32
пікірлерді талдайды және салыстырады;
- медиа құралдарды қолдана отырып, ғаламдық тақырыптарға қатысты
мәселелерді нақтылайды және проблемаларға әртүрлі пікір тұрғысынан талдау
жасайды;
- АКТ
арқылы презентация жасайды, салыстырады, бағалайды,
жетілдіреді, зерттейді және бірлесе отырып, пікірлерін дәлелдейді.
Педагогтерге білім беру процесінде тілдік пәндерді оқытуда цифрлық
құзыреттер мен дағдыларды дамыту бойынша ұсыныстар:
1. Оқу процесіне сандық құралдар
мен қосымшаларды қосуды
жоспарлаңыз. Бұл құралдар оқуға, тіл үйренуге арналған қосымшалардан,
интерактивті тақталардан, пән мазмұнын меңгеруге, тіл үйренуге арналған веб-
сайттардан және бейнеконференция бағдарламаларынан тұрады. Әлеуметтік
медианы пайдалану білім алушылардың материалды өздігінен ізденіп, меңгеруін
қамтамасыз етеді. Мысалы, мұғалімдер әлеуметтік
желілерде бейнелер мен
подкасттар құрып, орналастыра алады, ал білім алушылар пікірлер қалдырып,
материалды талқылауға қатыса алады.
2. Білім алушыларды өздігінен ізденіп оқуға, тіл үйренуге ынталандыру
үшін ойын әдістерін қолдану. Бұл әдістер оқып-үйренуді қызықты ету үшін ойын
принциптерін қолданады. Педагогтер білім алушыларға
сөздіктен сөздерді
немесе сөйлем құрылымдарын талдауға, есте сақтауға көмектесетін интерактивті
викториналар мен ойындар жасау үшін түрлі платформаларды пайдалана алады.
3. Тілдік дағдыларды дамытудың тиімді әдісі болып табылатын және білім
алушыларға бір-бірімен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін бірлескен
оқытуды ынталандыруды онлайн оқыту платформалары арқылы жүзеге асыруға
болады.
Бұл платформалар білім алушылар бірлесіп жұмыс істей алатын,
пікірталастарға қатыса алатын және ресурстармен бөлісе алатын онлайн орталар
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: