Оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат


Пәндік, метапәндік және негізгі (жоғары сыныптарда) құзыреттерді



Pdf көрінісі
бет27/78
Дата13.06.2023
өлшемі1,9 Mb.
#100791
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78
Байланысты:
әд.нұсқау хат 2023-2024 оқу жылы

Пәндік, метапәндік және негізгі (жоғары сыныптарда) құзыреттерді 
дамыту бойынша ұсынымдар 
Оқу пәнінің кез-келген тақырыбы аясында білімалушының алдына белгілі 
бір пәнді оқу кезінде алынған білімнің көмегімен шешілетін пәндік саладан тыс 
мәселелер қоюға болады. Математика осындай есептерді қарастыруға мүмкіндік 
береді. 
Білім беру процесінде цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту 
бойынша ұсынымдар 
Математикада цифрлық ресурстарды пайдалану құзыреттілігі білім 
алушылардың жұмыс барысында, бос уақытында технологияларды сенімді және 
шығармашылық пайдалануды қамтиды.
Цифрлық құзыреттіліктің құрамдас бөліктері білім алушылардың өздігінен 
білім алу, қажетті ақпаратты іздеу, іріктеу, ақпаратты талдау, ұсыну және беру 
дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Цифрлық құзыреттілікті дамыту үшін ұсынылады: 
1) білім алушыларды негізгі ақпараттық технологияларды пайдалануға 
үйрету;
2) ақпарат іздеуге және оны таңдауға байланысты өз бетінше жұмыс істеу 
дағдыларын дамыту;


37 
3) математиканың әртүрлі бөлімдерін зерделеу кезінде презентациялар 
жасау үшін қажетті компьютерлік бағдарламаны пайдалану, математикалық 
тапсырмаларды орындау кезінде фото/видео әзірлеу (геометриялық фигуралар 
жасау);
Жаратылыстану-математика бағыты пәндерінің сабақтарында 
STEM/ STEAM технологияларын қолдану бойынша ұсынымдар 
Білім алушылардың оқу-ақпараттық құзыреттілігін дамыту мақсатында 
жобалық жұмыс арқылы ғылыми-зерттеу қызметін жүргізуге ерекше назар 
аударылуы тиіс.
Жобамен жұмыс істейтін білім алушылар жеке немесе топта жұмысты 
жоспарлау, мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеу, гипотезаны ұсыну және 
дәлелдеу, эксперимент жүргізу, атқарылған жұмыс туралы нәтижелерді ұсыну, 
талдау және бағалау жұмыстарын орындау, сондай-ақ өз жобасын шебер қорғау 
керек. Пәнге деген қызығушылықты арттыру мақсаттарының бірі білім 
алушылардың жобалық іс-әрекеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу болып 
табылады. Жобалау технологияларын қолдану пән бойынша оқу сапасын көтеріп 
қана қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің 
тиімділігін арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында білім алушылар 
топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды, қажетті 
ақпаратты іздеуді, гипотезаны ұсынуды және дәлелдеуді, тәжірибелер жүргізуді, 
орындалған жұмыстың нәтижелерін көрсетуді, талдау мен бағалауды, сонымен 
қатар өз жобаларын қорғауды үйренеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет