Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет5/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   292
8
Атластар 
– бұл біртұтас шығарма ретінде бірыңғай 
бағдарламамен құрылған карталардың жүйеленген 
жиынтығы. Тақырыбы өзара үйлесіп, бірін-бірі толықтырып 
отыратындықтан, атластағы карталар бір-бірімен беттестіріліп 
талдау жасау қызметін атқарады. Олар кеңістікті қамтуына, 
атқаратын қызметіне, мазмұнына жəне тағы басқа белгілеріне 
қарай жіктеледі. Атластар кітап, альбом немесе арнайы қорапқа 
салынған жеке беттер түрінде бастырылып шығарылады. Онда 
карталардан басқа мəтіндік түсініктемелер, анықтама материал-
дар, графиктік сызбалар мен суреттер беріледі. 
Жер бедерінің карталары
бұл жер бетінің үш өлшемді, 
көлемді үлгісі түрінде құрылады. Көрнекі, əрі, мағыналы болу 
үшін мұндай карталардың көлденең масштабына қарағанда тік 
масштабы таулы аумақтар үшін 2-5 есе, жазықтар үшін 5-10 есе 
ірі болып келеді. Жер бедері картасының барлық мазмұны кəдімгі 
шартты белгілермен кескінделеді. Олар бұрын ағаштан, гипстен, 
картоннан жасалса, қазіргі таңда пішінделген пластиктерді термо-
вакумды қондырғыларда қыздыру арқылы жасайды. Жер бедері 
карталарын оқу мақсатында жəне жолдарды, су қоймаларын жо-
балау сияқты бірқатар тəжірибелік мəселелерді шешу барысында 
қолданады. 
Көлденең қима-сызбалар 
– бұл жалпы географиялық жəне 
мазмұны бірін-бірі толықтыратын тақырыптық карталарға, соны-
мен қатар, олардың масштабына, шартты белгілеріне негізделіп 
белгілі бір бағытты бойлай құрылатын жер қыртысының көлденең 
қима-сызбасы. 
Блок-диаграммалар –
бұл қандайда бір жазықтықтың 
ұзына бойымен жəне көлденең қима-сызбалармен үйлестіріліп 
құрылған жер бетінің үш өлшемді перспективті кескіні. Олардың 
тақырыбы əр түрлі болуымен ерекшеленеді. Геологиялық 
жəне геоморфологиялық блок диаграммалар жер қыртысы əр 
түрлі болып келетін жер бетінің тұрақтылығын; топырақтың 
блок диаграммалары жергілікті жердің бедері мен топырақ 
қимасының арақатынасын; мұхиттық блок диаграммалар су 
массаларының, фронттардың, тұздылықтың тағы басқа үрдістер 
мен құбылыстардың таралуын көрсетеді. Блок диаграммалар 
көбінесе аффинді жəне перспективті проекцияларда құрылады. 


9
Көрнекілігін арттыру үшін көлденең масштабына қарағанда, тік 
масштабы біршама ірі болады. Біліктерінің бірінің бойындағы 
кескіндерді «созу» арқылы көлбеулігі мен ракурстарын өзгертеді. 
Электронды блок-диаграммаларды дисплейдің экранында əр 
түрлі тұстарынан бұруға немесе айналдыруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет