Оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат


Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша ұсыныстар



Pdf көрінісі
бет26/78
Дата13.06.2023
өлшемі1,9 Mb.
#100791
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   78
Байланысты:
әд.нұсқау хат 2023-2024 оқу жылы

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша ұсыныстар 
Математикалық сауаттылық функционалдық сауаттылықтың құрамдас 
бөлігі болып табылады. Математикалық сауаттылық – бұл әртүрлі мәнмәтіндегі 
есептерді шешу үшін негізделген математикалық пайымдаулар тұыжырымдау, 
математиканы қолдану қабілеті. 
Мектептегі математикалық білім берудің мазмұны білім алушылардың 
зияткерлік дамуына, олардың ойлау мәдениеті мен дербестігін қалыптастыруға, 
алған білімдерін практикада қолдану мүмкіндігіне бағытталған. Қойылған 
міндеттерді шешу үшін мектеп математика курсын игеру барысында негізгі және 
маңызды орындардың бірін алатын жаттығулар жүйесіне ерекше рөл беріледі. 
Математика бойынша жаттығулар жүйесіне келесі типтегі тапсырмалар кіреді: 
ағымдағы оқылатын материалды қолдануға арналған тапсырмалар; әртүрлі 
деңгейдегі тапсырмалар; шығармашылық тапсырмалар; пәнішілік және 
пәнаралық байланысты жүзеге асыруға бағытталған есептер және т.б. 
Математика сабақтарында әртүрлі мазмұндағы мәтінді есептерді (пәнаралық 
есептер, тәжірибеге бағытталған тапсырмалар, ситуациялық есептер) шешуге 
көп көңіл бөлу керек, олардың кейбіреулерін шығару барысында есептің мәтіні 
бойынша математикалық модель құрастырылады.
Сонымен қатар, үлгілік оқу бағдарламаларында «Математикалық 
моделдеу және анализ» бөлімі берілген. Әр тарауды игерген кезде мәтінді 
есептерді шығаруға, математикалық сауаттылықты дамытуға арналған, 
практикаға бағытталған тапсырмаларды орындауға назар аудару ұсынылады.


36 
«Математика және информатика» білім саласы оқу пәндерін оқыту 
барысында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында білім 
алушыларға анықтамалықтарды қолдану, оқу, әдістемелік және анықтамалық 
әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу; 
математикалық формулаларды қолдану, дербес жағдайларды жалпылау негізінде 
шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру
игерілген математикалық білім, білік, есептеу, өлшеу және графиктік 
дағдыларды пайдаланып практикаға бағытталған тапсырмаларды шешу; 
дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген 
қорытындылар жасау; математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті 
ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана 
отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру 
іскерліктерін үйрету ұсынылады.
Сонымен қатар, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру кезінде 
білім алушылардың жазбаша дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыстарды 
жүргізу ұсынылады: тапсырмаларды орындау үшін нұсқаулықтар мен 
алгоритмдер жасау; математикалық есептерді ауызша және жазбаша шешу 
тәсілдерін сипаттау және түсіндіру; тапсырманың орындалу барысын ауызша 
және жазбаша талдау.
Математикалық сауаттылық зерттеу сипатындағы тапсырмаларды шешуде 
де қалыптасады, оларды орындай отырып, білім алушылар қолда бар деректерді 
тапсырма сұрақтарымен байланыстыра алады, тапсырма сұрағынан қолда бар 
деректерге іздеу қадамдарын жоспарлайды, табылған шешімді тапсырма 
сұрақтарымен салыстырады, нәтижені алудың әр қадамының дұрыстығын 
дәлелдейді, табылған шешімнің дұрыстығы мен толықтығын тексереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет