Оқу құралы Шымкент -2022


Педагогикалық деонтологияның негізгі ұғымдары



бет10/43
Дата27.01.2023
өлшемі182,05 Kb.
#63378
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43
Байланысты:
МОЛДАБЕК Қ дентология

Педагогикалық деонтологияның негізгі ұғымдары
Педагогикалық деонтологияға қатысты ұғымдар жүйесіне педагогикалық деонтология, деонтологиялық ұстанымдар, деонтологиялық даярлық, деонтологиялық дайындық, деонтологиялық тәлім-тәрбие, деонтологиялық талаптар, деонтикалық модальдық, деонтологиялық қарым-қатынас, деонтологиялық келіс, деонтологиялық позиция, деонтологиялық кредо, деонтологиялық әлеует жатады.Жеке тұлғаның басқа адамдармен арақатынасына және осыған байланысты адамгершілік реакциясына беретін бағасы эмоционалды өткірлігімен сипатталады. Жеке тұлғаның моральдық санасының деңгейі тұрғысынан белгілі жағдайдағы адамның көңіл-күйінің толқуы – адамгершіліктік қатынастың ең маңыздысы. Өзінің кез келген қылығына адамның адамгершілік тұрғыдан беретін бағасына ой елегінен өткізген көңіл толқулары жатады; өткенге ой жүгіртіп, болған іске объективті түрде мән беріп, көңіл толқуларын тудырған моральдық коллизиялардың маңызын анықтайды. Адамның нақты адамгершілік қабілетінің реакциясынан, өзіндік моральдың интуициясынан басқа адамға көмекке ұмтылып, оның жанына зиян келтірмей әсер етуге жетелейтін жоғары деңгейдегі адамгершілік мәдениеті қалыптасады. Педагогтың кәсіби қызметінде нақты адамгершілік реакциясын тудыратын қабілет – педагогикалық парыздылыққа негізделген мінез-құлқы, оны зерттейтін ғылым - педагогикалық деонтология. 
Осыданпедагогикалық деонтология – ұстаздың кәсіптік парызына негізделген мінез-құлқы туралы ғылым.
Педагогикалық деонтологияның ұстанымы – ұстаздық кәсіпте басшылыққа алатын парыздылық ұғымына негізделген жетекші идея, іс-әрекетті реттеуші қағида.
Педагогикалық деонтологияның талаптары – кәсіптік парыздылық ұғымына негізделген ұстаз қызметіне қойылатын талаптар
Деонтикалық модальдық – деонтологиялық талаптарды білдіретін мiндеттендірулердің (бұйрық, нормалар, ұстанымдар, қоғамдық мұрат т.б.) түрлерiн және олардың арақатысын, іс-әрекеттiң белгiлi бiр нормалар жүйесi тұрғысынан сипаттамалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет