31
ойтолғау, эссе, сыни мақала, т.б. жаза білуге үйренеді.
«Тіл мен әдебиет» бойынша бастауыш, орта білім беру деңгейлерінде
сыныптағы және сыныптан тыс жұмыстар білім алушының жас ерекшелігін
ескере отырып, күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға
бағытталуы қажет. Шығармашылық жұмыстар
әртүрлі тапсырмаларды өздігінен
орындау білігін
қалыптастыруды нысана тұтып, оқытудың қай түрі болмасын
білім алушы құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етуі тиіс.
Тілдік пәндерді оқытуда баланың тұлғалық ерекшелігін ескерген жөн:
1) шығармашылық қабілеті жоғары білім алушыларға әртүрлі
тақырыптарда шығарма, эссе, әңгіме жазғызып, ізденімпаз, қызығушылығы
жоғары білім алушыға ақпарат құралдарынан материал жинап,
баспасөз-
конференция сабағын өткізуді тапсыру оң нәтижесін береді;
2) оңтайлы пайдаланылған дидактикалық, сюжеттік, рөлдік ойындар да
білім алушының өзін таныта алуына, сыныптастар пікірімен санасуына, шешен
сөйлеу қабілетін үйренуіне және білімін жан-жақты көрсетуіне мүмкіндік береді;
3) білім алушылардың ой-өрiсiн дамытып, оларға тiлдiң ұлттық мәдени
мұра,
тiршiлiктiң өзегi, танымның көзi екендiгiн сезiндiру үшін ақпараттық
технология
ресурстарын,
мультимедиалық
құралдарды,
ғаламтор
материалдарын, бейнероликтерді, электронды оқулықтарды кеңінен қолдану
тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: