42
- жаратылыстану зерттеулерінің негізгі ерекшеліктерін анықтау.
Құбылыстарды ғылыми тұрғыда түсіндіру
- қажетті жағдайда жаратылыстану білімдерін қолдану;
- ғылыми негізделген құбылыстарды сипаттау немесе түсіндіру,
өзгерістерді болжау.
Жаратылыстану білімі арқылы негізгі құзыреттерді дамыту үшін
ұсынылатын қажетті минимум:
Физика бойынша:
- механиканың физикалық шамалары мен түсініктері;
-
электромагнетизм принциптері; әртүрлі физикалық күштердің
құбылыстарға, денелерге әсері; зат пен энергияның өзара әрекеттесуі (мысалы,
жарық пен радиотолқындар, дыбыс және сейсмикалық толқындар).
Химия бойынша:
- заттың құрылымы (мысалы, атом моделі);
- заттың қасиеттері (мысалы, заттың күйінің өзгеруі, жылу және электр
өткізгіштік);
- заттың химиялық өзгерістері (мысалы, химиялық реакциялар,
энергияның берілуі, қышқылдар / негіздер); заттарды сапалы талдау әдістері;
Биология бойынша:
- жасуша құрылымы (құрылымы мен қызметі, ДНҚ, РНҚ, өсімдіктер мен
жануарлар жасушалары);
- тірі организмдердің әртүрлілігі, құрылымы және қызметі (тірі
организмдердің әртүрлілігі, тамақтану, заттардың тасымалдануы,
тыныс алу,
қозғалыс, координация және реттелу);
- популяциялар (эволюция, биологиялық әртүрлілік, генетикалық
вариация);
- экожүйелер (қоректену тізбектері, заттар мен энергия ағындары);
- биосфера (экожүйелерді қолдау, тұрақты даму).
География бойынша:
- география ғылымдары жүйесіндегі Геоэкология, Геоинформатика,
геосаясат, геоэкономика,
елтану рөлі; табиғатты пайдалану, экономикалық,
әлеуметтік, саяси география және геосаясат саласындағы негізгі ғылыми
ұғымдар; геосфераларға антропогендік әсердің факторлары,
көздері мен
салдары; экологиялық тәуекелдер;
- қазіргі әлемнің кеңістіктік әртүрлілігі, оның жалпы және аймақтық
ерекшеліктері; табиғаттың, халықтың және экономиканың даму заңдылықтары;
- қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесу мәселелері.
Әрі қарай, кесте түрінде биология бойынша пәндік, метапәндік және негізгі
(жоғары сыныптарда) құзыреттіліктердің мысалдары келтірілген.
«Қоректену» бөлімшесі
Оқу мақсаты: 8.1.2.6 құрамында дәрумендердің маңызды мөлшері бар
азық-түлік
тізімін жасау
1-кесте – «Биология» пәні бойынша мысалдар
43
Сұрақтар мен тапсырмалар
Тапсырмалардың күтілетін нәтижелерге бағытталуы
Дәрумендер мен денсаулық
арасындағы
байланысты
анықтаңыздар
Құзыреттіліктер:
пәндік: денсаулықты сақтау үшін дұрыс тамақтану
ережелерін сақтау қажеттілігін түсіндіре білу
метапәндік: оқу тапсырмасын орындау үшін
ақпаратты
түсіндіре білу
Дәрумен деген не?
Пәндік: дәрумендер және дәремен жетіспеушілігі жайлы
білімі болу
Метапәндік:
Өз ойын сауатты және жүйелі жеткізе білу
Достарыңызбен бөлісу: