Өзіндік жұмыстар үшін тапсырмалар Жеке сөздіктерге «ойын» ұғымының түсініктемесін жазыңыздар. Олардың ортақ және айырмашылық белгілерін бөліп көрсетіңіздер.
Бөлім бойынша ұсынылған әдебиеттерді пайдаланып, балалар ойындарының 2-3 классификациясын кесте түрінде беріңіздер.
9–7463
Классификация негізіне жататын белгілерді айқындаңыздар. Мына сұраққа жауап беріңіздер: «Неге бір де бір аяқталған (бір мәнді) классификация жоқ?». Балалар ойындарын классификациялауда өз нұсқаларыңызды ұсыныңыздар. Тапсырманы орындау үшін мына әдебиеттерді пайдаланыңыздар: «Дошкольная педагогика» оқулығы, С. Л. Новоселованың «О новой классификации детских игр» атты мақаласы (Дошкольное воспитание. 1997. №3.).
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі балалар ойындарының маңызын мысалдар арқылы көрсетіңіздер.
«Балалар ойындарының функциялары» тақырыбына конспект жазыңыздар. Тапсырманы орындау үшін С. А. Шмаковтың «Игры учащихся как феномен культуры» атты құралын пайдаланыңыздар (М., 1994).
Ұсынылатын әдебиет Аникеева Н. П. Воспитание игрой.- Новосибирск, 1994.