75
тықта жүргізіліп, бірін-бірі перпендикуляр түзу қиып өте
ді.
Мұн
дай цилиндрлік проекциямен құрылған карталардың нөл-
дік бұрмалану сызығы қызметін глобуспен жанасатын экватор
атқарады жəне бұрмалану көрсеткіштері бірдей нүктелерді қоса-
тын
изокалдар
экваторға бағыттас түзу жүргізіледі. Басты бағыт-
тар
а
мен b картографиялық тордың сызықтарына сəйкес келеді.
Бұр малану экватордан алыстаған сайын артады.
Бұл проекциямен картографиялық тор глобустың диаметрінен
кіші цилиндрде де жобаланады. Қосалқы геометриялық жазық -
тық ретінде цилиндрді бағдарлауға қатысты алынатын карто гра-
фиялық торлар қалыпты, қисық жəне көлденең болып бөлінеді.
Қалыпты цилиндрлі торларды
білігі глобустың білігімен
сəйкес келетін цилиндрде,
қисық
торларды білігі глобустың білі -
гін үшкір бұрыш жасап қиып өтетін көлбеу цилиндрде, ал
көлде-
нең торларды
глобустың білігін түзу бұрыш жасар қиып өтетін
цилиндр де құрады [2.13-сурет].
2.13-суретте көрсетілген цилиндрлі проекцияның əр түрлі
нұсқаларының картографиялық торларының жалпы көрінісі,
нөл дік бұрмалану сызықтары (НБС) кескінделген. Жанасатын
қа
лыпты цилиндрде құрылған картографиялық торда нөлдік
бұр малану сызығы қосалқы геометриялық жазықтық глобуспен
жана сатын экваторда түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: