72. Ең үлкен киіз үй
А) Алтын орда В) Алтын үздік С) Ақ ала орда Д) Ақ шаңқан Е) Ақ орда
73. Киіз үйдегі киелі орын
А) Үй иесінің жататын орны В) Қонақтар орналастын орын
С) От жағылып, қазан асылатын орын Д) Азық-түлік, ыдыс-аяқ тұратын орын
Е) Ер-тұрман, киім ілінетін орын
1.3-мәтін
ЭКСПО. Асқақ әнші – Әміре Қашаубаев
«ЭКСПО» көрмесіне қатысқан тұңғыш қазақ – 1925 жылы Парижді салған әнімен тамсантқан Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылығын жарты ғасырға жуық уақыт зерттеп келе жатқан зерделі музыка зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жарқын Шәкәрімнің әнші туралы кезекті еңбегі жарық көрді.
Бұған дейін «Әміре», «Ән жұлдызы», «Амре Кашаубаев: жизнь в искусстве», «Ән асқары – Әміре», «Әміре Қашаубайұлы» атты кітаптарды шығарған автордың «Амре в Париже» атты орыс тіліндегі жаңа еңбегінің таныстырылымы астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өтті. Аталмыш шара «ЭКСПО -2017» көрмесі мен асқақ әншінің 130 жылдығына арналды.
Әміреге қатысты тағы бір ақжолтай жаңалықты жеткізейік. 2016 жылы Әміре тұлғасы театр сахнасына көшіріліп, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында әнші туралы драма қойылған болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |