Оқу сауаттылығЫ



Pdf көрінісі
Дата29.11.2022
өлшемі317,49 Kb.
#53551
Байланысты:
оқу сауат



ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
Нұсқау: Оқу сауаттылығы бойынша 4 мəтін жəне олардың мазмұны 
бойынша құрастырылған бір дұрыс жауапты тест тапсырмалары беріледі. 
Мəтінді мұқият оқып, мəтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап 
беріңіз. Таңдаған жауапты жауап парағындағы сəйкес орынға, дөңгелекшені 
толық бояу арқылы белгілеу қажет. 
 
1-мәтін 
Әлем кітапханалары 
Стокгольм кітапханасы швед сәулетшісі Гуннар Асплундтың 
басшылығымен тұрғызылған. Оның құрылыс жұмыстары 1924 жылы 
басталған екен. Құрылыс тӛрт жылдың ішінде аяқталып, яғни 1928 жылы 
кітапхана пайдалануға беріледі. Ескере кететін жәйт, бұл кітап оқуға құштар 
кез келген адамды қабылдайтын тұңғыш шведтік кітапхана болып табылады.
Копенгагендегі Корольдік кітапхана Данияның ұлттық кітапханасы 
болып табылады. Бұл кітапхананың қоймасында тарихи әрі құнды 
басылымдардың үлкен мӛлшердегі қоры сақталған. Корольдік кітапханада 
XVII ғасырдан бері Данияда басылып келе жатқан кітаптардың түгел 
нұсқалары бар. Сонымен қатар мұнда 1482 жылы Данияда басылған тұңғыш 
кітап сақталған. 
1. Корольдік кітапхананың бір ерекшелігі 
A) Құрылыс жұмыстарының ұзақ жүргізілуі 
B) Данияда басылған соңғы кітап ӛңделген 
C) Данияда басылған тұңғыш кітап сақталған 
D) Басылымдардың үлкен қоры аударылған 
E) Әлем ғұламаларының еңбектері сақталған 
2. Стокгольм кітапханасының тұрғызылған уақыты 
A) XVIII ғасыр 
B) XIX ғасыр 
C) XX ғасыр 
D) XVII ғасыр 
E) XXI ғасыр 


 
2-мәтін 
Ғаламтор 
Кӛптеген адамдар, әсіресе, ғаламтор қолданушылары, ғаламторды 
адамзаттың ең үлкен жетістігі екендігімен келісері анық. Ол ақпарат кӛзі 
болуымен қатар, адамдарға қажет біліммен сусындауға, қиюы келмес 
мәселелердің шешімін табуға кӛмектеседі. Жан-жақты білімді болуымызға, 
кӛптеген қызықты дүниелерді үйренуімізге ғаламтордың себебі мол. Оған 
қоса, ғаламтордың тағы бір артықшылығы – мемлекеттер мен құрлықтар 
арасындағы шекараны жойып, адамдарға араларындағы қашықтыққа 
қарамастан, бір-бірімен араласуға, сӛйлесуге мүмкіндік беруінде. Тіпті 
ғаламтор арқылы әлемнің екі бұрышындағы адамдар достасып, 
махаббаттарын да тауып жатады. 
Танымдық бағдарламаларды кӛру, жаңа ақпарат алу, білімімізді 
толықтыру, шет тілдерін үйрену арқылы ғаламторда уақытымызды тиімді 
әрі пайдалы ӛткізе аламыз. Кей адамдар ғаламтор арқылы мамандық алып, 
жұмысқа орналасып жатады. Бұлардан бӛлек ғаламтормен байланысты түрлі 
мамандықтар да пайда болған. 
Әрине, ғаламтордың пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда оның зияны 
да аз емес. Ғаламтордың зияны жайлы сӛз болғанда, ең бірінші, қозғалатын 
тақырып – ғаламторға тәуелділік. Ғаламтор қолданушыларының он 
пайызының оған тәуелді екендігі ғылыммен дәлелденген. Тіпті олардың 
бірқатары ғаламторды үй, тағам, су іспетті ӛмірлік маңызды дүние деп 
есептейді. Оңтүстік Корея, Қытай және Тайваньда ғаламторға тәуелділікті 
ұлттық деңгейдегі мәселе ретінде қарастырады. 
Ғаламтордың зияны тек мұнымен шектелмейді. Компьютер 
мониторының алдында ұзақ уақыт отыру кӛздің кӛруіне теріс әсер етсе, 
компьютер алдында дұрыс қалыпта отырмағанның салдарынан қимыл-тірек 
аппаратына зиян келеді. 
Адам психикасына кері әсер ететін ақпараттарды да ғаламтордың 
зиянды жағына қоса аламыз. Ғаламтор арқылы алаяқтар жеке тұлға жайлы 
мәлімет алып, оны ӛз мақсатына қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, әлемдік 
тор арқылы компьютер жүйесіне зақым келтіріп, зиянын тигізетін вирустар 
тарайды. 
Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманынан жиреніп
пайдасын кӛріп біліп, ал зиянынан сақтанайық. 


 3. Ғаламторға тәуелділікті ұлттық деңгейдегі мәселе деп қарастырған 
мемлекет 
A) Солтүстік Корея 
B) Ресей 
C) Оңтүстік Корея 
D) Жапония 
E) Қазақстан 
4. Мәтін бойынша ғаламтордың зиянды жағы 
A) ғаламтор арқылы жұмысқа орналасу 
B) танымдық бағдарламаларды кӛру 
C) адам психикасына кері әсер етуі 
D) әлемнің түкпір-түкпірімен байланысу 
E) ғаламтор арқылы түрлі шет тілдерін үйрену 
5. Мәтін бойынша дұрыс ақпарат 
A) Ғаламтормен жұмыс жасау денсаулыққа пайдалы.
B) Ғаламторды табыс кӛзіне айналдыра алмайды.
C) Әлемдік тор арқылы зиянын тигізетін вирустар жойылады.
D) Ғаламтор арқылы жеке тұлға туралы мәлімет алу мүмкін емес.
E) Ғаламтор қолданушыларының 10%-ы оған тәуелді.
6. Мәтін мазмұнының реттілігі 
1. Ғаламтордың ӛмірлік маңызды дүние деп есептелуі. 
2. Қашықтыққа қарамастан, араласуға мүмкіндіктің болуы. 
3. Адам ағзасына кері әсері болуы.
A) 2.1.3 
B) 1.2.3 
C) 2.3.1 
D) 3.1.2 
E) 3.2.1 


3-мәтін 
1. Абайда астарлы сӛздер кӛп. Қарапайым оқырман түгілі, небір 
ғалымдар да шешімін таппай, жауабын іздеп жатады. Сондай жұмбақ болып 
келе жатқан сӛздердің бірі – «Байы – баспақ, биі – саспақ» деген жолдар. 
Сӛздің түпкі негізін іздесек, баспақ – қара малға қатысты айтылатын сӛз. Ол 
сиырдың екі бақайының арасына шығатын кесапатты жұқпалы бӛрткен. 
Ауырған мал аяғын баса алмай, баспақтап қалады. Ақыры асқына келе еті 
қарайып, қанталап, арам қатады. 
2. Халық ойын пайымдасақ, баспақ деп аттың терісінен жасалған, аузы 
бүрілген шӛншікті айтады. Байлар ӛзінің қолына түскен құнды бұйымды 
соның ішіне баспалап, нығарлап сала береді. «Ырысым шашылады» деп 
ырым етіп, оны ашпайды. Кейін не тыққанын ұмытып та қалады. Сараң 
байлар дүниеден ӛткен соң ғана әлгі баспақты тіліп ашады. Абайдың меңзеп 
отырғаны осы баспақ, яғни, сараңдық болуы мүмкін. 
3. Баспақ – «басу, жаншу» мағынасындағы сӛз екендігі белгілі. Қазақта 
«Басшысы жоқ – баспақ» деген сӛз бар. Сӛз астары жӛн айтар, жол нұсқар 
әділ басшыға жарымаған елдің аяққа таптаулы халін сипаттап тұр.
Абай: «Кедейі – ер, Кеселі – зор, Малды байдан сорлы жоқ», – деп неге 
айтты дейсіз? Себебі байдың малы – ұры мен бидің азығы. «Айтты – кӛндім, 
Алды – бердім, Енді ӛкіндім, ӛзіме аз», – жыларман болады бай. Неге? 
Байдың малына кӛз тігушілердің араны – апандай. Олар бай берсе – қолынан 
сұрап алады, бермесе – жолынан ұрлап алады. Бай малын даулап, жалынып 
биге барады. Осылайша амалы жоқ кӛнбіс байды ұры мен басшылар қатар 
жеп отырады. Бұлар сол – «әулекі аспақ сыпыра қулар». Осыған кӛнген 
бейшара байлар «Басқа түссе – баспақшыл» болады. Байдың құқығы табанға 
таптаулы, дауы аяқсыз қалады. «Байды жаулап жетісерлердің» айыбын би де 
олардың мойындарына қойып бере алмайды. Керісінше, әділ тӛрелік айтуға 
тиісті мұндай дауда бидің екі жақтан алатын «ӛз үлесі» бар. Екі жаққа да 
жалтақтаған бидің халі саспақ күйде болады. «Бидің – саспақ» болатыны 
содан. 
7. «Байы – баспақ, биі – саспақ» сӛзінің түйіні 
A) жомарттықтың жолы, елдің разылығы 
B) ырыс шашылады деп ырым етіп, оны шашпауы 
C) байлықты кӛтере алмау, билердің тойымсыздығы 
D) байлықтың ӛзіне бұйырмауы, әділдіктің жоқтығы 
E) байлықтың рәсуа етілуі, билердің адалдығы 
8. Шӛншікке байланысты «баспақ» сӛзінің шығу тӛркіні 
A) сараң бай дүниеден ӛткен соң ғана баспақты ашуына байланысты 
B) ырыс шашылады деп ырым етіп, оны ашпауына байланысты 
C) шӛншік аттың терісінен жасалып, аузының бүрілуіне байланысты
D) байдың кейін қайда тыққанын ұмытып қалуына байланысты 
E) құнды бұйымды соның ішіне баспалап, нығарлап салуына байланысты 


 9. Мәтіннің екінші бӛлімінде берілген «баспақ» сӛзіне түсінік 
A) сараңдық, бұйырмаған байлық 
B) байдың құқығы, бидің тӛрелігі 
C) ысырапшылдық, тӛрелік 
D) мал ауруы, зат атауы 
E) ұрлық, бейшаралық 
10. Бидің әділ тӛрелік ете алмауының себебі 
A) байдың малының кӛптігін біліп, ӛзін әуреге салмауы 
B) айыптаушыдан да айыпталушыдан да пара алуы 
C) босқа әлектің қажетсіз екенін түсініп, әуреленбеуі 
D) ӛз шешімінің әділдігіне күдіктенуі, сенімсіздігі 
E) байдың байлығына сенімсіз болып, күдіктенуі 
11. «Баспақшыл байдың» бейнесіне сай келмейтін қатар 
A) сорлы бай 
B) сараң бай 
C) кӛнбіс бай
D) бейшара бай 
E) ұры бай 
12. Жәбір кӛрген елдің аяққа таптаулы жағдайын сипаттап тұрған сӛз
A) «Айтты – кӛндім, Алды – бердім, Енді ӛкіндім, ӛзіме аз»
B) «Байы – баспақ, биі – саспақ»
C) «Кедейі – ер, Кеселі – зор, Малды байдан сорлы жоқ»
D) «Басшысы жоқ – баспақ»
E) «Басқа түссе – баспақшыл»


4-мәтін 
1. Халқымыздың дәстүр-ғұрпында ата-бабаларымызға арналған ас беру 

ертеден келе жатқан рәсім. Ас осал адамға берілмейді. Ол асқан-
тасқандықты кӛрсетпейді. «Ӛлі риза болмай, тірі байымайды» дейтін 
мақалдың да ӛмірден орын алуы тегін емес. 
Қазақ халқының тарихында Үш жүзге мәлім болып, сауын салған, 
жарты не бір жыл бұрын арнайы хабар жіберіліп, бір-екі ай дайындық 
жүргізілетін ас әзірлігі рухани тазалық пен мәдени ӛсудің ӛрісін танытатын 
сын, ұлттық үлгі болған. 
2. «Қарадан шығып хан болған» Құнанбай аға сұлтанның атақ-даңқын 
алты алашқа жайған келесі бір ӛнегелі ісі 

әкесі Ӛскенбайға Үш жүздің 
басын қосып ас беруі. Ӛскенбай Ырғызбайұлының асы 1851 жылы шілде 
айында Кӛкшетау жерінде берілген. Мәшһүр Жүсіп Кӛпейұлының 
«Құнанбай туралы» жазбаларына сүйенсек, қазақ жұртында Ӛскенбайдың 
асындай ас болмаса керек. «Құнанбай әкесі Ӛскенбай ӛлгенде, ел таудан 
жаңа қонған кез екен. «Бүгінгі дүйсенбіден келер дүйсенбіге жаназа 
оқылатын күн», 

деп ел шақырды дейді. Жаназаға жиналған жанға жетпіс 
үй тігілген. Сонда сол үйлердің керек-жарағының бәрі ӛзінің ішінде тұрды, 
самаурын қайнататын кӛмірі әр үйдің ӛз алдына үйілді. Жаназаға жиылған 
жан басына бір-бір жайнамаз садақасы болды дейді. Бәйгеге шабылған 
қанша ат болса: «Ат тері әкемнің мойнында қалмасын!» 

деп, қалған атқа 
да ат майын тӛлеп отырды дейді...». Құнанбай қанша дәулетті болса да, 
имандылықты жоғары бағалап, Құдай ӛзі жаратқан халықтың мұң-
мұқтажын оңтайлы шешуге күш-жігерін аямаған. 
3. Ас ӛте сәулетті, кӛркем түрде ӛтеді. Аққойтас ӛзенінің бойына 
мыңдаған ақ үйлер тігіліп, ұлы сойыс жасалады. Ас ойын-сауық, қызық 
кӛру түрінде ӛтеді. Оны басқарушылар 

Тәттімбет пен Жанақ ақын, 
Найман бала, топталған күйшілер, оның ішінде атақты күйші Дайрабай мен 
оның баласы Бақтыбай да бар. 
4. Жер қайысқан адам жиып, ас беру 

бір адамның қолынан 
келмейтін іс. Мыңдаған мал союға, тоғыз-тоғыздан бәйгелер тігуге, осының 
барша шығынын ӛтеуге, әрине, Құнанбайдың жеке мүлкі де жетпес еді. 
Құнанбай мырза әкесі Ӛскенбайға ас беретін жерді іргелес ел 

Кӛкшетаудан жайдан-жай таңдап алмаған. Біріншіден, Кӛкшетау 

қазақтың 
киелі жері, жер шоқтығы, Абылай хан ордасы тігілген, мекен-қонысы 
болған қасиетті бабалар мекені. Екіншіден, терең ойлы, мол парасат, жүйрік 
саясат иесі Құнанбай мырза ӛзінің аға сұлтандыққа сайлануына игі септігін 
тигізетін Тілеген биге іш тартып, ас үстінде әлдеқалай келіспеушілік ӛрті 
тұтана қалған жағдайда Қамбар батырына сенім артсам деген ішкі есебі де 
болған... 


13. Ӛскенбай асының Кӛкшетау жерінде ӛткізудің бір себебі
A) Абылай ханның ордасы тігілген қоныс-мекені болғандықтан 
B) Кӛкшетау 

ақын-жыршылар елі болғандықтан 
C) Табиғаты жайлы болғандықтан 
D) Тобықты елінің шешімі болғандықтан 
E) Атағын алты алашқа жаю керек болғандықтан 
14. Ӛскенбайға арналған ас суреттелген бӛлімдер қатары 
A) бірінші, тӛртінші 
B) екінші, үшінші 
C) үшінші, тӛртінші 
D) бірінші, екінші 
E) тӛртінші, екінші 
15. Құнанбай мырзаның аста келіспеушілік болған жағдайда сенім
артатын адамы 
A) Тілеген би 
B) Найман бала 
C) Тәттімбет күйші 
D) Жанақ ақын 
E) Қамбар батыр 
16. Ӛскенбайдың асы ӛткен мезгіл 
A) күз 
B) күздің басы 
C) жазғытұрым 
D) кӛктем 
E) жаз 
17. Мәтін мазмұны бойынша ақпараттардың дұрысы 
1. Жаназаға жиналғандарға жүз үй тігілген. 
2. Ӛскенбайдың асы Семей жерінде берілді. 
3. Әкесінің асында Құнанбай бәйгеден озбаған аттарға да «ат майын» 
бергізген.
A) 3 
B) 1 
C) 2 
D) 1 мен 2 
E) 2 мен 3 
18. Мәтінде Құнанбайға берілген баға 
A) жер қайысқан малдың иесі 
B) білім-ғылымға жақын болған адам 
C) қарадан шығып хан болған адам 
D) атақ-даңққа құмар адам 
E) асқан-тасқандықты кӛрсеткісі келетін адам 


19. Мәтін бойынша Құнанбай мырзаға қатысты сӛз тіркестері 
A) шешен, даналық иесі 
B) даңқты, үлкен сенім иесі 
C) жігерлі, мол дәулет иесі 
D) терең ойлы, мол парасат иесі 
E) айлалы, асқан ақыл иесі 
20. «Сауын айту» сӛзінің мағынасы 
A) Үлкен асқа алты ай немесе бір жыл бұрын хабар беру 
B) Бір апта бұрын дайындық жасау 
C) Асқа киіз үй тігу 
D) Той болса алдын ала хабар жіберу 
E) Бәйге аттарын дайындау 
 ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫНАН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет