Жеке тұлғалық компоненті Әл-Фараби: Адамның ар-ожданы алдындағы адалдығы, шыншылдығы - әділ, өзіне-өзі қастерлі, жүріс-тұрысы үлгі болуынан. Ақыл-парасат күші – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш.
Ахмет Жүйнеки: Адамгершілік кімде болса, сонны ер деп есепте. Кісілік қымбат емес, кішілік қымбат. Ұлық болсаң кішік бол.
Жүсіп Баласағұни (XI ғ.): Қандай болар мейірімі мол кісі, мейірбандық – кісіліктің үлгісі. Мейірімнен шынайы леп еседі, соны бақсаң – дәреже-бақ өседі.
Абай: Азамат туы – ар болар, әділдік соған пар болар, жадыңа тұтсаң осыны – жақсылық саған жар болар. Татулыққа – тамаша бол, ар алдында биік бол.
Шәкәрім: Әдептіліктің белгісі – иіліп сәлем бергені. Ұлық болсаң кішік бол.
Махмұт Қашғари (XI ғ.):Қайырымдылық – адам көркі, ал білім оның байлығы. Рахымшыл бол, ақылшы дана бол, білгеніңмен ортақтас. Кішілік пен ақ пейілділік – ұлылықтың белгісі.
Р.Роллан: Жер бетінде адал адамнан өткен тамаша ештеңе жоқ.
М.Әуезов:Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.
О.Бальзак: Өзінің шәкіртіне еңбектен зор қуаныш табу қабілетін дарыта алатын мұғалім зор даңққа бөленуге тиіс.
Сабырлылық – мінездің түп қазығы.
Ақпараттық-теориялық компоненті Әл-Фараби: Өнер, музыка мен ән адамда эстетикалық сезімдерді туғызу арқылы кісінің өзін-өзі тәрбиелеуіне, бойдағы нашар қасиеттерінен арылуына ықпал етеді.
Абай: Парасат қайда болса, ұлылық сонда, білім қайда болса, биіктік сонда.
Шәкәрім: Білім-ғылымсыз өнер табылмайды, сол алған білім-өнерлерін адал еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ.
Сайф Сараи: (XIV ғ.)Біліктінің сөзі – жанып тұрған жас гүл. Білімді адам дәулетінен айырылсада қайғырмайды: оның байлығы – білім.