Қарызды қайта құрылымдау деп біз «ескі» қарыздық мін-
деттемелерді қарызды жабудың аса жақсы əрі «жеңіл» шартта-
рымен (аса төмен пайыздық мөлшерлемелер, төлем мерзімдерін
ұзарту жəне т.б.) ауыстыруды айтамыз. Көрсетілген бұл шара ке-
дей жəне жағдайлары аса төмен елдерге тəн құбылыс болып та-
былады.
Мемлекеттік қарызды конверсиялау дегеніміз – қарыз
міндеттемелерін тауарлық жеткізілімдерге немесе кəсіпорын
акцияларына (своп) айырбастау. Алайда, біздің елдің шетел-
діктер ге қарыздық міндеттемелер үшін бергісі келетін ак-
циялары əр
қашанда əлемдік нарықтарда сұранысқа ие бола
бермейді.
Мемлекеттік қарыздың пайда болу себептері əлем елдерін-
де əртүрлі болып табылады жəне оның өзіндік тарихы бола-
ды. Мəселен, соңғы жылдары Қазақстанның сыртқы қарызы
өсе түсті деп айтуымызға болады. Отандық банктердің сырт-
қы көздерден орасан зор қарыз алғандарының салдары-
нан, еліміз дамушы мемлекеттердің арасынан бірінші болып
əлем
дік қар
жы дағдарысының əсерін сезді. Осы уақытқа де-
йін отандық банктер өз қарыздарының біраз бөлігін (1/3-н)
жап
қанымен сыртқы қарыз көлемі əлі төмендеген жоқ
(5.2, 5.3-кестелер).
|