Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет7/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   292
Микрофиштегі карталар 
- бұл картаның немесе атластың 
фото немесе кинопленкадағы кішірейтілген көшірмесі. Микро-
фильмдеу кең көлемді картографиялық ақпаратты сақтауға, жыл-
дам тауып көрсетуге, картографиялық өнімдердің (əсіресе ескі 
карталардың) түпнұсқаларын сақтауға, картографиялық өндіріс 
пен кітапханалардағы картақоймалардың ауқымын кішірейтіп, 
оған жұмсалатын шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Карталар-
ды автоматты түрде құру мен талдау барысында микрофиштегі 
ақпараттарды компьютерге көшіру мүмкіндігінің болуының 
маңызы зор. 
Сандық карталар 
бұл сандық формадағы 
х
пен 
у
ко-
ординаттар мен 

апликаты колталған нысандардың сандық 
үлгілері. Сандық деректерді (сандық үлгілерді) топографиялық 
жəне тақырыптық карталардың түпнұсқаларының мазмұнын 
санға айналдыру немесе стереофотометрялық үлгілер бойынша 
тікелей өлшеу үрдісінің барысында алынады. Сандық карталар 
тасмалдаушы машиналарда ғана сақталатын, мəні жағынан бұл 
картаға түсірілетін нысандардың картографиялық жинақтау мен 
дəлдікке қойылатын талаптарды ескере отырып, кəдімгі карта-
ларда қабылданған координаттар мен шартты белгілер жүйесінің 
логикалық-математикалық сипаттамасы болып табылады. Кəдімгі 
карталардан масштабы, тақырыбы, кеңістікті қамтуы жағынан 
айырмашылықтары болады. Сандық карталар автоматты түрде 
карталарды құруға жəне оларды түрлендіруге негіз болатын де-
ректер базасын қалыптастыру қызметін атқарады. 
Электронды карталар – 
бағдарламалық жəне техникалық 
құралдарды белгіленген дəлдікпен рəсімдеу ережелерін сақтап
шартты белгілер жүйесін пайдалану негізінде қабылданған про-
екцияда құрылған жəне компьютерлік ортада көрнекілендірілген 
сандық карталар. Кейде дисплейде дараланған кескіндерді 
экрандық карталар
, ал бастырып шығаратын қондырғылардың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет