Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Балаларды мектепке жалпы және арнайы дайындау, олардың



Pdf көрінісі
бет98/132
Дата17.10.2023
өлшемі1,17 Mb.
#116734
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   132
9.3 Балаларды мектепке жалпы және арнайы дайындау, олардың 
өзара байланысы
Мектепте оқытудың тиімділігі, білім алудің жаңа сатысы жағдайына 
бейімдеудің ойдағыдай болуы көбінесе мектепке дейінгі дайындық 
деңгейіне байланысты анықталады. Мектепке дайындау – ересек ба-
лалар топтарының ерекше рөлі, бүкіл педагогикалық процестің басты 
міндеттерінің және нәтижелерінің бірі.
Мектепке дейінгі заманауи педагогикада балаларды мектепке дай-
ындау мәселелерімен Ш. А. Амонашвили, Р. С. Буре, Л. А. Венгер, Н. 
И. Гуткина, З. М. Истомина, Р. И. Жуковская, А. В. Запорожец, Е. Е. 
Кравцова, Г. Г. Кравцова, В. И. Логинова, В. Г. Нечаева, Р. Б. Стеркина, 
Д. В. Сергеева, Т. В. Тарунтаева, У. Ульенкова, А. П. Усова және т.б. 
шұғылданды. Шетел педагогикасында балаларды мектепке дайындау, 
мектеп жасына жетілгендікті қалыптастыру мәселелерімен Г. Гетцер, 
Я. Йирасек, А. Керн, С. Штребел шұғылданды.
Арнайы зерттеулер жастары өскен сайын мектепке дайындықсыз 
баратын балалардың саны азайғандығын көрсетеді: 5 жас 
шамасындағылар 80% маңайында; алтыжастықтар ішінде – 51%; алты 
жарым жастағыларда «дайын еместер» әжептәуір аз - 32%. 7 жастағы 
балалардың ішінен мектепте оқуға дайын емесі - 13% .
Балаларды мектепте оқуға дайындаудың міндеттері мен мазмұнын 
оның негізгі екі бағыты анықтайды: жалпы және арнайы дайындық (С. 
А. Козлова, Т. А. Куликова).
Мектепке арнайы дайындық
– негізгі пәндер (математика, оқу, 
жазу, қоршаған әлем) бойынша бірінші сынып оқу материалы мазмұнын 
ойдағыдай меңгеруді қамтамасыз ететіндей баланың білім мен білікті 
меңгеруді жүзеге асыратын процесс.
Жалпы 
дайындықтың мақсаты
 
баланы жан-жақты үйлесімді да-
мыту. Бұл процестің нәтижесі жеке тұлғаның дене, мотивациялық, 
адамгершілік-еріктік, интеллектуалдық, коммуникативтік аясын 
қалыптастыру және баланың барлық іс-әрекет түрлерін дамыту болып 
табылады.
Бұл екі бағыт бірлікте болуы қажет. Біртұтас дайындық процесін 
логикалық тұрғыдан екі бөлікке бөлу арқылы негіздеу оны жүзеге 
асырудың педагогикалық процестегі мақсаты мен уақытша шегінде 
ғана байланысты емес.
Жалпы дайындық мектепке дейінгі балалық шақта барлық уақытта 
жүзеге асырылады. Барлық жас топтарында педагог тұлғаның әртүрлі 


158
жақтарын, бала іс-әрекетін дамытумен шұғылданады. Қорытындысы – 
баланы жасына және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес жан-жақты дамыту.
Мектепке дейінгі ересек жаста оқу пәндерін меңгеруге арнайы 
дайындық ары қарай оқу пәндерін мектепте меңгеруге негіз болатын-
дай материалды үйрену барысында жүзеге асырылады. Бұл дайындық 
арнайы сабақтарда жүргізіледі. Білім мен білікті дамыту негіздерін ба-
лалар бұған дейін де алады. Дегенмен мектепке дейінгі ересек жаста 
сауаттылыққа үйрету, қоршаған ортаның ұғымдары мен заңдылықтарын 
меңгеруге ерекше назар аударылады, оқытудың сапасы мен нәтижесіне 
айрықша талаптар қойылады. Мектепке арнайы дайындаудың мақсаты, 
мазмұны түсінікті болады, мектепке дейінгі педагогикада шын мәнінде 
оның маңыздылығы мен жүзеге асыру мерзімінде қайшы пікірлер жоқ.
Жалпы дайындық мектепке дейінгі педагогикада және психологи-
яда зерттеу пәні ретінде қарастырылады. Балаларды мектепке жалпы
дайындаудың анықтамасының құрылымының арнайы дайындықтан 
айырмашылығы онда әртүрлі көзқарастар қарастырылады. Осыдан 
жалпы дайындық бағыттарын анықтауға көзқарастардың әртүрлі 
екендігін білеміз.
Жалпы дайындық туралы айтылған пікірлерді жинақтай келе, 
олардың мына төмендегі жағдайларға бағыттағандығын білдік:
• 
баланың физикалық дамуына;
• 
интеллектуалдық аясының, танымдық процестердің ойлау 
амалдарына, сөз сөйлеуіне;
• 
тұлғаның әлеуметтік-адамгершілік тәрбиесіне;
• 
үлкендермен және балалармен өзара қарым-қатынас дағдыларын 
дамытуға;
• 
мектеп, оқудың оқу-танымдық және әлеуметтік мотивациясы
оқушының ішкі позициясы туралы білім қалыптастыруға;
• 
болашақ оқушының басты тұлғалық қасиеттерін дамытуға, 
ірілі-ұсақты 
моторикасының, 
графиктік 
дағдыларының, 
психикалық процестердің, емін-еркіндіктің, оқу мотивациясының, 
оқытылатындығының қалыптасқандығына;
• 
тәртібі мен ісінде еркіндікті дамытуға;
• 
оқу іс-әрекеті компоненттерінің қалыптасуына.
Баланың мектепте оқуға дайындығын оның мақсаттары анықтайды. 
Нәтиже ретінде дайындықтың - біртұтас процестің синтетикалық 
нәтижесі алынады.


159


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет