4.Тақырып.Педагогикалық деонтология міндеттері, қызметі, және ұстанымдары. (2 сағат. 7-8 апта)
Мақсаты: Мұғалім мен оқушылардың арасындағы нақты рухани, соның ішінде эмоционалды байланыс дұрыс қарым-қатынас
Жоспар: Педагогикалық деонтология мүмкіндіктерінің ұстаздың адамгершілігі мен оның кәсіби парызы
Педагогикалық деонтологияда ең бір қиын, ең бір жауапты мәселе – тұлғааралық эмоционалды қарым-қатынас (коммуникация) мәселесі. Оқушының ерекшелігін ескерген қарым-қатынас оған еркін таңдау мен даму жолдарын ұсынады. Педагогикалық деонтология мен қарапайым педагогикалық әдістерді жетік меңгеру оқушыларға дамытушы әсер ететін психоэмоционалды және психоэстетикалық амалдарды зерттеп, қолдануға жол ашады. Қазіргі кезеңде бала жанына сауатты, «зиян келтірмей» әсер етуге білім беру жүйесінде салғырттық байқалады. Мұғалім мен оқушылардың арасындағы нақты рухани, соның ішінде эмоционалды байланыс дұрыс қарым-қатынастан басталады. Қарым-қатынасты біліктілікпен жасау – этикалық әрі танымдық шығармашылық жұмыс. Баланың жан дүниесін түсіне отырып, ұстаз оның жан-жақты даму жолын білуге ынталанып, соған сәйкес әрекет жасауға бағытталады. Оқушының мінезін, әуестігін, алға қойған мақсатын, көңіл-күйін білу ұстазға баланы жеке тұлға ретінде терең танып, оның жанына жайлы педагогикалық әсер етуге көмектеседі.
Педагогикалық ғылымның дамуы, педагогикалық тәжірибенің толық жетілуі педагогикалық деонтологияға маңызды түзетулер мен өзгертулер енгізеді, себебі ол – формалды түрде шартты емес, қоғамдық қажеттіліктің көрінісі. Педагогикалық деонтологияның негізгі міндеттерінің бірі болып педагогтың түрлі ық ұстанымдар мен ережелерді саналы түрде түсінуі, кәсіби парызының іске асырылуын саналы түрде ұғынуы болып табылады.
Педагогикалық деонтология мүмкіндіктерінің ұстаздың адамгершілігі мен оның кәсіби парызы туралы ғылыми теориясы ретіндегі маңызы өте зор:
- педагогикалық қызметтің ұстанымдары жекешеленбей, әлеуметтік факторлардан алшақтанбайды;
- педагогикалық деонтологияның талаптары басқа адам тағдырына педагогтың қатыстылығына ұстаздың кәсіби санасын білім беру саласында ғана емес, адамның тіршілік ету әрекетінің барлық салаларында әділеттілікті орнату мен кәсіби қызметтегі дұрыс қарым-қатынас орнатуға бағыттайды.
Педагогикалық деонтологияның міндеттері тек педагогтың кәсіби парыздылығын ашу, кәсіби қызметтің қорытындылары үшін жауапкершілігі, оқушылармен, олардың ата-аналарымен, әріптестерімен қарым-қатынас үдерісі кезінде ұстаздарға қойылатын талаптар мен қағидалар жүйесін анықтаумен ғана шектелмей, өз қызметінде бұл шарттарды іске асыру барысында талаптарын анықтауда.
Педагогикалық деонтология шынайы гуманистік ғылым ретінде педагогикалық қызметкерлерге тән тұлғалық қасиеттердің, уәждердің, қылықтар мен түрлі әрекеттердің мән-мағынасын түсіндіреді, осы мамандыққа тиесілі адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына өз ықпалын тигізеді, кәсіби қызметін ұзақ атқару кезінде олардың өзгеруін алдын алады.
Сонымен бірге педагогикалық деонтология міндеттеріне педагогтың кәсіби мінез-құлқының алғышарттарын қарастыру, кәсіби қызмет үдерісі кезінде пайда болған жағымсыз факторларды, дау-жанжалдарды жою амалдары, педагогтардың білімнің формалды қосымшаларын жоюды, моральдық және кәсіби-маңызды қатынастарды жете түсінудің белсенділігін ояту мен ынталандыру бағыттарын айқындауды, тұлғаның деонтологиялық қасиеттерін тәрбиелеу, ұстаздың алдын ала қалыптасқан кәсіби қызмет ұстанымдарының мәнін айқындауды, педагогикалық мамандықтың беделін жоғарылатуды зерттеу жатады.
Педагогикалық деонтологияның негізгі міндеттері: - педагогтың кәсіби мінез-құлқы ұстанымдары мен ережелерін зерттеу:
- педагогтың мінез-құлқы мен іс-әрекетін қалыптастыру, реттеу, бағалау:
- педагогтың кәсіби мінез-құлқын анықтайтын сыртқы, ішкі факторлар жүйелерін зерттеу.
- педагогтың маңызды қасиет-қабілеттерін, кәсіби қарым-қатынас аясында педагогикалық үдеріске қатысушылардың бірін-бірі қабылдауын, бағалауын зерттеу;
- педагогтың жеке тұлғалық ерекшеліктерінің қызметінің кәсіби талаптарына сәйкестігін зерттеу;
- педагогикалық қызметте болатын қате іс-әрекеттердің зиянды салдары мен қолайсыз факторларын жою