Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет147/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Мемлекеттік қарыз – бұл мемлекеттің алдында тұрған фи-

зикалық жəне заңды тұлғаларға, шетел мемлекеттеріне, ха-

лықаралық ұйымдар мен субъектілерге деген қарыздық міндет-

темелері. Мемлекеттің ішкі жəне сыртқы қарыздары болады.



Ішкі қарыз – бұл мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу 

үшін ел ішіндегі резиденттерден алған қарыз сомалары.



Сыртқы қарыз – бұл мемлекеттік бюджет тапшылығын 

жабу үшін шетелдердегі резидент емес тұлғалардан (үкіметтен, 

ұйымдардан, азаматтардан) алған қарыз сомалары.

Ішкі қарыздан гөрі сыртқы қарыз əрқашан да экономика 

үшін аса қауіпті болады. Мемлекеттік бюджеттің қаражаттары 

жетіс пеген жағдайда мемлекет ішкі жəне сыртқы инвесторлары 

алдында өзінің қарыздық міндеттемелерін жабудан жəне солар 

бойынша пайыздарды төлеуден бас тартуы мүмкін, яғни мемле-

кет тəуелсіздік дефолтын жариялайды. Дефолт – бұл мемлекет-

тің банкроттыққа ұшырауы. 

Мемлекеттік қарызды бағалау келесідей көрсеткіштердің кө-

мегімен жүзеге асырылады: 



1. Мемлекеттік қарыздың жалпы көлемінің ЖІӨ көлеміне қа-

ты насы. 

Қарыз / ЖІӨ.

Қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы 80%-дан аспауы тиіс.



2. Қарызға нақты қызмет көрсету коэффициенті – қарызды 

жабуға бағытталған қаржы көлемінің (қарызды жəне сол бо-




128

йынша пайыздарды біртіндеп жабу) бюджет шығындарына 

қатынасы. Егер бұл көрсеткіштің мəні 20%-дан асса, онда қарыз-

дың ауырт пашылығы өте жоғары жəне тым ауыр деп саналады. 



3. Сыртқы қарызға қызмет көрсету коэффициенті – сырт-

қы қарызды жабу бойынша шығындардың экспорт көлеміне қа-

тынасы. 

Мемлекеттік қарызды төмендетудің келесідей механизмдері 

бар: 

• қарызды қайта құрылымдау; 

• қарызды конверсиялау. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет