Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Патша үкіметі отаршылдық саясатының күшеюі



бет142/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

6. Патша үкіметі отаршылдық саясатының күшеюі. Бірінші орыс революциясынан кейін қазақ халқы патша үкіметі жүргізіп отырған отаршылдық саясатқа қарсы күресті күшейте түсті. Алым-салықтар төлеуден және міндетті борыштарды атқарудан ашықтан-ашық бас тартты. Отаршылдардың сенімді тірегі - әскер құрамаларына шабуыл жасау да жиілей түсті. Қазақтар мен келімсек орыс шаруалары арасындағы шиеленісті оқиғалар орын алды. Отаршыл өкімет билігінің органдары тарапынан ұлтаралық араздықты ушықтыра түсу әрекеттері жиілеп кетті. Мәселен, 1914 жылдың қазанында Жетісу облысының әскери губернаторы уезд бастықтарын жинап алып, оларға қоныс аударушы шаруалар қатарынан сенімді қарулы отрядтар құруды міндеттеді. Олар ел арасында шолғыншылық қызмет атқаруға тиісті болды. Жалпы жағдай шиеленісе қалған кезде олар өлкедегі мұсылман халқына қарсы соғысуға міндетті еді. Әскерилендірілген қарулы шаруалар қазақ ауылдарына шабуыл жасаумен айналысты. Олардың малдарын айдап әкетті. Ал ертерек келіп орналасып қалған шаруалардың көпшілігі ондай озбырлықты ашықтан-ашық айыптады. Өйткені өлкеде бұрыннан тұратын шаруалар жергілікті қазақтармен едәуір достасып, аралас-құралас байланыс орнатып та үлгерген еді. Олар бір-бірінің тілдерін, әдет-ғұрыптарын және салт-саналарын жап-жақсы біліп қалған болатын.


Жер көріп қайтушылар (ходоктар) - құнарлы жер көріп, таңдау үшін жіберілген шаруалар.
Байырғы (автохтонды) халық - бұрыннан тұратын жергілікті халық.
Жатақтар - қазақтардың көшпелі қоғамының кедейленіп қайыршыланған, отырықшы өмір салтын қабылдаған бөлігі.
Столыпин Петр Аркадьевич (1862-1911) - Ресейдің белгілі мемлекет қайраткері, Ресей Министрлер Кеңесінің Төрағасы (1906-1911), шаруаларды Ресейдің еуропалық бөлігінен Сібір мен Қазақстанға жаппай қоныс аудартудың бастамашысы.



Омбы уезіне қарасты Қызылағаш болысының №6 ауыл қырғыздарын (қазақтарын. — авт.) жерге орналастыру мәселесі
«Үстіміздегі жылғы тамыздың алғашқы күндерінің бірінде осы ауылға жерге орналастырушы бір шенеунік келді. Ауыл тұрғындары оның аты-жөнін біле алған жоқ. Ол қырғыздарды жинап алып, олардың осы ауылдан 180 шақырым алыс жаққа көшуі тиіс екенін хабарлады... Оқиғаның басы-қасында болған адамның айтуынша, қырғыздар оны бастарын төмен салып, үн-түнсіз тыңдаған. Ешкім бір ауыз да сөз айтпаған. Айнала төңірек құлаққа ұрған танадай үнсіз тыныштыққа бөленген. Шенеунік сөзін одан әрі жалғастырып, енді бұл жерден сендерге ешқандай да жер берілмейді, оны күтіп босқа әуре болғанша, осы бастан көше беріңдер дегенді айтқан. Қырғыздар сонда да үн қатпаған. Мына хабарландыру оларға аспаннан жай түскендей әсер еткен, жүректері қысылып, қатты қиналған. Бірақ олар сонда да болса бұл жерден көшпеуге бекінді. Шенеунік жөніне кетті, ал ауыл адамдарының ұнжырғасы түсіп, ауыр уайымның ащы уын жұтқан бойы қала берді».
Омбы хабаршысы, 1911, №191, 3-бет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет