422
Жоспарлы аэрофототүсіру
. Жоспарлы аэрофототүсіру бір-
ша
ма кең таралған. Жоспарлы аэрофототүсіру кезінде оның
оптикалық білігі жердің кіндігіне
бағытталған ауырлық сызы-
ғына сəйкес келеді немесе одан 4º ғана ауытқиды. Жергілікті жер-
дегі жазықтар мен төбелі жергілікті жердің фотографиялық сұл-
басы (планы) болып табылады.
Оның масштабы тұрақты бола-
тындықтан жергілікті жердегі нысанның пішінін, орналасқан ор-
ны мен мөлшерін
анықтауға сонымен қатар, ауданды, бұрыш пен
арақашықтықты анықтауға мүмкіндік береді.
10.45 сурет.
Жергілікті жердің аэрофотокескіні а-жоспарлы;
ə-перспективті
Перспективті аэрофототүсіру.
Перспективті аэрофототүсіру
жұмыстары аэрофотоаппараттың
оптикалық білігінің жердің
кіндігіне бағытталған ауырлық сызығынан ауытқуы 4º жоғары
болған жағдайда орындалады. Жоспарлы аэрофототүсіру
кезінде ұшақтың астындағы нысандар түсірілсе, перспективті
аэрофототүсіру
кезінде ұшақтың алдындағы, артындағы неме-
се екі жағындағы орналасқан жер бетіндегі нысандар түсіріледі.
Жоспарлы аэрофототүсіруден айырмашылығы перспективті
аэрофототүсірудің масштабы айнымалы.
Алдыңғы жағының мас-
штабы ірі болғанымен артына қарай біртіндеп кішірейеді.
Перспективті аэрофототүсірілімдерге бейнелердің
перспективтілігі айқын байқалатын аэрофотосуреттер жатады.
Олар біршама көрнекі жеңіл оқылғанымен масштабы бірдей
болмағандықтан өлшеу жұмыстарын жүргізу қазіргі кезеңде жо-
спарлы күрделі жəне перспективті аэрофототүсіру
жұмыстары
қатар жүргізіледі.