Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Тәлімі егіс - қолдан суарылмайтын егін. Жоңышқа



бет100/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   251
Тәлімі егіс - қолдан суарылмайтын егін.
Жоңышқа - малазықтық құнарлы дақыл.
Пұт - салмағы 16,3 кг-ға тең ауырлық өлшемі.
Қадақ - 0,5 кг-ға жуық салмақ өлшемі.
Шикі кесек - малдың қиы мен сабан араластырып иленген балшықтан құйылған кірпіш.


Андреев Иван Григорьевич (1743-1801) - орыс офицері, тарихшы және этнограф. Ертіс шебіндегі әскери бекіністерде қызмет еткен. И. Г. Андреев отставкаға шыққаннан кейін Семейде, Павлодарда тұрып, Ертіс өңіріндегі халықтардың, соның ішінде қазақтардың да мәдениетін және тұрмыс-тіршілігін зерттеумен айналысқан.



«Бұрын қырғыздар (қазақтар. - авт.) жыл бойы киіз үйлерде ——тұрушы еді. Ал соңғы кезде олар қыстыгүні өзеннің немесе көлдің жағасында жерден қазып алған кепелерде тұратын болды... Көшпелілердің ең жақсы көретін малы - жылқы. Олар иленген жылқы терісінен өздеріне сырткиім, аяқкиім, етік тігіп алады, үй ішінде қымыз ашы- татын саба, сусын құятын торсық жасайды. Жылқының етін жеп, сүтін ішеді. Лапландтар үшін солтүстік бұғысы, арабтар үшін «шөл даланың кемесі» атанған түйе қалай қажет болса, қырғыздар (қазақтар. - авт.) үшін жылқы да тап солай қажет. Қырғыз, башқұрт және қалмақтардың тұрқы аласа, төзімді дала жылқылары суық пен ыстыққа, аштық пен шөлге шыдамды келеді. Көктем келісімен көшпелі қырғыз атқа мінеді де, күні бойы кең дала тәсінде болады. Жұпар иісі бұрқыраған көк майса жан-жасыл нәрлі шөп жер бетін жауып жатады. Ол қыстай арықтап, титықтаған жылқының қоңын көтеріп, тез семіртеді. Құлындаған биелер сүтке қарық қылады. Ол сүтті көшпелілердің бәрі де - ерлері мен әйелдері, қарттары мен балалары да құмарта ішеді. Бірақ, әдетте, саумал күйінде емес, ашытып ішеді. Қымыз деп аталатын атақты сусын, міне, сол ашытылған сүттің тап өзі.
Қыстан жүдеп-жадап, қалжырап шыққан көшпелілердің тез арада күш-қуаты артып, денсаулығын жақсартып, екі беті нарттай қын-қызыл болып шыға келетінін байқаған саяхатшылар да өздерін қажытып біткен ауру-сырқауларынан айығу үшін қымыз ішу керек екен-ау деген ойға келетін. Олардың байқағаны босқа кетпеген екен. Көшпелілердің аз уақыт ішінде денсаулығын қалпына келтіріп, жүздері гүлдей құлпырып шыға келетіні адам таңғаларлық. Мұның өзі ең алдымен қымыздың емдік қасиетінің арқасы...»
Сібір бұратана халықтарының әдет құқықтарының жинағы // Д. Я. Самоквасовтың басылымы. Варшава, 1876.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет