1850 жылы көктемдекөре алмайтын, күншіл әскери қызметкердің біреуі жоғары билікке ақынды қаралайтын мәлімет жеткізеді. Ақын тұтқындалып, бірнеше ай түрмеге қамалады. Кейін әскери қызметін қайта жалғастыруы үшін Новопетровск бекініс-қамалына (қазіргі Форт-Шевченко қаласы, Қазақстан) жіберіледі.
Тарас Шевченко өмірінің ең қиын солдаттық кезеңі 1857 жылдың тамызына дейін осы жерде өтті.
Тарас Григорьевич үшін Қазақстандағы өмірінің ауыртпалықты бұл кезеңі, оның рухани тұрғыда кемелденуі мен шығармашылық өсу жылдары да болды.
Айдаудағы 10 жылы ішінде ақынның денсаулығы нашарлады, алайда күрескер ақын ешқандай қиындыққа мойымады. Көрген азабы мен қиындықтары оның шабытынан айырып, жүрек отын сөндіре алмады. Ол: «қиналамын, бірақ өкінбеймін!» деп жазды.
Тарас Шевченконың поэзиясы мен прозасы. Ақын әрі суретші Тарас Шевченко қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне жағымды тұрғыда қарады. Ол қазақтың жерінен алған әсері мен сезімін өз туындыларында айқын көрсетті.
Украинаның ұлы ақыны мен суретшісі Тарас Шевченко өлеңдерінің көпшілігін айдауда жүргенде жазды. Ол осы жылдары жиырма шақты повестерін: «Княгиня», «Музыкант», «Суретші» т.б. жазып шыққан.
Тарас Шевченко повестерінде крепостниктік қоғамды батыл түрде әшкереледі. Сондықтан ақынның тірі кезінде повестердің бірде-біреуі жарық көрмеді.
Т. Шевченко шығармаларын қолдан жасалған дәптерге жазып, етіктің қонышында сақтаған. Онда 120-дан астам шығармасы жазылды. Олар автобиография, философия және тарихи тақырыптарды қамтыды. Лирикалары украин және қазақ жерінің табиғатын сипаттауға арналды. Т. Шевченко өз өлеңдерінде крепостниктік тәртіпті, помещиктердің озбырлығын, Ресей әскерінің жүгенсіздігін, қазақ халқының ауыр жағдайын жырлады.
Тарас Шевченко суретші. Т. Шевченко өлең жазу мен сурет салуға қатаң тыйым салынса да, мұнымен құпия түрде айналыса берді. Суретшінің бейнелеу өнері саласында қалдырған мұрасы 450-ге тарта суретті қамтыды, ал соның шамамен 350-ге жуығы Қазақстан тақырыбына, оның табиғатына, адамдарының өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне арналған. Оның ең әйгілі шығармасының бірі «Қазақ қызы Катя» деп аталады. Суретте Новопетровск бекініс-қамалының комендантыотбасында қызмет ететін қазақ қызы Катя бейнеленген.
Қазақ кедейлерінің азапты ауыр өмірі Т. Шевченконың салған суреттерінде шыншылдықпен бейнеленді. «Бақташы бала», «Салт атты қырғыз», «Келі түйген келіншек», «Боранда», «Қайыршылар»т.б. туындылары дала кедейлерінің өміріне арналды.
1857 жылы Ресей мен Украинадағы ықпалды да беделді адамдардың өтініші және талап-тілегімен Тарас Шевченко жер аударылу жазасынан босатылады. Оған Петербургке оралуға рұқсат берілді.
Өмірінің соңғы жылдары Тарас Шевченко поэзия, живопись, графика, кескіндемеден ірі жетістіктерге жетті. Әсіресе, Қазақстандағы кезінде айналыса бастаған гравюра жанрында іргелі туындылар жасады.