Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


& 40-41. Қазақстан аумағындағы қалалар мен сауда, жәрмеңкелер



бет143/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   251
& 40-41. Қазақстан аумағындағы қалалар мен сауда, жәрмеңкелер


Қазақтардың XVIII ғасырдағы сауда-саттығының өзіндік ерекшеліктерін еске түсіріп, айтып беріңдер. Қазақтар ол кезде қай елдермен сауда-саттық жасаушы еді?

  1. Қалалардың қалыптасу мен даму ерекшеліктері. Қазақстан аумағында қалалар ерте замандарда да болған. Қала мәртебесіне ие болған бекініс-қамалдар салудың көбейіп кеткен кезі Қазақстанның Ресей империясының құрамына қосылу кезеңімен тұспа-тұс келеді. Неғұрлым ірі қалалар қатарына Орал, Гурьев, Семей, Петропавл, Қостанай, Өскемен, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе және басқалары жатады. Батыс, Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстандағы қала- лардың көпшілігі әскери бекініс-қамалдар мен әскери елді мекендер негізінде пайда болды. Олардың кейбіреулерінің салынуы Ресейдің еуропалық бөлігінен Қазақстанға қоныс аударып келген шаруалардың ағылуымен тікелей байланысты екені де рас. Сонымен қатар қазақ даласында округтік приказдардың орталығы ретінде де бірқатар қалалар (Көкшетау, Қарқаралы т.б.) салына бастады. Қазақстандағы қалалар ірі сауда, мәдениет және өнер орталықтары еді.

  2. XIX ғасырдағы сауда сипатының өзгеруі. Егер XVIII ғасырда қазақтармен еркін сауда-саттық негізінен шекара шебіне таяу бекіністерде жүргізіліп келген болса, енді XIX ғасырда оның сипаты мүлде өзгерді. Олар әкімшілік реформаларының жүргізілуімен, сондай-ақ қоныс аударушы шаруалар арқылы отарлау әрекеттерімен байланысты болды. Сауда орталықтары бірте-бірте Қазақстанның ішкі аудандарына қарай ойысты. Олар округ орталықтарына, қоныс аударушы шаруалардың елді мекендеріне және жаңа қалаларға қарай жақындай түсті.

Бұрын сауда-саттықтың басты орталықтары Орынбор, Троицк, Петропавл, Преснегоръков, Омбы, Семей және Орал бекініс қамалдары болып келген еді. Ал XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап, округтік приказдар да сауда орталықтарына айнала бастады.
Ресейдің қазақтармен сауда-саттығы негізінен татар көпестері мен приказчиктерінің көмегімен жүргізілді. Олар қазақ және орыс тілдерін жақсы білетін еді. Ресей көпестері қазақтардан мал және мал өнімдерін сатып алды. Ал дала тұрғындары ресейлік көпестерден шұға мен бөз маталар, тоқыма кенептер, өңделген былғары, темірден жасалған бұйымдар, шай, қант, темекі және ағаштан жасалған ыдыс-аяқ сияқты тауарлар сатып алатын. Сондай-ақ қазақтардың мал емдеуге қажетті дәрі-дәрмектерге деген сұранысы да күшті болды.
XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейдің қазақтармен саудасының басым көпшілігі тепе-тең баламасыз айырбас түрінде жүрді. Барлық нәрсенің бірдей баламалы эквиваленті қой (ісек) болды. Ресей көпестері түкке тұрмайтын арзан өнеркәсіп бұйымдарын бағалы мал өнімдері мен шикізаттарға айырбастап, шаш етектен пайда тапты. Мәселен, Ірбіт жәрмеңкесінде 2 сом 70 тиыннан сатып алынған қазандар мұндағы қазаққа 50 сомға сатылды.
Көпестер Қазақстанға сапасыз бұйымдарын шығарды. Өсімқорлық операциялары да кеңінен етек алды. Онымен көпестер де, казактар да айналысты. Олар қазақтарға өз өнімдерін малмен төленетін етіп берді, оның пайыздық өсімін де мал басымен алып отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет