Оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат



Pdf көрінісі
бет12/78
Дата13.06.2023
өлшемі1,9 Mb.
#100791
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   78
1.4 ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы мызғымас басымдықтар – білім 
алушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, баланың жеке басына құрмет пен 
сенім, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып 
табылады.
2023-2024 оқу жылы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы келесідей 
негізгі бағыттарды басшылыққа алады: рухани-танымдық тәрбие; ұлттық 
тәрбие; отбасылық тәрбие; қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа 
тәрбиелеу, құқықтық тәрбие; еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие; зияткерлік тәрбие, ақпараттық 
мәдениетті тәрбиелеу; дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Білім беру ұйымдарындағы тәрбие мен оқытуда жалпыадамзаттық және 
ұлттық құндылықтар негізінде білім алушылардың бойында адами қасиеттерді 
қалыптастыруға басымдық береді. Тәрбие мен оқытудың тұтастығын 
қамтамасыз ету үшін: 
1) пәндік мазмұн шеңберінде: 
− әр пәннің қысқа мерзімді жоспарын әзірлеуде тәрбиелік мақсатты қою 
және оның сабақ барысында жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
− бастауыш сынып пәндері апталығын жоспарлауда ортақ тақырыптар 
мен ұлттық құндылықтарды негізге алу және оның іс-шаралар арқылы жүзеге 
асырылуын қамтамасыз ету; 
− пән апталықтарын жоспарлау мен өткізуде ұйымдастырылатын іс-
шаралардың тәрбиелік мәніне назар аудару және оның мазмұны арқылы жүзеге 
асырылуын қамтамасыз ету ұсынылады. 
2) сынып сағаттары мен тәрбие іс-шаралары шеңберінде: 


18 
− ар-ұждан, әділеттілік, мейірімділік, адалдық, отаншылдық, азаматтық 
жауапкершілік, еңбекқорлық қасиеттерін қалыптастыру және ұлттық мұра мен 
қазақ тілін қастерлеу, қоғам игілігіне қызмет ету, денсаулық пен салауатты өмір 
салтын ұстану тәрбие жұмысының жылдық жоспарындағы іс-шаралар мен 
сынып сағаттарының мазмұнында ескеру ұсынылады;
− сынып сағаттары аптасына 1 сағат мектептің сабақ кестесіне енгізілуі 
және жүйелі түрде өткізілуі ұсынылады. 
3) сыныптан тыс іс-әрекеттер шеңберінде: 
− білім алушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру мақсатында пән 
мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің бірлескен жобаларын жүзеге асыру және 
қосымша білім алуға жағдай жасау ұсынылады; 
− білім беру ұйымына аты берілген тұлғалар туралы білім алушылардың 
тереңірек білуіне бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру; 
− білім беру ұйымы орналасқан өлкенің танымал тұлғаларымен, еңбек 
ардагерлерімен және мектепті аяқтап табысты еңбек етіп жатқан түлектерімен 
кездесу ұйымдастыру ұсынылады. 
Білім алушылардың мектептен, сыныптан тыс уақытта бос уақыттарын 
дұрыс ұйымдастыру үшін мектепте қосымша білім алумен яғни, дене 
шынықтыру және спорттық; көркемдік-эстетикалық, туристік-өлкетану, 
экологиялық-биологиялық және техникалық бағыттардағы үйірмелер және 
пәндік факультативтік сабақтармен қамтамасыз ету ұсынылады.
Білім беру ұйымдарында білім алушыларды білімге ынталандыру мен 
денсаулықты сақтауға, ұлттық өнер мен мұраны қастерлеуге және қоршаған 
ортаға қамқорлық жасауға баулитын «Тоғыз айға 9 іс-шара» ұсынылады.
Аталған іс-шаралар барлық білім беру ұйымдарында бір уақытта 
басталады. Қатысушылар санын және қатысушылардың киімдерін әрбір білім 
беру ұйымы дербес анықтайды. Іс-шараны ұйымдастыру барысында 
қатысушылардың жас және жеке дара ерекшеліктері ескерілуі қажет.
Қыркүйек айында «Сергіту сәті» шарасын өткізу ұсынылады. Негізгі 
мақсат – білім алушыларға салауатты өмір салтын дәріптеу, спортқа тарту.
Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке - 25 қазанда атап өтілетін 
Республика күніне орайлас «Әнұран орындау» шарасы ұсынылады.
Ұлттық ойындар мен өнерді дәріптеу мақсатында қараша айында «Асық 
ойыны», наурызда «Домбырашылар», сәуірде «Тоғызқұмалақ, шахмат ойнау»
шараларын өткізу ұсынылады.
Білім алушыларды білімге, оқуға құштарлығын оятып, кітап оқуды 
дәріптеу мақсатында желтоқсан айында «Шығарма жазу», қаңтарда «Қазақ 
есебі», ақпанда «Оқуға құштар мектеп» және мамыр айында қоршаған ортаны 
аялауға баулу үшін «Жасыл мекен» шарасын өткізу ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет