57
Географиялық карталарда
Жер беті тұтас немесе оның
белгілі бір бөлігінің аумағы кескінделеді. Кескінделетін аумақ
пен картадағы бұрмалану шамасының арасында тікелей
тəуелділік бар. Теориялық тұрғыдан элипсоидтың шектеусіз
шағын бөлігін жазықтықта кескіндеу мүмкіндігі шектеулі бола-
ды. Бұрмаланудың
сипаты проекцияны таңдауға, элипсоидтың
бетін жазықтықта кескіндеу əдістеріне тікелей тəуелді болады.
Глобустан жазықтыққа көшіргенде жер бетінің пішінінің, ауда-
ны мен көлденең бұрыштарының, ұзындықтарының ауытқуын
картографиялық бұрмалану
дейміз.
2.1-суретте көрсетілгендей элипсоидтың бетінен жазықтыққа
өту барысында градус торлары бір-бірінен ажырап немесе
сығылуына байланысты жер бетіндегі нысандардың пішіні мен
ауданы көлденең бұрыштары өзгеріп бұрмаланады [2.2-сурет].
Оларды жою үшін сəйкес келетіндей мөлшерде созу немесе
сығу қажет. Сондықтан географиялық
карталардың жекелеген
бөліктерінің масштабы əр түрлі болуымен ерекшеленеді. Жер
бетінің белгілі бір масштабта кішірейтіліп алынған үлгісі болып
табылатын тек глобустың ғана барлық бөлігінің масштабы бірдей
болады. Осыған орай картадағы шектеулі шағын нүктелердің
өзінің жеке масштабы болады. Цилиндрлі, жалған цилиндрлі
жəне көп конусты проекциямен құрылған дүние жүзінің картала-
рында бұрмалану экваторда ғана болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: