Оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат


Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша ұсыныстар



Pdf көрінісі
бет21/78
Дата13.06.2023
өлшемі1,9 Mb.
#100791
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78
Байланысты:
әд.нұсқау хат 2023-2024 оқу жылы

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша ұсыныстар 
«Тіл мен әдебиет» саласы бойынша оқытудың басты ерекшелігінің бірі – 
білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда, оқу 
сауаттылығын арттырып, тілін дамыту, сөздік қорын кеңейту мақсатында оқу 
және жазба жұмыстарына басымдық беру болып отыр. Әсіресе, балалардың 
дыбыстарды дұрыс айта білу, ойын дұрыс жеткізе білу, сауатты жаза білу 
дағдысын қалыптастыруға да ерекше назар аударылады. Осы мақсатта әдеби 
тілдік норма білім алушының жас ерекшелігін ескере отырып, функционалдық 
тұрғыдан ұсынылады.
Бастауыш сынып білім алушыларының функционалдық сауаттылығын 
қалыптастырудың нәтижелілігін қамтамасыз ету үшін педагогтерге арнайы 
саралап оқыту, тұлғаға бағдарланған, белсенді білім беру технологияларын 
қолдану қажет, мысалы:
- ұйымдастырушылық, интеллектуалдық және басқа да дағдыларды, оның 
ішінде оқу-жаттығу қызметін өз бетінше жүзеге асыру дағдысын 
қалыптастыруға мүмкіндік беретін жаңа білімді игерудің проблемалық 
диалогтық технологиясы; 
- маңызды коммуникативтік дағдыларды дамытуға жағдай жасайтын 
дұрыс оқу іс-әрекетінің түрін қалыптастыру технологиясы;
- ұйымдастырушылық, зияткерлік, коммуникативтік және бағалау 
дағдыларын қалыптастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін жобалау 
қызметінің технологиясы (әртүрлі плакаттар, жадынамалар, модельдер 
дайындау, алынған нәтижелерді міндетті түрде таныстыруды көздейтін 
көрмелер, викториналар, конкурстар, спектакльдер, шағын зерттеулер 
ұйымдастыру және өткізу және т. б.); 
– оқытудың деңгейлік саралануы, оны қолдану мұғалімнің білім 
алушылармен өзара әрекеттесу стиліне белгілі бір өзгерістер енгізеді.
Тіл мен әдебиет сабақтарында білім алушыларда тек пәндік білім, білік, 
дағдыларды ғана емес, материалдарды жинау және реттеу әдістерін, сұрақтар 
құрастыру және дереккөздермен жұмыс жасауда проблеманы қоя білу 
біліктілігін, сәйкестендіру әдістері мен дереккөздерді сыни бағалауын, 
материалдарды жинақтау және нәтижелерді тексеру сынды кең ауқымды 
дағдыларды меңгерту функционалды сауаттылығын қалыптастырады.
Тіл салалары бойынша оқытудың негізгі мақсаты – сөйлеу әрекетінің 
түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым) қолдана отырып, тілдік 
білімді меңгерту. Тыңдалым дағдысы бойынша негізгі ойды түсіну, ақпаратты 
анықтау, түсінгенін практикада қолдана білу бағаланады; осылардың ішінде 
басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғышарты – тыңдалым әрекеті 
болып табылады. Өйткені күнделікті өмірде білім алушы көптеген ақпаратты 
сағат сайын естіп, көріп тыңдайды. Кез келген ақпаратты тыңдау арқылы түсіну 
сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Егер білім алушы өзіне керек мәліметті тыңдау 
арқылы тауып үйренсе, ол басқа үш дағдыны (айтылым, жазылым, оқылым), 
яғни айтылып жатқан мәліметті түсінеді; өз пікірін білдіре алады және 
басқалармен қарым-қатынас жасай алады; тақырыпқа қатысты деректі түсініп 
оқиды; көтерілген мәселеге өз көзқарасын жазбаша жеткізе алады.


28 
Тыңдалым дағдысының мақсаты – аудиожазбаның мазмұнын түсінуге, 
белгілі бір ақпаратты қабылдауға, мәтін детальдарын түсінуге, айтылған ойды 
толық түсінуге, сөйлеушінің сөзін еш қиындықсыз ұғынуға, ауызекі, анық 
құрылмаған сөйлеу тілін өздігінен түсінуге, бұқаралық ақпарат құралдары мен 
телерадио бағдарламаларды еркін түсініп қабылдауға, таныс және бейтаныс 
тақырыптағы сөйлесімнің негізгі ойын түсінуге үйрету.
Оқытудағы тыңдалым дағдысы бойынша басты белсенді әрекет – білім 
алушыларды қоршаған ортадағы кез келген ақпаратты тыңдау арқылы түсінуге 
бейімдеу керек. Ол үшін сабақ барысында түрлі белсенді жұмыс түрлерін 
пайдалану және ол өзекті, қызықты, әртүрлі болуға тиісті. 
Айтылым дағдысының мақсаты – сөзді дұрыс айта білудің заңдылықтарын 
және қалыптасқан нормаларын меңгеру. Айтылым – тілмен түсінісуді жүзеге 
асыратын сөйлесім әрекетінің бір түрі. Ол тілдік қарым-қатынас барысында 
адамның өз ойын жарыққа шығару процесі. Айтылым, яғни, сөйлеу негізінен, бір 
адамға ғана тән болғанымен, тілдік қатынаста екі жақты байланыстың болуын 
қажет етеді
Айтылым дағдысы бойынша: 
- белгілі бір тақырыпқа қатысты ойын білдіру; 
- өз көзқарасын дәлелдеу; 
- шешім шығару, қорытынды пікір жасау; 
- зерттеушілік (анализ, синтез); 
- ақпаратты өңдеу дағдылары қалыптасады. Білім алушылардың айтылым 
дағдысын қалыптастыруда белсенді әрекеттерді қолдану өте тиімді. Мысалы: 
Топтық жұмыста айтылым дағдысын қалыптастыруда «Ашық ойла» белсенді 
оқытуы өте тиімді. Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап ортақ 
пікір қалыптастырады. Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға 
байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір-бірінің 
жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып, ортақ пікірді қағаз ортасына 
жазып, ойларын қорғайды. 
Айтылым дағдысын қалыптастыруда тірек сызбалар арқылы оқыту да 
нәтижелі тәсілдің бірі. Тірек сызбаны пайдалану білім алушыны сөйлеу үшін 
ғана емес, олардың оқу-таным белсенділігін арттыру, ой-өрісін кеңейту үшін де 
қажет. Мұндай тірек схемалардың тиімділігі, біріншіден, сынып білім 
алушыларын түгел қамтиды, екіншіден, сөйлем құрастыруға, сұрақ қойып, оған 
жауап беруге көмектеседі, үшіншіден, әңгіме құрастырып, оны әңгімелеп беруге 
үйретеді және есінде сақтауға ықпалын тигізеді, төртіншіден, білім алушыны 
пәнге қызықтырады, ынтасын арттырады және мұғалімге сенімді көмекші әдіс. 
Осы арқылы білім алушылар қиын тақырыпты жеңіл меңгереді, үлгерімі нашар 
білім алушыларда белсенділік пайда болады. 
Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы дағдылардың бірі – 
оқылым. Оқылым арқылы білім алушы не үйренеді? Олар мәтінді және оқу 
стратегиясының типтерін түсінуге, негізгі ойды және мәтіннің құрылымдық 
бөліктерін, мәтіннің стилі мен типін анықтауға, оқылған мәтін негізінде сұрақ 
құрастыруды, әртүрлі деректерден қосымша ақпаратты айқындауды және 
мәтіндердің салыстырмалы сараптамасын қолдануды үйренеді. Мысалы: 


29 
бастауыш білім беру деңгейінің 3–сыныбындағы «Әдебиеттік оқу» пәнін 
оқытуда «3.2.2.1 қолдануға (практикалық) және бағалауға негізделген сұрақтар 
қою және жауап беру» оқу мақсаты; орта білім беру деңгейінің 6-сыныбындағы 
«6.2.2.1 құттықтау, өмірбаян, жаңалық, хабарландырудың құрылымдық және 
жанрлық ерекшеліктерін ажырату» мақсаттары оқылым дағдысына берілген, бұл 
жерде білім алушының жас ерекшелігіне қарай оқу мақсаты қарапайымнан 
күрделіге өсіп отыр. Бұл алынып отырған бастауыштағы оқу мақсаты күрделілік 
деңгейіне қарай бір сабақта жүзеге асырылатын болса, орта білім беру 
деңгейіндегі оқу мақсаттары түгел бір сабақта жүзеге асырылмайды. Бір сабақта 
құттықтаудың, келесі сабақта өмірбаянның, одан кейінгі сабақта жаңалықтың, 
хабарландырудың құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін ажырату тапсырмасын 
даралап бересіз және бұл оқу мақсаты басқа бөлімде қайталанып келгенде, білім 
алушыға қажеттілігін ескересіз. Мысалы, сізге ұсынылған үлгіде тақырып драма 
театры туралы болғандықтан, құттықтау мен өмірбаяннан гөрі жаңалық пен 
хабарландыру мәтінін қолдану тиімді болды. Алайда білім алушылар 
хабарландырудың құрылымын, ерекшеліктерін жылдам меңгеріп алғанына көз 
жеткізсеңіз, оның орнына жаңалықты немесе театр жетістіктері мен 
құттықтауды, тіпті болмаса белгілі бір актердің өмірбаянын алсаңыз да болады. 
Ең бастысы, мәтін құрылымы сақталып, жанрлық ерекшелігін танитындай болуы 
керек. Оқылым мақсатын жазылым дағдысына бағытталған мақсат 
толықтырады. Бұл жерде жазылымға «өмірбаян, хабарландыру, құттықтау жазу 
үшін құрылымын ескеріп, қарапайым жоспар құру» мақсаты алынып, 
хабарландыру жазу үшін қарапайым жоспар құру тапсырмасын беруге болады. 
Сонда оқылым мақсатындағы алған дағдыларын жазылыммен бекітеді, сабақ 
жүйелі жүргізіледі. Ал әдіс пен тәсілді өз ыңғайыңызға қарай қолданыңыз. Тек 
оқу мақсатын жүзеге асыруды ұмытпаңыз. Егер оқу мақсаттарын жүйелі, тиімді 
жоспарласаңыз, бағалауды да тиімді жүргізесіз. 
Жазылым – барлық тілдік дағдылардың негізінде қалыптасатын күрделілік 
деңгейі жоғары дағды. Жазылымды қалыптастыру бірізді жүйелі жұмыс 
тізбегінен қалыптасады. Жазылым сөздерден ғана емес, ойды жеткізуге 
негізделген сөздердің логикалық тізбегі, яғни сөйлемнен тұрады. Жазылым 
дағдысы тіл білімінің барлық салалары бойынша білімді қажет етеді. Сөйлемнің 
синтаксисін, яғни сөйлемдегі сөздерді байланыстыру мен сөздердің сөйлемдегі 
орын тәртібін меңгеру міндетті. Сонымен қатар пунктуациялық емлелерді 
тәжірибеде қолдана алу дағдыларын да қажет етеді. 
Жазылым дағдысының ең күрделі әрі шығармашылықты қажет ететін түрі 
– эссе. Эссе жазу білім алушының бірнеше ойлау әрекеттерін жүзеге асыру 
арқылы білім алушының шығармашылығын дамытады. Эссе жазуға 
дағдыландыру үшін ең алдымен білім алушыларға өз ойын, жеке көзқарасын
пікірін тиянақты жеткізе білуді қалыптастыру қажет. Ол үшін мысалы, 
«4 сөйлем» әдісі, «Синквейн» «Комментарий жазу», «Дербес пікір жазу 
(негативтен-позитивке)», «Екі жақты күнделік» сияқты әдістерді пайдаланған 
тиімді. Бұл әдістер арқылы білімалушы өз ойын дәлелдеп, растауды, аргумент 
келтіруді меңгереді. Сонымен қатар, ойын қорытындылап, шешім шығаруға 
дағдыланады.


30 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет