Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Кенесары Қасымұлы — қаһарман батыр, қолбасшы, дипломат, аса көрнекті тұлға, мемлекет қайраткері. 1837 жылы



бет78/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

Кенесары Қасымұлы — қаһарман батыр, қолбасшы, дипломат, аса көрнекті тұлға, мемлекет қайраткері. 1837 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс басталды. Ол Қазақстандағы ірі көтерілістердің бірі еді. Оған үш жүздің қазақтары түгел қатысты. Кенесары тарих сахнасында өзінің бабасы Абылай ханның ісін жалғастырушы ретінде көрінді.

Сұлтан Кенесары 1802 жылы дүниеге келген. Ол Қасым сұлтанның баласы, Абылай ханның туған немересі еді. Көтерілістің болашақ басшысы Кенесары бала кезінен-ақ ат құлағында ойнады, құралайды көзге атқан мерген болды. Қанжығасы қанды ғажайып аңшылығымен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, ерік-жігері, қажымас қайратымен және жүрек жұтқан батылдығымен, қайтпас қайсар қаһармандығымен танылды. Оның бойында ұйымдастырушылық және әскери қолбасшылық таланты мол болатын. XIX ғасырдың орта кезіндегі орыс зерттеушілерінің бірі Л. Майер «Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді» деп жазды. Кенесары сұлтан дәулетті: оның жеке иелігінде 6 мыңға дейін жылқысы мен 2 мыңдай қойы болған.
Замандастарының сипаттауына қарағанда, ол ашақ жүзді, орта бойлы және жауырыны қақпақтай төртпақ тұлғалы болған. Аз сөйлеп, көп тыңдайтын, өзін-өзі аса байсалды ұстай білетін. Әңгімелескен адамының пікіріне әрқашан мұқият назар аударатын. Қонақжай қасиеті ерекше күшті еді. Әкесімен және ағаларымен бірге жүрген кездерінде олардан қолбасылық тәжірибесін едәуір үйреніп алған болатын.

  1. Көтерілістің басталуы. Көтеріліс Кенесарының патша үкіметінің саясатын жарамсақтана қолдаған жексұрын сұлтандар мен билердің ауылдарын шауып алудан басталды. Ол шекара шебіндегі бекіністерге де, патша үкіметінің әскери жасақтарына да жиі-жиі шабуыл жасап тұрды. Мәселен, 1837 жылдың аяқ кезінде Кенесары хорунжий Рытовтың отрядын тас-талқан етіп жеңіп шықты. Олар Петропавлдан Ташкентке бет алған сауда керуенін күзетіп бара жатқан еді.

Кенесары өзінің адамдарын 1837 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторына жіберіп, оған арнайы хат жолдады. Хатында Ақтау бекінісі мен Ақмола приказын жоюды, Омбыда тұтқында отырған өз адамдарын түгел босатуды, қазақ жерінің тұтастығын қалпына келтіруді талап етті. Генерал-губернатор Кенесарының адамдарының барлығын да саптағы мың солдаттың арасынан өткізіп, дүре соқтырды. Олардың әскерге жарайтындары тұрақты армия қатарына алынып, қалғандары Сібірге жер аударылды. Генерал-губернатордың бұл әрекеті Кенесары сұлтанның ашу-ызасын келтіріп, көтерілісті бастап жіберуін тездетті.
Ол старшина Симоновтың әскери жасақтарына күйрете соққы беріп, көптеген қару-жарағы мен оқ-дәрісін тартып алды.
Кенесары жасақтарының белсенді әскери іс-қимылы 1838 жылдың тамыз айында басталды. Ол Ақмола бекінісіне таяу ірі елді мекенді алты күн бойы қоршауда ұстап, өртеп жіберді. Ақмола бекінісі мықты қорғалатын. Бекіністің төңірегіне терең ор қазылып, оған жете беріс жерлерге күшті кедергі-тосқауылдар қойылған болатын. Ақмола бекінісін аға сұлтан Қ. Құдаймендіұлы мен әскери старшина Карбышев бастаған отряд қорғады. Кенесары шабуылды 1838 жылдың 7 тамызында таң саз бере бастады. Оның сарбаздары бекіністі өрт шығаратын жебелермен атқылады. Бекініс өртке оранды. Кенесарының даңқты батырларының бірі Басықара бекіністің ішкі жағына баса-көктеп кіріп барып, сұрапыл ұрыс салды. Осы шайқаста Басықара батыр мен 255 жауынгер ерлікпен қаза тапты. Бекініске Ағыбай, Иман, Бұқарбай батырлардың сарбаздары басып кірді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет