Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет145/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

Ел аралап жүріп жасалатын сауда. Ел аралап жүріп айырбас сауда жасаумен орыс, татар және ортаазиялық көпестер айналысты. Олар көшпелі және жартылай көшпелі халыққа күнделікті қажетті тауарлар сатты. Оны малға немесе мал өнімдеріне айырбастады. Ондай көпестер қазақ даласынан үйір-үйір жылқы айдап қайтып жүрді. Жүн мен майды қажетінше сатып алды. Бұл өнімдер Троицк, Орынбор, Ор, Петропавл және Омбының зауыттары мен базарларындағы алыпсатар саудагерлерге үстеме бағамен өткізілетін. Ал алыпсатар саудагерлер өз кезегінде ол өнімдерді Ресей базарларында сататын, тіпті шетелдерге де асырып жіберетін. Бұдан екі арадағы делдалдар мол табыс табатын.

  • Жәрмеңкелік сауда. Жәрмеңкелік сауда мал өсірушілер мен отырықшы диқандардың арасында делдалдық сипат алды. Сауданың бұл түрі мал сатушы қазақтарға өте тиімді болды. Олар жәрмеңкеде өздерінің малдары мен мал өнімдерін көптеп айырбастай алды. Жәрмеңкелік сауданың кеңінен өріс алуына бірқатар себептер болды. Біріншіден, Қазақстанның негізгі халқы көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын кешті. Мұндай жағдайда олардың өз малдарын үлкен жәрмеңкелерде көптеп сатуға және егіншілікпен айналысатын отырықшы халықтан азық-түлік өнімдерін молынан сатып алуға өте қолайлы болды. Екіншіден, қазақтың кең-байтақ даласындағы жол жүйесі нашар дамыған еді.

    Қазақстандағы неғұрлым атақты ірі жәрмеңкелер Қарқаралы уезіндегі Қоянды-Ботов, Ақмола уезіндегі Константинов-Еленов, Атбасар уезіндегі Петров, Орал облысындағы Ойыл және Темір, Верный уезіндегі Қарқара, Жаркент, Сырдария облысындағы Әулиеата, Семей уезіндегі Шар, Павлодардағы Тайыншакөл жәрмеңкелері болды.
    Жәрмеңкелерге әкелінетін тауарлар үш топқа бөлінетін. Қазақтардың тауарлары мал және мал өнімдері, тері-терсек, жүн-жұрқа, киіз, текемет сияқты заттар болатын. Жәрмеңкелерге Ресейдің еуропалық бөлігінен киім-кешек, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтар, үн, шай, қант, білтелі шамдар, сабын, фарфордан және темірден жасалған тұрмыстық бұйымдар жеткізілетін. Ал Орта Азия саудагерлері әртүрлі шапан, кілемдер, жібек және мақта-мата кездемелерін, ер-тұрман әбзелдерін, сондай-ақ кептірілген жеміс-жидек өнімдерін сататын.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   251




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет