7. Чад көлі (4)
1-суретте (график) Сахара шөлінің Солтүстік Африка бөлігінде орналасқан Чад көліндегі су деңгейінің өзгеруі көрсетілген. Чад көлі шамамен б.з.д. 20-мыңжылдықта, соңғы Мұз дәуірінде толықтай жоғалып кетті. Ол шамамен б.з.д. 11-мыңжылдықта қайта пайда болды. Бүгінгі таңда көлдің тереңдігі б.з. 1-мыңжылдығындағы деңгеймен бірдей.
2 -суретте (диаграмма) Сахарадан табылған жартастағы кескіндеме (үңгір қабырғасынан табылған көне суреттер мен жазбалар) мен жануарлар дүниесіндегі өзгерістер көрсетілген.
Автор графиктің бастапқы нүктесі ретінде неліктен осы жылды таңдады? Сол жылдары...
көл қайта пайда болды.
көл толық тартылып қалды.
жартастағы кескіндеме өнері пайда болды.
жануарлар дүниесі өзгере бастады.
Математикалық сауаттылық
8. Валютаны айырбастау бағамы (1)
Сингапурлық Мэй-Линг студенттермен алмасу бағдарламасымен Оңтүстік Африкаға үш айлық сапарға дайындалып жүрді. Оған бірнеше Сингапур долларын (SGD) Оңтүстік Африка рэндіне (ZAR) айырбастау керек еді.
Мэй-Линг Сингапур доллары мен Оңтүстік Африка рэндінің айырбастау курсы 1 SGD = 4,2 ZAR екенін білді.
Мэй-Линг осы курс бойынша 3000 Сингапур долларын Оңтүстік Африка рэндіне айырбастап алды.
Сұрақ:
Мэй-Линг қанша Оңтүстік Африка рэндін алды?
715 ZAR
1 250 ZAR
12 600 ZAR
10 200 ZAR
9. Кітап сөрелері (2)
Кітап сөресін жасау үшін ағаш ұстасына мынадай бөлшектер қажет:
- 4 ұзын ағаш тақтай;
- 6 қысқа ағаш тақтай;
- 12 кішкентай бекіткіш;
- 14 бұран (болт).
Ағаш ұстасының 26 ұзын ағаш тақтайы, 33 қысқа ағаш тақтайы, 200 кішкентай бекіткіші мен 510 бұраны бар.
Ағаш ұстасы неше кітап сөресін жасай алады?
6
12
14
5
Достарыңызбен бөлісу: |