Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Қазақстан аумағына шаруаларды қоныс аударту себептері



бет139/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

Қазақстан аумағына шаруаларды қоныс аударту себептері

Шаруалар бүліншілігінің өрши түсуін болдырмау

Қазақтарды отырықшы өмір салтына көшіру

Қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесіндегі өзінің сенімді тірегін қалыптастыру

Шаруаларды жергілікті халықты христиан дініне енгізу мен орыстандыруда пайдалану




Қазақстанды орыс империясының мол астығы бар қоймасына айналдыру



2. Шаруалардың жаппай қоныс аудара бастауы. 1866 жылы Батыс Сібір Бас басқармасы шаруалардың Қазақстан аумағына өз беттерінше қоныс аударуына рұқсат етті. Алғашқы қоныс аударушылар Сібірдің әртүрлі қалаларындағы мещандар және Тобыл губерниясындағы Қорған және Есіл округтеріндегі шаруалар болды. Олар Көкшетау округінің аумағындағы Саумалкөл деген жерге келіп орналасты. Қоныс аударушылардың бір бөлігі казак станицаларына жайғасты.
Қазақстанға қоныс аударғысы келген орыс шаруалары, әдетте, ең алдымен жер көріп қайтушыларды (ходоктарды) жіберді. Олар өздеріне қолайлы деген жерлерді таңдап, қазақтардан жалға алды, жыртып, тұқым септі. Жердің құнарлы екеніне көздерін жеткізген олар, ұзақ мерзімді жалға алу жөнінде келісімшарттар жасасты, өздерінің жерлестерін неғұрлым тезірек жетуге шақырып, жанталаса әрекет етті. Орыстардың елді мекендері пайда бола бастады. Кейін ол жерлер өзінің бұрынғы иелерінен тартып алынып, қоныс аударып келген орыс шаруаларының иелігіне заңдастырылып берілді.
Шаруаларды ішкі Ресейден Қазақстанға қоныс аударту жөнінде алғаш рет бастама көтерушілердің бірі Жетісудың әскери губернаторы Г. А. Колпаковский еді. 1868 жылы оның тікелей басшылығымен «Жетісуға шаруалардың қоныс аударуы туралы уақытша Ережелер» жасалды. Онда қоныс аударушы шаруаларға бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтар беру көзделді. Шаруалардың әрбір ер-азаматына 30 десятинадан жер телімі бөлінді. Олар барлық алым-салық түрлерін төлеу мен міндетті борыштарды атқарудан он бес жыл бойы босатылатын болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет