Оқу сауаттылығы Морлэнд (1с)


Жаратылыстанушылық - ғылыми сауаттылық



бет6/9
Дата11.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#136972
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жаратылыстанушылық - ғылыми сауаттылық


15. Жел электр стансасы (1в)
Адамдардың көбі келешекте электр қуатын өндіру үшін мұнай мен көмірдің орнына жел қондырғыларын пайдаланатынына сенеді. Төмендегі суретте қалақтары жел күшімен айналатын жел электр стансасы көрсетілген. Қалақтар айналған кезде генераторлар электр қуатын өндіреді.



Сұрақ:
Төмендегі графиктерде төрт түрлі аймақтағы жыл бойына соғатын желдің орташа жылдамдығы көрсетілген. 
Электр қуатын өндіру мақсатында жел электр стансасын орнатуға ең қолайлы жер графиктердің қайсысында бейнеленген?

А. В.

С. D.
16. Киім (1а)
Бір топ британдық ғалымдар мүмкіндігі шектеулі балаларға «сөйлеу» мүмкіндігін беретін «ақылды» киім жасап жатыр. Сөйлеу синтезаторымен байланысты ерекше электртекстильден жасалған кеудеше киген балалар сенсорлы материалды түрту арқылы адамдармен оңай түсінесе алады. 
Материал қарапайым мата мен электр қуатын өткізе алатын көміртек сіңген талшықты тордан жасалған. Матаға қысым түскен кезде өткізгіш талшықтар арқылы таралатын сигналдардың құрылымы өзгеріп, компьютер чипі матаның қай тұсына қысым жасалғанын анықтайды. Содан кейін бала кеудешеге бекітілген кез келген электрондық құрылғыны іске қоса алады. Алайда құрылғының көлемі екі күкірт қорабынан үлкен болмауға тиіс. 
«Мұның ерекшелігі – матаны қалай тоқитынымызда және оған сигналды қалай жіберетінімізде. Біз оны матаға көзге көрінбейтін етіп енгіземіз», – дейді ғалымдардың бірі. Материалды еш зиян келтірместен жууға, заттарға орауға немесе умаждауға болады. Сонымен қатар ғалым оны жаппай өндіруге және қолжетімді бағамен сатуға болатынын айтты. 


Дереккөз: Стив Фаррер, «Интерактив мата киімнің практикалық құндылығына арттырады», Аустралия, 1998 ж.10 тамыз.


Сұрақ:

Матаның электр өткізгіштігін тексеру үшін сізге мына зертханалық жабдықтың қайсысы қажет?


A. Вольтметр


B. Неготоскоп
C. Mикрометр
D. Шуылөлшегіш




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет