17. Үлкен каньон (2)
Үлкен Каньон АҚШ-ғы шөлдердің бірінде орналасқан. Ол – тау жыныстарын құрайтын көп қабатты үлкен және терең каньон. Бір кездері жер қыртысының қозғалысынан осы қабаттар жоғарыға көтерілді. Қазіргі таңда үлкен каньонның тереңдігі кейбір жерлерде 1,6 км-ге жетеді. Каньон шетінде Колорадо өзені ағып жатыр.
Үлкен Каньонның оңтүстік шетінен жасалған суретке қараңыздар. Каньон баурайынан әртүрлі тау жыныстарының қабаттарын көруге болады.
Сұрақ:
Үлкен Каньонның А әктас қабатында жұмсақдененілер, балық және маржан сияқты теңіз жануарларының қалдықтары жиналған. 1 млн жыл бұрын осындай қалдықтардың жиналуына не әсер етті?
А. Ежелгі заманда адамдар сол аймаққа мұхиттан теңіз өнімдерін әкелетін.
В. Бір кездерде мұхиттар қаһарлы болатын, сондықтан теңіз тіршілік иелері үлкен толқындарымен құрлыққа келіп шайылды.
C. Бұл аймақты бір кездері басып жатқан мұхит кейін тартылып қалды.
D. Кейбір теңіз жануарлары мұхитқа қоныс аудару алдында құрлықта өмір сүрген.
18. Шолпанның Күн дискісінен өтуі (2)
2004 жылдың 8 маусымында Жердің көп бөлігінде Шолпан ғаламшарының Күн алдынан өтуі бақыланды. «Шолпанның Күн дискісінен өтуі» деп аталатын бұл құбылыс Шолпан Күн мен Жердің арасынан өткен кезде байқалады. Бұл құбылыс осыған дейін 1882 жылы, ал осыдан кейін 2012 жылы байқалған.
Төмендегі суретте 2004 жылы Шолпанның Күн дискісінен өтуі көрсетілген. Телескоп Күнге бағытталған, ал сурет ақ экранға түсірілген.
Сұрақ:
Неліктен Шолпанның өтуі кескінді телескоп арқылы тікелей емес, ақ экранға проекциялау арқылы бақыланды?
A. Күн сәулесінің тым жарықтығынан Шолпанды көру мүмкін болмады.
B. Күн үлкен, оны ұлғайтқыш құрылғыларсыз көруге болады.
C. Кескінді экранға проекциялау оны кішірейту үшін қажет болды
D. Телескоп арқылы күн сәулесіне қарасаңыз, көзіңізге зақым келуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |