне байланысты жағдаятқа сәйкес психологиялық күйі де көрінеді деп нақтылайды. Ғалымдардың айтуынша, кәсіби қызметке даярлық - жеке тұлғаның белгілі бір уақыт аралығында сапалы қызмет атқару мүмкіншілігіне себепші икемділігі, соған сәйкесті санасының сипаты, мінез-құлқы.
Н.Д.Хмель зерттеулерінде ұстаздың қызметке даярлығын уәждік, жеке-даралық, мазмұнды және үдерісті компоненттердің жиынтығы ретінде қарастырады.
Л.В. Занина, Н.П.Меньшикова тұлғаның кәсіби даярлығына былай сипаттама береді: «Өзінің еңбек және кәсіби жолын таңдауға даярлығы, өзінің қызығушылықтарын, жеке тұлғалық, жеке дара психологиялық ерекшеліктерін түсінуі».
В.А.Сластенин педагогикалық қызметке кәсіби даярлықты «ұстазға бір жағынан - психологиялық, психофизиологиялық және физиологиялық даярлығына, ал екінші жағынан – ғылыми-теориялық және тәжірибелік даярлығына қойылатын талаптар жиынтығы» ретінде анықтайды.
«Әлеуметтік педагогика сөздігінде» қандайда қызмет түріне кәсіби даярлықты «өзін белгілі кәсіби қызметке қабілетті және дайындалған, оны мақсатты орындай алатын жеке тұлғаның субъектілік күйі» ретінде қарастырады.
Қорыта келе, болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығының әртүрлі аспектілерін ашатын, «ұстаздың кәсіби даярлығы» түсінігінің бірталай сипаттамалары мен ұстаздың кәсіби дайындық мәселесін зерттеудің көптеген тәсілдері бар. Оларды төмендегідей екі топқа бөлуге болады:
жеке–тұлғалық сапалармен сипатталатын дайындық ретінде қарастырылатын, қызметінің ерекшелігіне негізделген тұлғалық даярлық;
мамандығына сәйкес іс-әрекетке қажетті психиканың мүмкіндігін жұмылдыра алу ептілігінде көрініс табатын қызметтік даярлық;
Әдебиеттері: А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в употребление в русский язык, с означением их корней. – М., 1865.
Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н. Чудинованың ред.бойынша– М., 1910.
Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006.