Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет34/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

52
2 - т а р а у

ҰСАҚ МАСШТАБТЫ КАРТАЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ 
НЕГІЗДЕРІ
2.1. Географиялық глобустың негізгі қасиеттері.
Белгілі бір масштабта кішірейтіліп алынған жер шарының 
үлгісін 
глобус
дейміз

Беткі деңгейімен шектелген жердің нақты 
пішіні геойдтың Красовскийдің элипсоидынан айырмашылығы 
шамалы [1.3 тақырыпты қараңыз]. Глобуста бірнеше ондаған 
миллион есе кішірейтіліп алынғандықтан элипсоидтың қалыпты 
шардан айырмашылығы болмайды. 
Красовскийдің элипсоидында экваторлық жəне полярлық 
жарты біліктердің (R) ұзындық айырмасы 21,5 шақырым болса
1:50 000 000 масштабты мектеп глобусында ол көрсеткіш небəрі 
0,4 мм болғандықтан адам көзіне байқалмайды. Сондықтан гло-
бусты өте алыстан қарағандағы Жер ғаламшарының пішінінің 
нақты кескіні деп атауға болады. Оны ғарыштық түсірілімдерде 
Жердің шар тəрізді болуы айғақтайды.
Глобустың шар тəріздес тегіс беті Жер бедерінің маңызды 
ерекшеліктерінің бірі салыстырмалы биіктіктерінің көлденең 
қашықтықпен салыстырғанда өте қысқа екенінде көрсете алда-
ды. Қардайда бір таудың етегінде тұрған адамға жер бедерінің 
ойлы-қырлылығы шамалы сияқты болып көрінеді. Мысалы, аб-
солют биіктігі 8848 метр болатын Гималай тауының Джомолунг-
ма шыңының 1:50 000 000 масштабты глобустағы мəні 0,18мм 
тең болатындықтан көзге байқалмайды.
Сондықтан глобуста жер бетінің нақты пішіні, негізгі 
ерекшеліктері, мұхиттар мен материктердің көлденең бағыттағы 
жіктелуі дұрыс кескінделген деп айтуға болады.
Картография курсында глобус əр түрлі картографиялық 
преокцияларда құрылған карталарда нысандардың негізгі 
геометриялық қасиеттері-жер бетінің ауданы мен пішінінің, 
ұзындығы мен енінің арақатынасының, градус торларының нақты 
пішінінің сақталу деңгейі мен бұрмалану дəрежесін анықтау тағы 


53
басқа мəселелерді шешу мақсатында қолданылады. Бұл бағытта 
пайдалану глобустың градус торларының қасиеттерін толық 
қарастыруды қажет етеді.
Глобустың меридиандары мен параллельдерінің пішіні, өзара 
орналасуы Жердің градус торларының нақты пішініне сəйкес 
келеді. 
Жердің кішірейтіліп алған үлгісі болғандықтан, ұзындық мас-
штабы глобустың кез-келген бөлігінде бірдей болады. Мұндай 
ерекшелікті 
теңаралық қасиет
дейміз. Егер глобустың масшта-
бы 1:50 000 000 болса, жердің радиусы мен кез-келген бөлігіндегі 
арақашықтық 50000000 есе кішірейтіледі.
Теңаралық қасиетіне байланысты Жер беті мен глобустағы 
меридиандардың ұзындығы бірдей болады. Барлық меридиан-
дар полюсте түйісетіндіктен параллельдердің бойлық бойынша 
ұзындығы экватордан алыстаған сайын біртіндеп қысқарады. 
Көршілес жатқан меридиандар доғасы мен олар қилысатын 
параллельдердің ара-қашықтығы глобустың барлық бөлігінде тең 
болуымен ерекшеленеді. 
Глобустың барлық бөліктерінде ұзындық масштабы тең болған 
жағдайда, барлық бағыттарда ауданның масштабы да тең болады. 
Жердің кішірейтіліп алынған үлгісіне тəн мұндай ерекшелікті 
глобустың 
тең ауданды қасиеті
дейміз. Көршілес жатқан мери-
диандар мен параллельдердің қиылысуынан түзілетін бір ендікте 
жатқан сфералық трапециялардың ауданы жер элипсоидында да, 
глобуста да тең болады. Тең ауданды қасиетке сəйкес глобустың 
кез-келген бөлігіндегі барлық нысандардың ауданы тең болады.
Теңаралық жəне тең ауданды қасиетіне сай глобустағы барлық 
нүктелердің бұрыштары да тең болады. Глобустың бұл қасиетін 
тең бұрышты
дейміз.Тең бұрыштық қасиетке сəйкес глобусқа 
көшіргенде жер элипсоидының кез келген екі бағытының 
көлденең бұрыштары өзгермейді. 
Қорыта айтқанда, барлық картографиялық өнімдердің ішінде 
тек глобус қана теңаралық, тең ауданды жəне тең бұрышты 
қасиетке ие болады. Жер бетінің жазықтықтағы кескіні 
болғандықтан, ешбір географиялық карта аталған үш қасиетке 
бірдей ие болмайды. Сондықтан глобус жер шарымен жалпы 
танысу, оның қозғалысын, жер бетінің негізгі ерекшеліктерін,


54
градус торлары мен координаттар жүйелерін оқып-үйрену, 
нысандардың географиялық орындарын анықтау жəне тағы басқа 
мəселелерді қарастыру барысында қолданылады.
Глобусты орта мектеп географиясымен қатар теңіз жəне əуе 
навигациясында, космонавтикада пайдаланады. Мысалы, ұшақ 
бір қаладан екінші қалаға ұшып бару үшін ұшудың қысқа жолын 
глобусқа белгілеп, жанармайды аз жұмсап, аз уақыт ішінде жетуді 
қамтамасыз етеді Екі нүктенің арасындағы қысқа жол шардың 
бетінде үлкен шеңбердің доғасы, басқаша айтқанда, шардың 
жазықтықпен қилысында түзілетін жəне орталығы арқылы өтетін 
екі нүктені қосатын сызық түрінде болады [3.1-сурет]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет