Жанасқыштық – басқалармен өзара әңгімелесу кезінде қанағаттану сезіміне бөлену қабілеті; әлеуметтік жақындық – басқа қоғам мүшелерімен тіл табыса білу, альтруистік тенденцияның болуы. Педагог мінезінде өзіне және айналадағыларға білінетіндей үйірсектіктің болуы оның байланысқа бейімділік әлеуетінің молдығын көрсетеді.
Эмпатия – қарым-қатынас кезінде адамның сезімталдық негізінде басқаны өзіндей түсіне білуі, яғни жағдайды қарым-қатынас жасап тұрған кiсiнiң көзiмен көріп, жан дүниесін түсiне бiлуі
Тосындылық – дүниені көрінген қалпында қабылдау және оны дәл осы әрбір сәттегі түрімен сезіне білу, бұл қасиет қиялдың даму деңгейіне тәуелді.
Қарым-қатынас техникасын игеру үшін оның құрылымын білген жөн:
қарым-қатынасты талап ететін мәселенің шарттарын (қарым-қатынас мақсатын, пікірлесушінің тұлғалық ерекшеліктерін, т.б.) жетік білу;
қарым-қатынас әрекетінің мазмұнын сауатты жоспарлау;
сұхбаттасу амалдарын таңдау;
сөйлесу үдерісін сапалы өткізу;
қарым-қатынас мақсатына жеткен не жетпегенін көрсететін кері байланыс жасау.
Бұл тізбектің бір буыны босап қалса не болмай қалса, қарым-қатынас көздеген мақсатына жетпейді. Қарым-қатынастың табысты болуы осы тізбектегі әрекеттерді шеберлікпен атқаруына байланысты
Әдебиеттері: 1 А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в употребление в русский язык, с означением их корней. – М., 1865
2 Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н. Чудинованың ред.бойынша– М., 1910
3 Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006
4 Новейший философский словарь// И.Ф. Фроловтың ред. бойынша– Р/на-Дону. – 2005
5 Оксфордский толковый словарь. – Киев, 2002
6 Словарь по этике/ И.Конның ред. бойынша – М., 1980
7 В.В. Самойленко История медицинской деонтологии. – М., 1998
8 Е. Барштейн Что должен знать врач-стахановец// Правда. – М., 1938
9 Е.П.Прохоров, Журналистика и демократия. – М., 2001
10 Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. - Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б.