Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Сәбилік жастағы балаларды дамыту үшін дамытушы орта құру ( 2 айлықтан 1 жасқа дейін)



бет111/119
Дата11.12.2022
өлшемі406,94 Kb.
#56481
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   119
Сәбилік жастағы балаларды дамыту үшін дамытушы орта құру ( 2 айлықтан 1 жасқа дейін).

  1. Сәбилер болатын бөлме балаға үлкендермен тұрақты түрде оларды көріп байқап тұратындай, жалғыз жеке қалып қалудан жайсыздықты сезінбейтіндей визуалды қатынас жасап тұруға мүмкіндікті қамтамасыз етеді.

  2. Бөлмеде манеж немесе қауіпсіздігін сақтау үшін қажетті басқа да жабдықтар болады.

  3. Еңбектеп жүретін балалар үшін бөлменің едені жылыланған болады.

  4. Топта отырып ойнайтын ойындар үшін жабдық болады (қозғалмалы орындықтары бар столдар және т.б.).

  5. Балалардың қозғалыс белсенділігін дамытуға арналған жабдықтар болады (горка, әткеншек, тренажерлар, ходуноктар және т.б.).

  6. Манежде, баланы орайтын үстелде және бөлмеде баланың бойымен көрсететін айна болады.

  7. Бөлмеде өздері және үлкендермен бірге қабылдау үшін әдемі суреттер, ойыншықтар болады.

  8. Балаларды зерттеу және манипуляциялау іс-әрекетті дамыту үшін қажетті материалдармен қамтамасыз етеді (қанық боялған, дыбыс шығаратын түрлі ойыншықтар; құламайтын қуыршақтар және басқа адам түріндегі қуыршақтар; үй шаруасындағы заттар: қасықтар, бояулар, катушкалар, қиындылар және т.с.с.).

  9. Кішкентай балалардың төсектерінің жанына баланың қолы жететіндей жерге сылдырмақ ойыншықтар ілінеді.

  10. Топта мазмұнды ойыншықтар болады (балалар мебелі, ыдысаяқ және т.б.).

  11. Балалар музыкалық аспаптары, дыбыс шығаратын ойыншықтар болады.

  12. Пластинкасымен күйтабақ немесе магнитофон болады.

  13. Суреттері бар кітапшалар, бор, бояу, түрлі түсті карандаштар, қатырғы қағаз.

  14. Бөлмеде ойнау үшін, музыкаға ілесіп билеу үшін, ойыншықтарға еркін қол жеткізулері үшін қозғалыс кеңістігі болады.

  • Ерте жастағы балалар үшін дамытушы орта құру ( 1 жастан 3 жасқа дейін).

    1. Бөлмеде балалардың танымдық дамуына қажетті ойын материалдары болады (мозаикалар, матрешкалар, пирамидалар, әртүрлі геометриялық формадағы тесіктері және соған сәйкес тығындары бар панельдер, әртүрлі мөлшердегі қорапшалар, қақпақты банкілер, түрлі түсті текшелер, доптар, машинкалар және т.б.; суреттері бар кітапшалар).

    2. Балалардың сюжеттік ойындары үшін ойын материалдары (түрлі өлшемдегі қуыршақтар мен жануарлар, қуыршақтардың киімдері, ойын жиһазы, түрлі әртүсті құрылыс материалдары, ойыншық телефондар, қуыршақ театрының декорациялары, жасалмаған материалдар: текшелер, таяқшалар, мата қиындылары және т.б.) болады.

    3. Ойын материалы және балалардың музыкалық дамуы үшін қажетті жабдықтар (ойыншық музыкалық аспаптар; аудиовизуалды құралдар: пластинкалары бар күйтабақ немесе магнитофон) болады.

    4. Балалардың өнімді шығармашылдық іс-әрекет материалдары мен жабдықтары болады (қағаз парақтары мен альбомдар, бояғыш қалам, бояулар, карандаштар, фломастерлер, түрлі түсті бор, пластилин, балшық, әртүрлі материалдармен жұмыс істейтін, бормен сурет салу үшін үстелдер, пластилинмен жұмыс істеу үшін астына қоятын сүйеніш, су құятын банкалар) болады.

    5. Барлық материалдар жұмысқа жарамды: карандаштар ұшталған, фломастерлер жаңа, бояғыш қаламдар дұрыс және таза болады.

    6. Серуендегенде ойнайтын ойыншықтар (шелектер, күректер, қалыптар, қалақтар) болады.

    7. Балалардың жүрісі мен басқа да қозғалыстарын дамыту үшін керекті ойындар мен жабдықтар болады (домалататын, лақтыратын, ойыншықтар; горкалар, тренажерлер, орындықтар) болады.

    8. Әр бала өзінің көңілі сүйетін ойыншықпен ойнауы үшін және басқа балаларға кедергі жасамауы үшін ойыншықтан бөлмеде тақырыптық принциппен орналастырылады.

    9. Бөлмеде балалардың бірігіп ойнауы үшін орын (үстелшелер, ойыншықтарды іліп қоятын кеңістік) бар.

    10. Барлық ойыншықтар мен материалдарға балалардың қолдары жетеді.

    11. Бөлме керегесі ашық қанық түсті картинкалармен, гүлдермен безендірілген.

    12. Топ бөлмелерінде қызметкерлер дайындаған ерекше дидактикалық материалдар (сенсориканы. Нәзік моториканы дамыту үшін, сюжеттік ойындар үшін) болады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   119




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет