ұстаздың қызмет аясында тәжірибелік іс-әрекетін реттеуші амалы;
педагогикалық деонтология оқушының денсаулығына, жан саулығына зиян келтірмей, табиғатына үйлесімді дамуына жәрдемдесудің жолы.
Педагогикалық деонтологияның ұстанымдары Педагогикалық деонтологияның ұстанымдары – бұл педагогтың кәсіби әрекетінде басшылыққа алатын, парыздылық ұғымына негізделген жетекші идея, іс-әрекетті реттеуші талаптар.Деонтологияның педагогикалық іс-әрекет жүйесіндегі ұстанымдарын айқындау үшін Токиода болған ІV Бүкіләлемдік конгресте қабылданған ғаламдық биоэтиканың постулаттарын келтіре кетейік:
Жеке тұлғаның өзін-өзі билеуін (personal autonomy) мойындау, яғни әрбір адам өзіне, өзінің жан дүниесіне, эмоционалдық жағдайына қатысты мәселелерін өзі шешуге құқылы;
Қоғамдық игілікке рұқсат білдіретін әділеттілік (justice);
Адамға зиян келтірмей әсер ету этикалық тұрғыдан дұрыс екенін білдіретін Гиппократтың «Зиян келтірме!» ұстанымы;
Заманауи биоэтикада Гиппократтың «Зиян келтірме!» ұстанымының мағынасы кеңейіп, «зиян келтірмек түгіл, игілік жаса» делінеді. Педагогикалық деонтология ұстанымдарын ғаламдық биоэтика ұстанымдарын басшылыққа алып құрастыруды жөн көрдік. Біздің пайымдауымызша, мұғалімге қойылатын барлық деонтологиялық талаптар төмендегідей 4 негізгі ұстанымға саяды:
Оқушының (тәрбиеленушінің) денсаулығына, жан саулығына зиян келтірмей әсер ету;
Барлық жүрiс-тұрысымен, ой-өрiс, iс-әрекетімен осы ұстанымның кең тарауына және оқушы санасына өзiндiк бақылау дағдыларын қалыптастыруына жол ашу, қарайласу, соған себепкер болу;
Осы ұстанымдарды бұзудан пайда болатын зиянды салдарды жоюға бүкiл жан дүниесі, сана-сезiмімен ынталану.
Яғни педагогикалық деонтология ғылымы бойынша, ұстаздық әсердiң ең негiзгi мақсаттары: оқушының денсаулығын, жан саулығын сақтауды, нығайтуды көздей отырып, оқушы тұлғасының табиғатына сай дамуына жағдай жасау.
Педагогикалық деонтологияның ұстанымдарын мектеп мұғалiмдерi не болашақ мұғалiмдер қорқытусыз, паралаусыз кәсiби парыздану ықпалымен игерiп iске қосып жатса, бұл надандықтан кетiп, өркениеттiкке жақындағанымыздың дәлелi бола алады.