Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Жергілікті жердің бедерін ірі масштабты топографиялық



Pdf көрінісі
бет201/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   292
Жергілікті жердің бедерін ірі масштабты топографиялық 
карталардан оқыпүйрену.
Картадан жер бедерін оқыпүйренуді 
белгілі бір аумаққа тəн жер бедерінің жалпы сипаты мен оның 
жекелеген элементтерінің арасындағы үйлесімділікті табу-
дан, бағдарлауға, қолайлылығы мен бүркеніштік қасиеттерін 
анықтаудан бастау қажет.
Жер бедерінің жалпы сипатын горизонтальдардың жиілігіне,
биіктік белгілеріне жəне жер бедерінің жекелеген тетіктерінің 
шартты белгілерінің көмегімен жылдам анықтауға болады. Мы-
салы, 1:50 000 масштабты оқу картасының бетінің оңтүстік 
бөлігінде абсолют биіктігі 50-100 метрге жететін төбелер 
кескінделген горизонтальдарының арақашықтығы 1, 0,5 мм-ден 
аспауы, беткейлерінің тіктігі 3º тан 15° дейін жететінін көрсетеді. 


340
Бірнеше беткейде тек жар бар жылғалар көп жағдайда 
оңтүстіктен солтүстікке бағытталған. Олар сырт көзге байқалмай 
қозғалуға мүмкіндік береді. Орман алқаптарының аздығы 
аумақтың бүркеніштік қасиетін азайтады.
Жер бедерінің қырсырын оқып үйрену биіктікті нүктелердің 
бір-біріне көрінуі мен өзара биіктік айырмаларын, беткейдің 
бағыты мен көлбеулігін жылғалардың, жылғалар мен шұңқыр-
лардың сипатын (тереңдігі, ені, ұзындығы) оқыпүйрену 
мақсатында жүргізіледі [9.10 жəне 9.11-суреттер].
Бақылау жағдайын оқыпүйренудің мақсаты белгілі бір 
аумақтың көріну дəрежесін, бүркеніштік қасиетін анықтау, 
бақылау мен бүркеніштік жағдайы жер бедерінің сипатына, өсім-
дік 
тер жамылғысына жəне ондағы елдімекендердің болуына 
тəуелді.
Жер бедері қатты тілімделіп, онда ағаштар мен бұталардың 
саны көп болған сайын көрінуі төмендеп, бүркеніштік жағдайы-
ның қолайлығы артады.
Жергілікті жердің бақылау жағдайы мен бүркеніштік қасиетін
оқыпүйрену нəтижесінде картадан:
– жергілікті жердегі ашық көрінетін қосындарды;
– жергілікті жердің жекелеген бөліктерінің көріп бақылауға 
қолайлылығын анықтауға болады.
Аспаннан немесе жерден бақылау жүргізу кезінде тығылуға 
мүмкіндік беретін жергілікті жердің белгілі бір бөлігінің қасиетін 
бүркеніштік сиымдылығы дейміз
.
Жергілікті жердегі нысандардың бір-біріне көрінуін анықтау-
дың бірнеше жолы бар. Бақылайтын жəне нысаналайтын нүктенің 
арасын қосатын түзу сызық жүргіземіз де, горизонтальдардың 
көмегімен сол сызықтың бойындағы нүктелердің абсолют 
биіктігін анықтаймыз. 
Картадан бақылайтын нүктелердің бір-біріне көрінуін нақты 
анықтау үшін үшбұрыш тұрғызу əдісі қолданылады. Ол үшін 
бақылау жүргізетін 
А
жəне нысаналайтын 
В
нүктелерінің аралығын 
қосатын тік бұрышты үш бұрыш жүргіземізде горизонтальдардың 
көмегімен олардың абсолют биіктіктерін анықтаймыз. Со-
дан соң екі нүктенің аралықтарындағы нысандардың абсолют 
биіктіктерін жазамыз.


341
Жан-жақты оқыпүйрену барысында жергілікті жердің 
қорғаныстық, бүркеніштік қасиеттері мен бағдарлау жағдайы 
бағаланады. Егер бақылап отырған 
А 
нүктесі мен нысанаға 
алынған 
В
нүктесінің аралығында биік нүкте болса, 
А
нүктесінде 
тұрған адамға В нүктесі көрінбейді [9.8-сурет].
Мысалы, 1:25 000 оқу картасындағы 6910 шаршыдағы Дубро-
вина тауында тұрған бақылаушыға 7111 шаршыдағы биіктігі 193,6 
метрлік биіктік белгісі көрінбейді. Себебі, олардың аралығында 
биіктігі 209 метрге жететін төбе бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет